1-дәріс. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде


Технологиялық картаның жұмыс істеу құрылымы



бет20/57
Дата11.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#136985
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Байланысты:
дәріс-1

Технологиялық картаның жұмыс істеу құрылымы

Технологияда оқу үдерісін жобалаудың толық жəне бөлшектелген көрінісін технологиялық картадан көруге болады. Технологиялық карта 5 бөліктен тұрады: мақсат қою, болжам, үй жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.
Технологиялық картаның əр бөлшектері қандай жұмыс атқаратынын қарастырайық.

      1. Мақсат қою. Берілген тақырыпқа қойылатын білім стандарттарының талабын жүзеге асырып жүрген бағдарлама мазмұнын талдай отырып, шағын мақсаттар қарастырылады. Тақырыптар көлеміне жəне оның күрделілігіне байланысты шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке бейін болуы мүмкін. Арнайы технологиялық ұйғарым бойынша əр шағын мақсатқа сəйкес өзіндік жұмыс құрастырылады.

      2. Болжам. Бұл өзіндік жұмыстардың, яғни болжамның, ерекшелігі мынада: тексерудің жəне оқушылардың жетістіктерін бағалаудың қарапайымдылығы. Болжам екі түрлі тапсырма- дан тұрады: білім беру стандарты деңгейіндегі тапсырма жəне тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1- жəне 2- тапсырмалары стан- дарт деңгейімен сəйкес қарастырылады, ал 3-ші тапсырмада «жақсы» деген бағаға сəйкес, 4-тапсырмада «өте жақсы» деген бағаға сəйкес тапсырмалар беріледі.

      3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу. Егер үй тапсырмасын мөлшерлегенде біраз ақаулар жіберілсе, ол болжам кезінде көзге бірден түседі. Мұғалім осыған сəйкес түзету жүргізуі керек. Үй жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады.

  1. деңгей. Болжамның 1-ші, 2-ші тапсырмасына.

  2. деңгей. Болжамның 3-ші тапсырмасына.

  3. деңгей. Болжамның 4-ші тапсырмасына сəйкес болуы керек.

      1. Логикалық құрылым, оқу тақырыбына байланысты əр шағын мақсаттарды меңгеру үшін. Оқушыға қанша уақыт керек екенін, бол- жамды, түзетуді қайталауды, қай кезде өткізу керектігін жоспарлай- ды. Яғни, мұғалім өзінің əдістемелік тұжырымдарына сүйене оты- рып, оқу үдерісін тұтас жəне логикалық көрнекті модельге көшіреді.

      2. Түзету. Түзету негізгі үш бағытта жүргізіледі:

  1. Жаңа оқу материалын меңгеру кезіндегі оқушыларға тиетін қиындық.

  2. Оқушылардың жұмысында жиі жіберілетін қателіктер.

  3. Оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізетін педагогикалық əдістер жүйесі.
    Технологиялық карта нəтижесі əр болжамнан кейін тексеріліп, талдау жасауды қажет етеді, яғни интеграция жүзеге асырылады.

Оқу үдерісін педагогикалық технология тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құралады. Технологиялық картаның құрамды бөліктерін жəне олардың атқаратын қызметтерін қарастырайық.

  1. Технологиялық карта негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау.
    Мақсатты нақты жəне анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі сұрағын анықтай білу, мұғалімнің əдістемелік шеберлігін көрсетеді. Қойылатын мақсат мұғалімге жəне оқушыға ұғынықты түрде ықшам əрі түсінікті болуы қажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалім болашақ оқу үдерісін мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін оның білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде берілуі керек.

Ілгеріде қойылатын мақсат саны тақырып көлеміне қарай 2-5 аралығында болуы керек дегенбіз. Оның себебі мақсат ұсақталып, көбейген сайын оның нақтылығы азайып алғашқыларының мəні жойыла бастайды.
Мақсат қою технологиясы жəне педагогтың əдістемелік жұмысының мақсаттылығы оқу тақырыбындағы əрбір сабақтың мəнділігін арттырады, сабақтың нəтижелігіне жəне мазмұндылығына мұғалімнің, сол сияқты оқушының да жауапкершілігін арттырады, осы сабақтағы берілген мақсаттың меңгерілуіндегі орнын нақтылай түседі, ал бұның барлығы жобалаудан, технологиялық картадан басталады.

  1. Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейінгі жұмыс осы қойылған мақсаттарға байланысты оқушылар білімін болжау жұмысын құру.
    Біз бірінші рет оқушыға жеке тұлға ретінде қараймыз, себебі оқушы өз деңгейін өзі таңдайды, яғни өзінің білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар мөлшерін таңдап алады. Болжау деп отырғанымыз оқушылардың қойылған мақсатты меңгеруін анықтауға арналған өздік жұмыс.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет