1-дәріс. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде


Бірінші – қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін болатын қиындықтар. Екінші



бет22/57
Дата11.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#136985
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Бірінші қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін болатын қиындықтар.
Екінші – өтілетін тақырып бойынша оқушыларда жіберілетін негізгі қателіктер.
Үшінші – оқушы білімін стандарт деңгейіне көтеру үшін педагогикалық жəне əдістемелік түрдегі іс-шаралар.
Технологиялық картада неше мақсат болса, сонша түзету жұмысы болады, яғни осы аталған үш жағдай əр мақсат үшін жеке- жеке жазылады.
Технология негізінде жобалаудың келесі кезеңін, жобаның негізгі ойын жүзеге асыратын сабақтың ақпараттық картасын (САК) дайындау. САК технологиялық картадағы көрсетілген шағын мақсаттарды, ондағы сағат санына байланысты жіктеп жазуға арналған. САК-да оқу материалының толық мазмұны, сабақтың мақсаты мен міндеттері, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нəтижесі, оқыту құралдарын қолдану кезеңдері қарастырылады.
3-сұрақ. Технологиялық карталау негізі
Шын мəнінде технологиялық карталардың сипаттамасы мұғалім мен оқушылардың іс-əрекеттерін (мақсатқа жету, ұйымдастыру, бақылау жəне реттеу іс-əрекеті) суреттей келе, технологиялық жобалау мен құрастыру деңгейінде білім беру үдерісін елестету болып табылады. Технологиялық карта оқу іс-əрекетін басқарудың негізі болып табылады. Педагогикалық əдебиеттерді зерттеп қарағанда, қазіргі заманғы оқыту үдерісінде басқару мақсатының, олардың жетістікке жету əдістері мен тəсілдерінің бір-бірімен байланыстылығы жеткіліксіз жасалынған. Атап айтсақ, мысалы, 3 кестеде (В. С. Кукушкинаның классификациясы бойынша) таңдау жетістіктерін анықтайтын, олардың 16 түрлі себебін ескеруді қажет ететін, мұғалім тарапынан берілетін оптималды оқытудың əдіс- тəсілдерін жоспарлау үдерісі көрсетілген.
1-кесте
В. С. Кукушкина бойынша оқыту əдістерін таңдауға əсер ететін себептер тізімі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет