Осы кестенің талдауы, оқыту əдістерінің оптималды таңдалуына көрсетілген себептерінің сəйкес келуі негізінде жатқаны көрсетілген. В. С. Кукушинаның ойы бойынша, осы кестенің авторы – қазіргі таңдағы оқытудың көптеген жағдайларда теориялық білімге көп ықпал ету əдістеріне сүйене отырып, олардың қолдануға болатын мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, автор ескертеді: шын мəнінде үнемі алдынала болжанбаған кездейсоқтық əсер етеді. Оқытудың сапасын төмендететін объективті себеп-салдары болып табылатыны алдынала болжанбаған салдарлар мен кездейсоқтықтардың санының өсу дəрежесі, өз коэффициенттерінің шегі мен азаюын көрсетеді. Нақты айтқанда, мұғалімге – оптималды əдістерді ешбір сəтті нəтижелі кепілдіксіз таңдауды міндеттеме жүктеледі. Бұл мəселелер тудырып, қарама-қайшылықтарды, бір жағынан оқытудың талап ететін сапасын көрсетеді, екінші жағынан тұрақты нəтижені алудың əсерлі тəсілдерінің жоқтығын көрсетеді. «БжС» технологиясында осы аталған мəселелердің барлығы да технологиялық карталар арқылы шешіледі. Онда №1 кестеде көрсетілген сабаққа қойылатын талаптардың барлығы да қоса қамтылған мəселелерді шеше алады. Сонымен, үнемі жаңғыртылған жəне тұрақты нəтижеге жетуге болады. Мұғалімнің сабаққа деген минималды уақытпен дайындалған, кез келген сабақты аса жоғары сапамен өткізуге мүмкіндік беретін барлығы 11 технологиялық карта құрылған.