1-дәріс. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде



бет44/57
Дата11.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#136985
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Байланысты:
дәріс-1

Интербелсенді оқыту – бұл танымдық қызметті ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол əбден нақты əрі болжамды мақсаттарды білдіреді. Мұндай мақсаттардың бірі – тыңдаушы өзінің ақыл-парасатының толымдылығын сезінетіндей қолайлы жағдай жасау, бұл оқу үдерісінің өзін өнімді етеді.
Интербелсенді əдістер оқу қарым-қатынастары ортасын құрады,
Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы үлгісі.
Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ əр ұстазда түрліше болып шығады. Кез келген сабақтың анық мақсаты болуы керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай классификациялайды.
- жаңа сабақ өту;
- дағды мен біліктілігін қалыптастыру жəне дамыту;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;
- оқыту жəне білімді жүйелеу;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау жəне коррекциялау;
- кіріктірілген сабақ.
Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай жəне қандай əдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.
Қорыта келгенде, бүкіл оқыту барысында оның əртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай əрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана практикада қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИОТ-ң бүтіндік принципі бұзылады: бұл үдеріс əртүрлі технолгиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда əсерлі болады.
2-сұрақ. Нысаналы оқыту технологиясы
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге келіп, білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-түрлі реформалар жасалуда.
Оқыту формасы бұрынғы білім беруді ғана негіз еткен дəстүрлі оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс- əрекетін басты форма етіп отыр.
Іс-əрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара əсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім оқыту мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс- əрекетін мұқият жоспарлауға көшті жəне оқушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі əдістерін қолдануда.
Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы болмағандықтан оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын емес. Ұл оқушылардың білім алу сапасына ықпал етпей қоймайтыны сөзсіз.
Сондықтан қазіргі сыныптық оқытуға үйлесетін, оқушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастыруға икемді.
Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүниежүзі бойынша тəлім-тəрбие саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған технологиялардың бірі.
Қазірде бұны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген дамыған елдер өздерінің білім беру саласында кеңінен қолданады. Нысаналы оқыту технологиясы АҚШ педагог жəне психолог Блумның «Тəлім- тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «игеріп оқу» теориясы негізінде қорытындыланып жасалған.
Анығырақ айтқанда, нысаналы оқыту дегеніміз оқыту мазмұнын нысаналандыру, жүйелендіру, ғылымиландыру жəне оны игерудің əдіс-тəсілдерін жүзеге асыру, сол арқылы оқыту сапасын жан-жақты көтеру мақсатына жету деген сөз.
Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның
«Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «Игеріп оқу» теориясына қысқаша тоқтала кеткен жөн.
I. «Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы. Адам өмірінде істелуге тиісті қандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші болмасын қандай да бір нысынаға жетуді көздейтіні ақиқат. Дəл сол секілді оқыту жұмысы да белгілі оқыту нысанасына жетуді мақсат ететіні шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі тəрбиелеп отырған оқушының болашақта қандай жетістікке жетуін, қандай адам болу керектігін алдын ала анықтап алуы қажет. Осы тұрғыдан келіп, оқыту нысанасын Блум: таным саласындағы нысана, сана-сезім саласындағы нысана жəне əрекет шеберлігі (қабілет) саласындағы нысана деп үш салаға бөледі.
Таным саласындағы нысана дегеніміз оқушының үйренген білімін есте сақтау жəне қайталау барысындағы ақыл-парасат пен қабілеттің калыптасу нысанасын, яғни білім алу мен қабілетті дамыту жағындағы нысананы көрсетеді.
Сана-сезім саласындағы нысана қызығушылық, мінез, құндылық көзқарасы, сондай-ақ бейімділік қабілеті жағындағы нысананы, яғни ақыл-парасатқа жатпайтын факторлар жағындағы нысананы көрсетеді.
Іс-əрекет шеберлігі саласындағы нысана дегеніміз – меңгеру жəне əрекет шеберлігі жағындағы нысананы көрсетеді.
Блумның еңбегі оның оқыту нысанасын белгілі өлшем бойынша тəртіпті түрде жүйелеп айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан көрінеді, Ол бұны АҚШ-тың тəлім-тəрбие ісіне мұқият зерттеу жүргізу аркылы қол жеткізді, əрі бұл еңбегі Блумның əлемдегі атағын да асқақтата түсті.
Бұрын жұрт бір адамның үйрену жағдайын тексергенде оның тек алған біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның таным саласындағы нысанасы бес жақты (түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтиды, яғни оқушылардың əр түрлі қабілеттерін жетілдіру нысанасын алға қояды.
Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінің білім беру саласы осы көзқарасты ұстанып, оқушылардың қабілетін жан-жақты тəрбиелеуді дəріптеп келеді. Білім теориясы оқушыны бағалаудың ортақ мойындалған өлшемін де ортаға қояды.
Бұл өлшем мұғалімдердің өзара тəжірибе алмасу қызметі мен бағалау қызметін де алға бастырады.
Сөйтіп, бағалаудың айқын нысанасы орнатылды. Блумның таным саласындағы оқыту нысанасы бүгінгі күні көптеген елде оқытуды бағалау мен оқулық жасаудың негізгі іргетасына айналды.
ІІ. «Игеріп оқу» теориясы. «Игеріп оқу» теориясы дегеніміз сыныптық оқыту кезінде үздіксіз кері байланысқа шығу жəне дер
кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті үйрену уақытын беру жəне көмектер көрсетіп отыру, сол арқылы көп санды оқушылардың оқулық нысанасы белгілеген өлшемге жету тұрғысындағы теория.
Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:
- оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу;
- оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, көп санды оқушылардың жақсы үйренуіне көмектесу.
«Игеріп оқу» теориясы өте өнімді оқыту тəсілі болып саналады, оның ең өзекті мəселесі – көп санды оқушылардың айтарлықтай үйрету нəтижесіне жете алмауы олардың ақыл-парасат жағындағы кемістігінен емес, қайта, өз ерекшеліктеріне сай келетін үйрену уакыты мен оқыту көмегінің жетіспеуінен болады, егер мектеп оларды лайықты үйрету шарт жағдайымен қамтамасыз ете алғаны, басым көпсанды оқушылар оқытқан нəрселерді игере алады, оқытудың міндеті тек қана оқушыларға оқыған пəнін игеруге қажетті материалдармен қамтамасыз ету деп қарайды.
«Игеріп оқу» теориясының іс жүзіндегі маңызын мынадай бірнеше жақтардан көруге болады:
1. Мұғалімнің оқушы үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне мүмкіндік береді. Əрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына сендіреді, мұғалім де оқыту үміті, оқушы да оқу сенімі болады.
2. «Игеріп оқудың» сəтті болу-болмауы оның «кері байланыс пен толықтыру» барыстарының сəтті орындалу-орындалмауына байла- нысты. Блум: дəстүрлі сыныптық оқытудағы ең басты қайшылық
– біртұтас оқыту мен жеке қажеттілік арасындағы қайшылық, бұл қайшылық кей оқушылардың үйрену қызығушылығын жояды, ал дербес оқытудағы «дер кезінде кері байланыс орнату, толықтыру, үйренуді дұрыс жолға салуды» сыныптағы оқытуға шеберлікпен қолданса, қызықты оқыту ортасы қалыптасып, біліміне қарай оқыту, барлық оқушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту сапасын жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды.
«Игеріп оқу», «Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теория- сы анықтаған оқыту нысанасына сай жүргізіледі. Бұл мұғалімнің оқытудағы сұрақ қою, түсіндіру, жаттығу орындату, тексеру жүргізу барысындағы білім мен біліктік қатынасын толық меңгеруге, қателіктерден сақтануға немесе түзетуге, оқушылардың ұқсамаған сатыдағы үйрену өресіне жетуіне пайдасын тигізеді.
4. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға балдық жүйе бойынша баға беру ғана емес, қайта олардың үйрену белсенділігін жоғарылату құралына айналдырады.
Бұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға қысым түсіру емес, қайта, табысқа жетудің шаттығын сыйлайды.
5. «Игеріп оқу» теориясы оқушылардың үйрену барысындағы жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, əсіресе оқуда нашар оқушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дəмін татуға көмектесуге ерекше мəн береді.
Нысаналы оқыту барысы:
1. Байқап көру жəне толықтау барысы. «Байқап көру» дегеніміз оқушылардың жаңа білімді үйренуге қажетті даярлық білімін тексеріп көру деген сөз. Толықтау дегеніміз – байқап көру негізінде анықталған кемшіліктерді түрлі формалармен (оқулықты оқыту, өзара пікір алмасу, түсінік беру) толықтыру барысын көрсетеді.
Оқыту мазмұны жалғастылыққа ие болатыны белгілі. Жаңа білімді үйрену оқып кеткен білім негізінде, оқушының тырысып үйренуі арқылы орындалады, басқаша айтқанда, белгілі бір жаңа білімді игеру үшін, сөзсіз даярлық шарты болуға тиісті.
Блумның көзқарасы бойынша, оқушының игерген білімі оның жаңа үйренуіне 50% (пайыздық) ықпал жасайды. Міне, бұл оқушының үйрену нысанасына жету-жетпеуі оның алған біліміне байланысты екенін көрсетеді.
2. Нысананы көрсетіп түсінік қалыптастыру. Нысаналы оқытудың ең басты ерекшелігі оқыту нысанасын белгілеп, оны оқыту мазмұнының темірқазығына айналдыру.
Жаңа сабақтың нысанасы оқушыға айқын болғаннан кейін бүкіл бір сағаттық оқу қимылы сол темірқазықтың төңірегінде өрбиді.
Оқыту нысанасы мұғалім мен оқушының оқыту жəне оқу қимылының əрі шығар жері, əрі тиянақтар жері болады.
Мұғалім мен оқушыда ортақ нысанаға жету сезімі болғандықтан, сыныптағы оқыту үйлесімді де саналы түрде реттеліп, оқыту мен оқу өзара сəйкестік табады.
Оқыту нысанасы жаңа сабақты бастаған кезде немесе оқыту барысында жеке-жеке көрсетілуі қажет.
Нысананы қосымша тақтаға алдын ала жазып əкеліп көрсетуге де, сабақ үстінде жазып көрсетуге де немесе бейнемагнитофон, кодоскоп арқылы көрсетуге де болады. Нысананы көрсету уақыты əдетте 1-2 минуттан аспауы керек.
3. Нысанаға жету. Жаңа сабақ өткізу – сынып оқытуының ең өзекті мəселесі. Ол алдын ала жоспарланады да, нысанаға мұғалім мен оқушы болып ортақ қимыл арқылы қол жеткізеді. Бүған əдетте 19-20 минуттай уақыт кетеді.
Нысаналы оқытуда нысана белгілеу, бағыттау жəне бағалау сынды барыстар бүкіл оқыту кимылының негізі болады. Сондықтан мұғалім оқыту барысында саналы түрде оқушыларды нысанаға карай жетектеп, нысана төңірегінде үйренуді ұйымдастыру арқылы нысанаға жету үшін белсенді түрде ортақ қимылдауы қажет. Бұл нысаналы оқытудың дəстүрлі оқытудан басты айырмашылығы болып табылады.
Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі – кері байланыс пен толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан аяқ қайталанып отыруы. Кері байланыс пен толықтыру сəтті жүргізілсе, оқыту барысында жасалған əрбір қадамның нəтижелілігін тексеріп, мұғалім мен оқушының уақытын үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады.
Сондықтан кері байланыс пен толықтыру оқыту барысын меңгеру мен үздіктендірудің маңызды құралы болып саналады.
Оқыту нысанасының нақты мазмұнына жету мəселесіне келетін болсақ, оған жаңа сабақ өту барысында əр түрлі оқыту формаларын пайдаланып жетуге болады. Мысалы, «түсіну» мазмұнында оқушыларға оқуға тиісті мазмұнды көрсету, оқыту, түсіндіру арқылы «түсіну» нысанасына жетуге болады; «есте сақтау» мазмұнында оқушыларға лайықты уақыт бөліп оқытып, одан соң сұрақ қойып жауап алу арқылы «есте сақтау» нысанасына жетуге болады; «игеру» мазмұнында оқушы түсінігін қиындық туғызатын мазмұнды мұғалім бір жағынан түсіндіріп, бір жағынан талқылап, жинақтап, қорытындылау формаларымен нысанаға жетуге болады; «қолдану, талдау жəне жинақтау» нысанасына оқушыларға нақты сұрақтар қою, жаттығулар мен есептер беру арқылы жетуге болады.
4. Оқушы өзінің алған білімін мұғалім көрсеткен нысанаға салыстыру арқылы жүйелеп есте сақтайды.
Мұғалім бұл барыста оқушының ұғымды түсінуіне, қателескен жерін түзеуіне көмектеседі жəне оқулықтың қай бөлігін тиянақтап оқу керектігін, қосымша қандай материал қарау керектігін көрсетеді. Əдетте бұған минуттай уақыт беріледі.
5. Нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру. Оқушылардың нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру үшін мұғалім əр түрлі сұрақтар қойып, жауап алу немесе сынақ жүргізуі, егер олқылықтар байқалса, толықтырулар жасауы қажет. Əдетте бұған 5 минуттай уақыт кетеді. Тапсырма беру. Берілетін тапсырма оқушылардың осы сабақтан алғаш білімін бекітумен бірге, келесі сабаққа тікелей көмегі тиетін, даярлық негізіндегі тапсырмалар болу керек. Бұған əдетте 1-2 минуттай уақыт ажыратылады.
Қорыта келгенде, «Нысаналы оқыту технологиясы» қазіргі заманғы оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп үйрену жəне өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жақсы үйлеседі. Бұл оқыту технологиясының дəстүрлі оқытудан басты ерекшелігі де, басты айырмашылығы да осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет