2-сұрақ. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде əжептеуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мəскеуде дамыта оқыту халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті – академик В.П.Зинченко.
Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша Мəскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі – дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин Данил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович.
Бұл ғылыми бастама 1959 жылдан бері ғалымдар назарында. Содан бері түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Қазіргі кезеңдегі ғалымдар пікірлеріне назар аударайық.
Академик В. П. Зинченко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл аударар бағыты – теориялық ойластыру деп санайды жəне бұл құрғақ дəмсіз білімдер болмау керек. Керісінше, ол қоршаған əлемнің көрінісі болып, сана-сезіммен түбегейлі қабылданып, түп-түбіріне дейін дейін танып-білінуі тиіс.
Профессор Б. Д. Эльконин пікірі бойынша: дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең жəне көріп-білудің жаңа тəсілін игергендер көзге түседі, яғни дүние жəне адамтану үдерісі баланың сол үдеріспен толық шұғылдануы жəне қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі – дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру.
В. С. Лазаревтің ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін əбден жаңа типті мектеп қажет, сондықтан педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.
Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю. В. Громыков қолдайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар.
А. Б. Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті, белсенділігі, жауапкершілігі жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер- жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мəскеу, Санкт- Петербург, Харьков, т.б. қалаларында Давыдов пен Элькониннің, Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тəрбие үдерісінде қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде, əсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс айтарлықтай əлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нəтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін осылай істе деген ұстаным бойынша танымал жəне тəжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.
Дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауды үйренуге машықтандырады, теориялық мəселелерді практикада қолдана білуге баулиды, шығармашылық ізденіс əдістерін игеруге көмектеседі.
Əлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л. С. Выготский- дің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин жəне Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған əдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте əр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.
Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыта оқытудың мақсаты ма, əлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген жəне тұлға дамытудың өзіне тəн түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері жəне көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тəлім-тəрбие беру үдерісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, əр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан əсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі əдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту – білім беру мекемесінің əрбір
сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте жəне мектептен тыс іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар болашаққа болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның қалыптасуына, біртұтастығына жəне бөлек бөліктеріне позитивті өзгерістер енеді.
Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті, объекті) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т.б.) оқытуға негізделеді.