1-дәріс. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар оқу пәні ретінде


-сұрақ. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы



бет51/57
Дата11.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#136985
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Байланысты:
дәріс-1

2-сұрақ. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пəнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы – əлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология ретінде ең озық əдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нəтиже шығара білу – əрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибелеріне енгізілуде.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сыни тұрғыдан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс емес. Бастауыш сынып оқушыларының да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сыни ойлау – өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан жəне шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Бұл технология мұғалімдерді несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ-жауап ретінде көрсетейік.
Сын тұрғысындан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мəселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мəселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
«СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің
/стратегияларының/ көптігімен.
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
«СТО-ды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?
• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы
/қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/.
• Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы.
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
«Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:
1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
3. Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін
тыңдау.
4. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
• Қызығушылықты ояту ( «көпір жасау», ой қозғау);
• Мағынаны тану (мағынаны ажырату);
• Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады).
Білім берудің маңызды шарты оқу үдерісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту. Үйрену үдерісі – бұрынғы білетін жəне жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мəселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы əсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау»,
«Əлемді шарлау», т.б. деген аттары бар əдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-əрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсыр- малар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу бары- сында V – «білемін», ― - «мен үшін түсініксіз», + - «мен үшін жаңа ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір əңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мəнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау сал- дарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға əзірленеді. Бұл əрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үдерісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен əсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың əр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Əр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар əр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нəтижелерге кол жеткізеді:
• оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
• басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен жəне түсіністікпен қарауға үйретеді;
• өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
• керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;
• ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге
ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.
Жоба 60-қа жуық стратегияларды қолданылатын стратегияларға түсінік берейік.
Джиксо – ұжымдық оқыту əдісі. Мақсаты – жалпы мəселені ал- дымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда əрбір оқушы бір сəт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі ар- тады.
Əдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мəтінді түсіну қажет екендігі
ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мəтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мəтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мəтінді тұтас түсіну əр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тəртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Оқушылардан дəптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мəтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына сол жағына мəтіндегі қатты əсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол əсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар, т.б.)
Əр оқушы мəтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған əзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
- Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
- Автор оқырманды қалай қызықтырады?
- Кейіпкерлердің іс-əрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде. Бұл əдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, əдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мəтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл əдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған əсерін, не үйренгенін, нені əлі де біле түсу керек екенін, т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл əдісті кез келген сабақта қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет