4
қатынасы жақсарады, сезімдерін сыртқа шығаруды үйренеді, мінездерінде батылдық,
әділдік, мейрімділік, өз-өзіне сенімділік сапалары қалыптасады.
5. Психотренинг –бұл да қолданбалы психология ғылымының белсенді әдістерінің
бірі. Басты мақсаты- қарым-қатынас іскерлігін дамытуға, сезімталдықты жетілдіруге және
мінез-құлықты реттеуге бағытталған.
Педагог-психолог маманның iс-әрекетi әлеуметтiк ортаның әлеуметтiк-мәдени
жағдайын оңды өзгертуге мақсатты түрде педагогикалық тұрғысынан ықпал етуі. Ортаны
гуманизациялау мен педагогикаландыру – бұл әлеуметтiк педагог iс-әрекетiнiң рухани-
адамгершiлiк негiзi мен мақсаты. Демек, педагог-психологтың алдына төмендегідей
мақсат қойылады:
баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай
жасау;
оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу;
педагогикалық
ұжыммен,
дәрігерлік
қызметпен,
әлеуметтанкшылар,
дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста болу;
Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық
саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына әсер ету және ортада қолайлы
микроклимат қалыптастыру.
Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол
кәсіпті бірінші өзі жете түсінуші маман болу қажет, және де кәсіп туралы мағлұматтары
мен кәсіби даярлығының болуы шарт. Себебі педагог-психолог маманының адаммен
қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу
қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және
адамдармен араласқанда оларды өзіне қарата алушылық және сөзіне иландыра алу,
ұйымдастырушылық қабілеті болуы тиіс. Осыған байланысты педагог-психологтың
атқаратын қызметі мынадай болып жіктеледі:
Достарыңызбен бөлісу: