6
2. Таксика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау,
сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді;
3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын
зерттейді.
Адамдардың өзара байланысында келесі арақашықтық зоналары белгіленеді:
Интимді зона
(15-45 см). Бұл зонада тек өте жақын адамдар болады. Олар бір-біріне
сенімді болады, тактильді байланыс орнатады, тыныш, ақырын дауыспен сөйлейді.
Зерттеулердің көрсетуі бойынша, интимді зонаның бұзылуы ағзадағы әр түрлі
физиологиялық өзгерістерге әкеледі. Мысалы, жүрек қағысының жылдам болуы,
адреналиннің тым көтерілуі, қанның басқа шығуы, т.б.
´зіндік немесе персоналдық зона
(45-120 см) достар мен әріптестер арасындағы
қарапайым әңгімелесу кезінде болады, визуалды-көру байланысы орнатылады;
°леуметтік зона
(120-400 см), әдетте, ресми кездесулерде, мұғалімдер немесе басқа да
жұмыс бөлімдерінде бірін-бірі жақсы танымайтын адамдар арасында болады;
Публикациялық зона
(400-ден жоғары) үлкен топпен қарым-қатынаста орнайды,
мысалы, митинг, дәріс аудиторияларында, т.б.
Мимика
– адамның ішкі эмоционалды күйін білдіретін бет-әлпет бұлшық еттерінің
қозғалысы. Мимика адамның көңіл-күйі туралы нағыз, дәл ақпарат береді. Ақпараттың 70
пайызынан көбін мимикалық көріністер береді, яғни адамның көзқарасы, қасы, ерні,
мұрны оның айтқан сөздеріне қарағанда көп мәлімет береді.
Адам көзқарастарының түрлері:
Кәсіби -
адамның көзі басқа адамның маңдайына бағытталады, бұл қарым-қатынастың
жақсы атмосферасының орнауына әсерін тигізеді;
Ауқатты қауым
– адамның көзі басқа адамның көзінен төмен ерінге дейінгі жерге
бағытталады;
Интимді
– адамның көзі басқа адамның көзіне емес, бетінен төмен кеудесіне дейін
бағытталады.
Көз, қас, маңдай, мұрын, ауыз, ерін, иек адамның негізгі эмоцияларын көрсетеді:
қуану, қайғыру, қорқу, мұңаю, таң қалу, қызығу, т.б. Адамның нағыз сезімін байқауда ерін
мен қастың маңызы зор.
Ым-ишара
қарым-қатынас барысында көп ақпарат береді.
Ым-ишараның негізгі түрлері:
Иллюстраторлық ым-ишаралар - мәлімет беретін ым-ишаралар: белгілер, пиктография
- суреттердің бейнелері, кинетография – денемен қозғалыс, идеографтар - ойдағы
заттарды біріктіретін қолдардың қозғалысы. Мысалы, “мынадай” деп заттардың көлемін,
формасын көрсету
Достарыңызбен бөлісу: