13
процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
«Технологиялық білім»
термині
жиырмасыншы ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал –
жабдықтарға (үнтаспа, телевизор және т.б.), сол сияқты оқу процесінде техникалық құрал
– жабдықтарға байланысты қолданылып келген. 50-60 жылдары «Технологиялық білім»
термині бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық процесте әдіс -
тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған.
Ақпарат – ғылым
теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау,
түрлендіру және сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод
Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнәрсе туралы алған анықталмағандығы
тұрғысынан қарайды.
Тағы бірнеше анықтамаларды келтірейік:
Ақпарат — бұл қоршаған ортаның объектілері және құбылыстары,
олардың
параметрлері, қасиеттері мен күйлері туралы, олардағы анықталмағандық дәрежесін,
білімнің толық еместігін кемітетін мәліметтер (Н.В. Макарова);
Ақпарат —бұл энтропияны жоққа шығару (Леон Бриллюэн);
Ақпарат — бұлқұрылым күрделілігінің өлшемі (Моль);
Ақпарат — бұләртүрліліктіңбейнеленуі (Урсул);
Ақпарат — бұлбейнелену үрдісініңмазмұны (Тузов);
Ақпарат — бұл таңдау ықтималдығы (Яглом).
Ақпарат туралы қазіргі ғылыми ұғымды кибернетиканың "әкесі" Норберт Винер өте
дәл айқындап берді. Нақтырақ айтқанда: Ақпарат — бұл біздің оған деген
бейімделуіміздің және біздің сана сезіміміздің оған бейімделуінің нәтижесінде сыртқы
әлемнен алынған мағлұматтардың белгіленуі.
Адамдар хабарламалар түрінде ақпараттармен алмасады. Хабарлама — бұл
ақпараттардың әңгімелер, мәтіндер,
қимылдар, көзқарастар, бейнелеулер, сандық
мәліметтер, сызбалар, кестелер және т.б. түріндегі формасы.
Бір ғана ақпараттық хабарламаның өзі (газеттегі мақала, хабарландыру, хат,
жеделхат,
анықтама, әңгіме, сызба, радиотаралым және т.б.) әртүрлі адамдар үшін –
олардың алдыңғы білімдеріне, бұл хабарламаны түсіну деңгейі мен оған қызы
ғушылығына
байланысты әртүрлі мөлшердегі ақпараттар мазмұнына ие болуы мүмкін.
Айталық, жапон тілінде құрылған хабарлама бұл тілді білмейтін адам үшін
ешқандай жаңа ақпарат әкелмейді, бірақ жапон тілін білетін адамға құнды ақпарат
болуы мүмкін. Сол сияқты таныс тілде жазылған хабарламаның өзі егер оның мазмұны
түсініксіз немесе бұрыннан таныс болса ешқандай жаңа ақпарат бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: