Жоғары қозғалыс шеберлігі. Қимыл дағдысының жетілу үрдісі шексіз болып келеді. Оның негізгі міндеттері – оқушыны тұрмыс, еңбек, спорттық әрекет дағдыларын еркін меңгеруге үйрету. Дағдының тәжірибелік құндылығы осында. Егер оқушы спорт залда секірген биіктіктен, табиғи ортада секіре алмаса, ол дағдының тәжірибелік құндылығы болмайды.
Сонымен жоғарғы қозғалыс шеберлігі дегеніміз – қалыптасқан қимыл дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік, әскери әрекеттер). Жоғары қозғалыс шеберлігі – үйрету үрдісінің соңғы межесі. Алға қойған міндеттерді орындау үшін, қимыл дағдысын мынандай жолмен жетілдіру керек:
- жаттығуды орындау техникасының даралығы;
- қимыл дағдыларын меңгерудің нұсқауларын меңгеріп көру;
- меңгерген қимыл дағдысын әр түрлі қозғалыс әрекеттерге пайдалану шеберлігін меңгеру;
- өзгерген әрекет жағдайына сай ауысып, бейімделе білу қабілетін меңгеру;
- жаңа қалыптасқан дағдыны ерте меңгерген дағдымен әр түрлі бірлік таба қолдану шеберлігін меңгеру.
Қимыл дағдысын жетілдіру әр түрлі оқу әдістерінің көмегімен іске асырылады. Оның ішінде жетекші орынды ойын және тұтас үйрету әдістері алады. Қатені түзету немесе қозғалысты орындау техникасына өзгеріс енгізу керек болса, бөлшектеп үйрету әдісі қолданылады.
№ 5 ДӘРІС.Дене тәрбиесінің әдістері
Жоспары:
1. Әдістемелік тәсіл. Дене тәрбиесіндегі әдіс түрлері мен қолданылуы.
2. Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: а) қатаң шектелген жаттығулар әдістері; ә) ойын әдісі; б) жарыс әдісі. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: а) сөзді қолдану әдістері; ә) көрнекілікті қолдану әдістері.
№ 5.1. Дене тәрбиесінің тәжірибесінде әдістер қаншама көп болғанмен, оның бәрі жан-жақты пайдаланыла бермейді. Сондықтан олардың анықтамаларын білу, біздің дұрыс бағыт алуымызға, әр түрлі міндеттерді орындауға тиімді әдістерді таңдауымызға көмектеседі. Әр түрлі жаттығушылар тобымен әр қилы жағдайда белгілі бір міндеттер орындау үшін дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану, пайдалану жолын дене тәрбиесінің әдістері дейміз. Мысалы, қайталау әдісі, үйрету әдісі. Әрбір әдіс өзінің құрамына кіретін әдістемелік тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Нақтылы үйрету міндетіне сәйкес жаттығуларды орындауды әдістемелік тәсіл дейміз. Мысалы, үйрету әдісінің көрсету тәсілдері: жаттығуларды айла-тәсілмен көрсету, керекті қарқынды түрде немесе баяу қарқында көрсету т.б. Әдістемелік тәсілдер көп. Олардың бірі ескіріп, жоғалып жатса, екіншісі өзгеріп, ал келесі біреулері мұғалімнің ізденісімен өмірге келіп жатады. Сабақ беру деңгейінің әр түрлілігі мұғалімнің осы әдістемелік тәсілдерді көп білуіне, кеңінен қолдануына байланысты.
«Әдіс» деген түсініктен біз «әдістеме» түсінігін ажырата білуіміз керек. Әдістеме деп дене тәрбиесі үрдісінде белгілі бір нәтижеге жету жолына бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады.
Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактикалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді.
Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: а) қатаң шектелген жаттығулар әдістері; ә) ойын әдісі; б) жарыс әдісі.
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: а) сөзді қолдану әдістері; ә) көрнекілікті қолдану әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |