1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары


Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардыңжас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мендене дайындығы



бет46/71
Дата31.12.2021
өлшемі195,76 Kb.
#22857
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71
Байланысты:
физкультура рефераты

Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардыңжас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мендене дайындығы

Биологиялық белгілеріне байланысты мектепке дейінгі балалардың жастары мынандай кезеңдерге бөлінеді:

1. Жаңа туған сәби – алғашқы 1 айға дейінгі уақыты.

2. Емшектегі сәби – 1 айдан 1 жасқа дейінгі уақыт.

3. Балбөбек немесе ясли жасы кезеңі – 1 жастан 4 жасқа дейінгі уақыт.

4. Мектепке дейінгі кезең – 4 жастан 7 жасқа дейінгі уақыт.

Балалардың ағзасы осы сәби және мектепке дейінгі кезеңде үнемі өсіп, дамуда болады. Ағзадағы клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Өсумен қатар ағзадағы даму үрдісі жүріп жатады. Даму – сапалық көрсеткіш. Ағзаның дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, ағза мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Ағзаның дамуы екі түрлі болады: дене дамуы және функциялық даму.

Дене дамуының көрсеткіштері: адамның бойы, салмағы, кеуде клеткасының көлемі, дене мүшелерінің ұзындығы т.с.с.

Функциялық дамудың көрсеткіштері дене мүшелерінің атқаратын қызметтеріне байланысты әр түрлі болады. Мысалы, жүректің жұмыс жасауы дамуын анықтау үшін қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, жүктеме бергеннен кейінгі қалпына келу уақытын өлшейді.

Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамдап, бірде баяулайды. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: баланың бойы қыста нашар, жазда тез, күндіз аз, түнде көбірек өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохондылығы дейді (гетерос - әр түрлі, хронос – уақыт).

Сәби және мектепке дейінгі жас кезеңінде бала ағзасы тез өседі, дамиды. Оның бойы, салмағы өте тез қарқында өсіп дами бастайды (1-кесте).
1-кесте. Сәби және мектепке дейінгі жастардағы балалардың дене салмағы мен бойларының өсуінің орташа көрсеткіштері ( Ю.Ф. Замановскийдің деректері бойынша, 1989)


Жастары

Салмақтары, кг

Бойлары, см

Ұлдар

Қыздар

Ұлдар

Қыздар

1

10,0-11,5

9,1-10,8

73-79

72-77

2

12,4-13,7

11,7-14,1

85-92

82-90

3

13,7-15,3

13,1-16,7

92-99

91-99

4

15,3-18,9

14,4-17,9

99-107

96-106

5

17,4-22,1

16,5-20,4

105-116

104-114

6

19,7-24,1

19,0-23,6

111-121

111-120

Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорциясы деп адамның басының, тұла бойы мен аяқтарының ұзындығының, көлемінің бір-біріне арақатынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяқтары қысқа, тұла бойы мен бастары үлкен болады. Мұндай пропорция 1 жасқа дейін сақталады. 1 жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны жіліктердің өсу қарқынынан жылдамырақ болып, дене пропорциясы өзгере бастайды. 2 жастан әрі қарай жілік сүйектері жылдамырақ өседі де, 6 жаста дене пропорциясы өзгеріп, баланың аяқтарының ұзындығы кеудесінен артық бола бастайды. 5-6 жастағы баланың қол-аяқтары ұзарып, жалпы ұсқыны өзгереді. 6 жастан әрі қарай тағы да омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны күшейеді, сондықтан 7 жастағы баланың аяқтары мен тұла бойының ұзындығының арақатынасы теңеседі.

3-6 жас аралығында баланың бойы тез, біркелкі өседі. Жылына бойы 5-6 см, салмағы 2 кг өседі. 7 жастан бастап балалардың бойлары жылдам өсіп, бір жылда 8-10 см көбейеді. Осы жылдам өсу ағзадағы эндориндік қозғалыстарға байланысты. Екінші жылдам өсу, 13-14 жастағы, жыныстық жетілу кезеңіне сай келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет