1 дәріс Дәріс тақырыбы: Негізгі түсініктемелер. Диэлектрикті материалдардағы физикалық процестер



бет11/19
Дата27.11.2023
өлшемі1,33 Mb.
#128725
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Дәрістер

Сілтілі лактарспирттегі сілтінің ерітіндісі; маникаттар сіңіру үшін және де құрастыру, жөндеу жұмыстарында желімді лак ретінде қолданылады.
Целлюлозды лактар – целлюлоздың эфирлерінің ерітінділері, олардың қабыршақтары термопластты болады. Целлюлозды лактардың үлкен бөліктері – сұйықтай кебу лактары болып табылады, осылардың ішінде ең маңызды мәні нитроцеллюлозды лактар (нитролактар) болады.
Компаундтар лактар құрамында еркіштің болмауымен ерекшеленеді. Олар әртүрлі смолалардан, битумдардан, майлардан және тағы басқалардан тұрады; егер компаунд бастапқы жағдайында қатты болатын болса, оны қолдану алдында жеткілікті төмен тұтқырлықты массаны алу үшін қажетті температураға дейін қыздырады.
Кабельді техникада кабельді компаундтар едәуір үлкен мәнге ие. Оларға келесілер жатады: а) сіңіретін компаундтар (сіңіретін кабельді масса), ол мұнай майынан жасалады жіне олардың тұтқырлығын көтеру үшін канифоль немесе синтетиекалық смола қосып күштік кабельдердің оқшаумаларын сіңдіру үшін қызмет атқарады; б) құйатын компаундтар (құйатын кабельді масса), біріктіру, тарамдау және ұштық муфталарды құю үшін қолданылады.
Талшықты материалдар. Электр техникасында талшықты метариалдар кеңінен қолданылады, яғни ұзартылған форматалшықтар бөлігінен толығымен құралатын материалдар. Кейбір осы материалдарда, ал тура айтқанда текстильдерде талшықтық құрылысы едәуір анық. Басқа ағаш, картон, қағаз сияқты материалдарда талшықты құрылысын үлкен емес үлкейту кезінде микроскоп арқылы зерттеуге болады.
Талшықты материалдардың көпшілігінің артықшылығы: арзандығы, өте жоғары механикалық беріктігі және иілгіштік, өндіру тиімділігі. Ал мөлшердегі электрлік беріктік және жылу өткізгіштік олардың кемшілігі болып табылады; химиялық құрамы бар, массивті материалдарға қарағанда, олардың ылғалданғыштығы жоғарырақ. Сіңдіру жолы арқылы талшықты материалдардың қасиеттерін жақсартуға болады, сондықтан бұл материалдар әдетте электр оқшауламаларында сіңдірілген күйде қолданылады.
Ағаш – өзінің кең таралғандығы, арзандығы мен механикалық өңдеудің жеңілдігі арқылы ағаш электр оқшаулама және құрылыс материалдары ретінде ең бірінші болып электр техникасында қолданыс тапты. Ағаш жақсы механикалық қасиеттерді иеленеді, әсіресе оның жеңілдігін ескерсек: ағаш беріктігі, геометриялық өлшемдеріне қатысты емес, ал массасына қатысты және болатқа қарағанда төмен емес жеңіл ағаштарға қарағанда, ауыр ағаштардың түрі берік болады. Ағаш беріктігі әртүрлі бағытта әртүрлі: көлденең талшықтардың тігінен орналасқан талшықтарға қарағанда аз; талшықтар бойымен жарған кезде ағаш жаман жұмыс істейді.
Қағаз бен картон – бұл бетті және орамалы қысқа талшықты түрдегі материал, көбінесе целлюлездан құралған. Қағаз жасауға кейде ағаш целлюлозын қолданады. Ағаш құрамына су мен целлюлоздан басқа да заттар кіреді; олар қоспа ретінде қарастырылады: ол ағашқа нәзіктілік береді), шайыр (әсіресе ағаш түрлерінде), тұз және т.б. қоспаны жою үшін ұсақталған ағаш қазанда пісіріледі, қышқыл мен сілті құрамында енгізілген, олар мудың құрамына енген қоспаларды ерітінділерге ауыстырады, кейін целлюлоза қоспалары сумен тазартылады. Кәдімгі жазу және баспа қағаздары, сонымен бірге оның ішінде нағыз кітап бастырылған қағаз целлюлозды сульфитпен жасалады, күкірт қышқылынан тұратын нәтижесінде алынған ертінді құрамындағы ағаш, мұндай целлюлеза дайындау процесінде оңай ақ түсті қабылдайды.
Кабельді қағаз К, КМ, КВ, КВУ, КВМ, КВМУ әріптерімен белгіленетін, МЕСТ 645-67 сәйкес әртүрлі таңбалар шығарылады (мұндағы К – кабельная, М – многослойная, В – высоковольтная, У – уплотненная) және 0,15 – тен 240 дейін. (15-тен 240 МКМ қағаздың номиналды қалыңдығын көрсетеді). К және КМ маркасіндегі қағаздар қуаттың күшті кабельдері үшін қолданылады, 35 кВ дейін, кВ және КВУ – 35 кВ жоғары, КВМ және КВМУ – 110 кВ және жоғары.
Екі түрлі маркідегі тығыздалмаған кабельді қағаздың көлемдік массасы 0,76 немесе 0,87 құрайды, ал тығыздалған қағаздар 1,09-1,10 Мг/м3.
КТ және КТУ маркасіндегі телефонды қағаз МЕСТ 3553-73 сәйкес 50 мкм қалыңдығы болады. Телефонды қағаздардың көлемдік массасы кіші болуы керек (0,80 – 0,82 Мг/м3 көп емес), телефонды кабельдердің оқшаулама сыйымдылығын кішірейту үшін. Телефонды қағаз табиғи түсі сияқты, басқа да қызыл, жасыл боялған түстерде де шығарылады, әр түрлі түстер телефонды кабельдердің сымдарын ажырату үшін қолданылады.
Сіңдіру қағазы ЭИП-50, ЭИП-63 және ЭИП-75 маркілерінде (қағаз массасын 1м2 грамда білдіреді; бұл қағаздардың қалыңдығы сәйкесінше 0,09; 0,11 және 0,13 мм) МЕСТ 3441-63 беттік гетинаксті дайындау үшін қолданылады.
Орамалы қағаз ЭН-50 және ЭН-70 маркілерінде (сандар микрондағы номинал қалыңдығы) МЕСТ 1931-64-басқамен салыстырғанда өте жіңішке және тығыз.
Конденсаторлық қағаз (МЕСТ 1908-66) – өте қажетті және жауапты материал: сіңдірілген күйде ол қағаз конденсаторлардың диэлектригін құрайды. Екі түрде шығарылады: КОН – кәдімгі конденсаторлық қағаз және «силкон» күштік конденсаторға арналған қағаз. 0,8 (силкон ғана), 1 және 2 көлемдік массасы бойынша маркілер ажыратылады. 0,8 маркасіндегі қағаз 0,8 Мг/м3 жуық көлемдік массасы бар, 1 маркасы 1,0 Мг/м3 және 2 маркі 1,17-ден 1,25 Мг/м3 дейін.
Микалентті қағаз (МЕСТ 6500 – 64), микалент-электр оқшаулама қағазының бір түрі, ол астар ретінде қолданылады, ұзынталшықты мақтадан өндіріледі. Оның қалыңдығы және массасы 1м2 – 17г тең, 450 немесе 900 мкм енінде орамалар шығарылады.
Картондардың қағаздардан негізгі айырмашылығы оның қалыңдығында. Электр оқшауламалы картондар екі түрде өндіріледі: ауалық (МЕСТ 2824-60) – қаттылау және серпімді, ауада жұмыс істеу үшін арналған және майлы (МЕСТ 4194-68) - нәзік құрамды және жұмсақ, трансформатор майларында жұмыс істеу үшін арналған.
№ 7 дәріс

Дәріс тақырыбы: Өткізгіш материалдар. Өткізгіш материалдардың классификациясы және негізгі қасиеттері. Металлдардың электрөткізгіштігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет