Көрсеткіштер
|
Сиыр еті
|
Химиялық құрамы, %
|
55 – 69
6,2 – 19,5
11 – 28
0,7-1,2
|
Калориялығы, ккал
Минералдық заттары%
кальций
фосфор
темір
В1 витамині
В2 витамині
|
180 –320
20
172,0
12,0
0,01
0,15
|
Органикалық қышқылдар. Оларға ацетон, алма, жүзім, оксалат және лимон қышқылдары кіреді. Органикалық қышқылдар өсімдіктерде зат алмасуда атап айтқанда тыныс алуда үлкен роль атқарады. Олар жасушалар шырынында көбірек топталса қышқыл дәмді береді. Тотықтандырушы заттар олар күрделі қосылыстар болып негізгі ақуыздармен байланыста болады. Тотықтандырушы заттар ферменттік ыдырау процесінде қантты пайда етеді. Мәселен танин. Олардың негізгі атқаратын қызметі микробтардан қорғайды. Сондай-ақ тыныс алу процесінде тотықтандырушы болып реакцияға түседі.
Биологиялық белсенді затардың түрлеріне сипаттама, Тамақтанудың негізгі принциптері.
Биологиялық белсенді заттарға алкалоидтар, гликозидтер, сапонинднр, илегіш заттар, флаваноидтар, шайырлар, эфир майлары, витаминдер, фитонцидтер және т.б қосылыстар жатады. Олардың түзілу жолы әр түрлі болып келеді.
Алкалоидтар-құрамында азоты бар күрделі органикалық қосылыстар. Күшті спецификалық физиологиялық қасиетке ие. Алкалоидтардың ашылуымен медицина мен химияда жаңа дәуір басталды. XIX ғасырда фармацевтер мен химиктер бұрыннан белгілі дәрілік және улы өсімдіктердің құрамынан алкалоидтарды анықтап, оларды бөліп алды. Алкалоидтар көп мөлшерде тез әсер ететін у болса, ал аз мөлшерде пайдалану бағалы дәрілік зат болып табылады. Әдетте өсімдік құрамында алкалоидтардың мөлшері аз болады, өсімдік құрамында 1-3% алкалоидтың болуы өте жақсы көрсеткіш. Әр алкалоидтың өзіндік спецификалық қасиеті болғандықтан алкалоидтардың медицинада қолданылуы түрліше болады.
Витамин сөзін аударғанда «өмір амины» мағынасын береді. Витаминдер организмнің қалыпты өмір сүруіне қажет биологиялық активті заттардың бірі. Витаминдер XIX-дың аяғы мен XX басында табылған. Қазіргі кезде 30-ға жуық витаминдер белгілі, олардан: А, В2 (рибофлавин), В1 (тиамин), В6 (пиридоксин), В12, В15, С (аскорбин қышқылы), D, E, F, K, P (рутин), РР (никотин қышқылы), фолий қышқылы, пантотен, параамино-бензой қышқылы, инозит, холин, биотин және т.б витаминдердің физика-химиялық және физиологиялық қасиеттері белгілі. Өсімдік шикізаты-адам организмі үшін қажет витаминдердің негізгі көзі, оларды пайдалану кезінде артық дозалану және зиянды әсерлері сияқты жағымсыз әсерлері болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |