1 –Дәріс Дәріс тақырыбы



бет6/7
Дата25.03.2022
өлшемі59,21 Kb.
#28844
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 Дәріс

Органикалық қышқылдар. Жеміс-көкөністердің құрамында әр түрлі органикалық қышқылдар болады. Олар организмдегі зат алмасуға әсер етеді және өнеркәсіптегі технологиялық процестерге қатысады. Мысалы, микробтың тіршілігін тежейді. Ең кең тараған органикалық қышқылға алма, лимон қышқылы жатады. Көкөністерде олар аз мөлшерде, ал жемістерде 1-2 % мөлшерде кездеседі. Жеміс-көкөністердің қышқыл дәмі олардағы рН мәніне байланысты. Яғни рН мәні төмен болған сайын, өнім қышқыл болып саналады. Жемістерде рН мәні 3-4, ал көкөністерде 4,5-6 аралығында болады.

Ферменттер–тірі организмде жүретін химиялық реакцияның катализаторы. Әр бір фермент жеке химиялық реакцияны ғана катализдейді. Мысалы: сахароза ферменті сахарозаның ыдырауына ықпал жасайды. Ферменттер қышқыл ортаға, температураға өте сезімтал. Олар 40 0С температурада өте белсенді. Температураны 40 0С-тан жоғарылатқанда олар белсенділігін жоғалтады немесе мүлдем жойылады.

Витаминдер. Олар өсімдік және жануартект ішикізаттың ең аз бөлігінде де кездеседі. Осы азғантай бөліктің өзі адамның денсаулығын жақсартады, организмнің микробтарға қарсы иммунитетін жоғарылатады, адамның еңбек ету қабілетін жақсартуға көмектеседі. Витаминсіз организм негізгі тағамдық заттарды – көмірсу, май, белокты сіңіре алмайды, сондай-ақ оның жетіспеуінен адам әртүрлі ауруларға шалдығады. Оны авитаминоз деп атайды.

Витаминдер латын әріптерімен белгіленеді және химиялық құрамына қарай аталады. Мысалы, С витамині – аскорбинқышқылы, В1 витамині - тиаминт.с.с.Витаминдер ерігіштігіне қарай 2 топқа бөлінеді:

1) суда еритін, оларға В тобының витаминдері, С және РP витамині жатады.

2) майда еритін, оларға А, D, Е, К витаминдері жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет