Шығармашылық психологиясын зерттеуді тереңдетті, әдеби
характерді талдауға көп мағына берді. Өкілдері : А.Потебня,
Э.Эннекен, Горнфелбд. «Вопросы теории психо-логии творчества»
деген 8 томдық еңбекте олар А.Потебняның көзқарастарының ізімен
өз ойларын сабақтады. Шығарма-шылық жұмысында маңыздысы -
өзіңді бақылау, ол – шын-дықты танудың кілті. Әр шығарма
өмірбаяндық, себебі ол суреткердің психологиясы, соның ой-
толғамдарының нәтижесі. Адам өз жанынан артық өзгенің жанын
бақылай алмайды, сондықтан өмірбаяндық деректер негізгі материал
деп санады.
4. Мәдени-тарихи тәсіл.
Негізгі ұстанымы – суреткер
шығармашылығы географиялық, антропологиялық, тарихи
жағдайларға тәуелді деп санау. Негізгі өкілі Ипплит Тэн әдеби
құбылыстарды зерттеуге жаратылыстану ғылымының тәсіл-дерін
қолданғысы келді. Өнер табиғатты тану болғандықтан, әдебиет
нақты деректерді келтіріп, соның себептерін анықтауы керек деп
нақты нәтижеге жүгінді.
5. Тарихи – салыстырмалы тәсіл
. Әдебиеттің ұлттық ерекше-
ліктерін ескермейтін, дәстүр теориясын қалыптасқан сюжеттік
сарындардан шығарған, әдебиет ұқсастығын түр ұқсастығынан
іздестірген тәсіл. Дж.Денлоп, Т.Бенфей, А.Веселовский т.б. Бұлар,
компаративистер, әдеби-тарихи үрдісте әдеби жанр жаңадан пайда
болмайды, образдар мен сюжеттер қайта түрленеді деп есептеді.
Әдебиеттану ғылымының даму кезеңдерінде пайда болған бұл
әдістемелік мектептердің кемшіліктері мен қатар өзіндік жетістіктері
де болды.Әрбір әдеби шығарма оны жазған жазушының
шығармашылық
ерекшелігін
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: