өрмекшіден тоқуды, қарлығаштан үй салуды, бұлбұлдан ән салуды.
Сократ ойларында идеализм басым. Ол әр нәрсенің ажары оның
қажетке жарамдылығында, ал ажарсыздығы
жарамсыздығында деп
түсінген. Сократша «Ақыл-ойды сату сұлулықты сатумен пара-пар».
Ол софистерге, сөзді ақылы түрде үйретушілерге қарсы пікірде
болған.
Сократтың шәкірті Платон (б.з.б. 427-347 жж.) «Үлкен Иппий»
диалогында: «жарамды нәрсе – пайдалы нәрсе, пайдалы нәрсені тәуір
көресің, тәуір көрсең, қуанасың,.. яғни сұлу нәрсе –сүйкімді нәрсенің
көзге көрінер, құлаққа естілер бөлігі» деген.
Аристотельдің (б.з.б. 384-322) «Поэтика»
атты еңбегі - өнер
туралы тұңғыш философиялық - эстетикалық трактат. Аристотель
поэтиканы сөз өнерінің өзі деп түсінген, біздіңше, сөз өнері туралы
ғылым не көркем шығармашылық.
Рим ақыны Квинт Гораций Флактың (б.э.б. 65-8 жж.) «Поэзия
ғылымы» деген теориялық поэмасының алғашқы нұсқасы
«Пизондарға хат» деп аталынған. Пизон деген ақсүйектің
екі ұлы
болған, үлкені дарынсыз драматург екен. Сондықтан Гораций бұл
еңбегін соларға айтқан ақыл түрінде жүйелілікпен жазған. Көркем
шығарманың идеясына, композициясына көп көңіл бөледі. – Егер -
дейді ол, -суретші адамның басына аттың желкесін жалғап, оның
үстіне әлем-жәлем қауырсындар шаншыса немесе денесі жұп-жұмыр
әдемі әйелдің кеудесінің жоғары тұсына балықтың басын қондырып
қойса, бұған күлмей шыдап тұра алар ма едіңіздер, достар. Пизон
әулетінің кітаптары да осындай оспадар суретке ұқсас.т.б. Ол өнер
туындысының көркемдік сапасына ерекше назар аударды. «Поэзия -
аса нәзік әрі биік зат. Тебе білмейтіндер жұртқа күлкі болмау үшін
допқа жуымайды. Жаңа жаза бастағандарға асықпауды, өңдеуді
ұсынады.
Демосфен, Цицерон, Квинтиллиан сияқты шешендердің сөз
өнеріне қатысты трактаттары.
Ояну дәуірінің ұлы тұлғалары жеткілікті. «Ойлаймын екен,
ендеше, тірі екенмін» деген Декарт Рене (1596-1650) өнер
туындыларындағы әсемдік олардың бүкіл
мазмұн-пішініндегі
бірлікте, үйлесімде деп білді. Декартың рационализмін Буало
Никола (1636-1711) өзінің эстетикасы мен поэзиясына негіз етіп
алды. Мәдени жұртшылық классицизмнің әдеби манифесі ретінде
таныған «Поэтикалық өнер» үш бірлікті негіз етті. Дегенмен Буало
«шындықтан асқан сұлу жоқ», «сөз аяғын ұйқастырғанның бәрі ақын
емес» деген өміршең ойларын да қалдырды. Дени Дидро (1713-1784)
сарай аристократиясының
сұлулық туралы талғамын сынап,
суреткер еңбегіндегі шыншылдықты дәріптеді, эстетикаға
Достарыңызбен бөлісу: