№1 дәріс. Ежелгi Шығыс халқы, тiлi, шаруашылығы, діні, орналасуы



бет4/13
Дата26.09.2023
өлшемі109,06 Kb.
#110258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лекция (2)

Хуанхэ алқабынан солтүстікке және батысқа қарай созылып жатқан таулы өлкелер мен далалық аймақтардан мал, тері, аң терілері және тастар ( мима, нефрит т.б) әкелінетін еді. Айырбасталып алынған қытай қолөнер бұйымдары Енисей жағасына дейін жеткен.

Өндіргіш күштердің дамуы және ішкі, сыртқы айырбас күшеюі мүлік теңсіздігіне еріксіз алып келді. Қазбалар кейін бай үйлермен және мазарлармен қатар кедейлердің тұрған үйлері мен қойылған орындарының қалдықтары да ұшырасады. Кей иероглифтер құлдарды (қолы байланған тұтқындар мен басы байлы үй қызметкерлерін) бейнелейді. Дегенмен, құл иелену әлі алғашқы қарапайым сатысында болды. Бал аштырғанда, немесе ел билеушілерді көмгенде құлдарды құрбандыққа шалу ғұрпы еріксіз еңбекке мұқтаждықтың әлі де күшті болмағандығын көрсетеді.

Шан-Инь қоғамының сипаты жөнінде ғалымдар әртүрлі пікірлер айтады. Бірқатар тарихшылар оның протомемлекет болғандығын, басқалары қала-мемлекет типіндегі алғашқы мемлекеттік организм болғандығын айтты. Ал ғалымдардың бір бөлігі құлиеленушілік қоғамдық құрылымның маңызды факторы болған дамыған мемлекеттік ұйым болды деп есептейді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қытай территориясында Шан-Инь дәуірінде әртүрлі этностарға жататын ерте таптық қалалық өркениеттер ошақтары қалыптасты, соның ішінде өз жазуы бар Шан өркениеті ең дамығаны болды деген қорытынды жасауға болады. «Шан қаласы» «қала қоғамдары» коалициясын басқарған. Олардан алым алып, бағынудан бас тартқан жағдайда оларға қарсы жорық жасап отырған, алайда көрші «қалалар» шандықтарға өздері де шабуыл жасап отырған тәрізді.

Шан қалаларының одағы өздерін қоршап жатқан жау тайпалармен үздіксіз соғыс жүргізді. Осы ұзаққа созылған соғыстар шандықтарды әлсіретіп, олардың құлауына алып келді. Қытайдың дәстүрлі тарихнамасына сәйкес б.з.д. XII ғасырдың аяғында (1122 жыл) шандықтарды батыстан келген чжоулықтар бағындырды.

Батыс Чжоу дәуірі. Б.з.д.1122-770 жылдар аралығында дәуірді тарихи деректер Батыс Чжоу мемлекетінің уақыты деп есептейді. Батыс Чжоу мемлекеті өзінің құрылысы жағынан өте солқылдақ, әлсіз және этникалық жағынан да әрқилы мемлекеттік бірлестік болды. Жергілікті билеушілер Чжоу өкіметі билеушілеріне сыйлықтар мен әскери көмек берумер ғана шектеліп, өздеріне тиесілі аймақтарда олар автономиялық билік жүргізді. Чжоулықтардың басып алған территориялары чжоу үйінің билеушісі өкілдеріне басқаруға берілді, немесе чжоу уақытының «бақылаушыларының» назарындағы бұрынғы билеушінің қолында қалып отырды. Уаң титулы сақталды, оны Чжоу патшалары өздеріне Шандықтардан мұраға алған болатын. Жергілікті билеушілерді чжухоулар деп атады. Олардың саны жүздеп саналады. Чжухоларрдың жеке өкімет билігі болды, жергілікті халықты әкімшілік билік жолымен биледі. Уаң осы чжухоулардың үстінен билік жүргізді. Батыс Чжоу дәуірінде, бұрын үнемі жүзеге асырылып тұратын құрбандық шалу дәстүрі тоқтатылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет