№1 дәріс. Ежелгi Шығыс халқы, тiлi, шаруашылығы, діні, орналасуы



бет1/13
Дата26.09.2023
өлшемі109,06 Kb.
#110258
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лекция (2)


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

№ 1
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): № 1 дәріс. Ежелгi Шығыс халқы, тiлi, шаруашылығы, діні, орналасуы.
1. «Ежелгі Шығыс» ұғымына түсінік
2. Алғашқы қауымдық құрылыс пен құлиеленушілік арасындағы айырмашылықтар.Матриархат, патриархат.Архаизм, антикалық қоғам.
3. Ежелгі Шығыс халқы тілі,шаруашылығы
4. «Формация» ұғымы, тарихи кезеңдеу
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ежелгі Шығыс тарихы- ол дүниежүзілік тарихтың алғашқы тармағы, адамзат қоғамының алғашқы өркениетінің негізі, дами келе эллиндік және христандық өркениетті салған халықтардың өмірінің өткен тарихы. Шығыс халықтарының өткен өміріне деген қызығушылық олардың бай мұраларын зерттей отырып сол кезеңде өмір сүрген халықтардың тұрмыс, тіршілігі мен қоғамдық құрылыса деген қызығушылықты, тіпті оны зерттеуде өзара жарысты да тудырды. Археологиялық зерттеулер мен табылған заттарды зерттеу арқылы олар өткен қоғамға, адамзаттың алғашқы өркениеттерінің орталығына сипаттама беруге ұмтылды. Осы салада негізгі ашулар ХІХ-ХХ ғасырларда көптеп жүрді. Бұрын ол кез туралы тек Библияда жазылғандар мен аңыздар мен әңгімелер арқылы ғана білетін еді, енді көптеген тарихи деректердің табылуынан ол кезең туралы ғылыми зерттеулерге қорытынды жасай отырып өткен қоғамның тарихына жан-жақты сипаттама бере аламыз. Ежелгі өркениет өзінің дамуы арқылы кейінгі өркениеттің, адамзаттың барлық кейінгі дәіурлерінің дамуына әсер ете отырып өз ізін қалдырды.
Ежелгі Шығыс деп аталған зонада бұрын әртүрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өмір сүрген: а/ семиттер-Сирия, Аравия және Финикия және көшіп-қону нәтижесінде Алыс Батыс елдеріне де өз мәдениетін апарды; б/ «алародийский» немесе «яфетический» нәсілдері, шығысдүниесінің солтсүтік облыстарын қоныстанғандар, одан кейін бірнеше халықтарға бөлініп кеткен: хеттер, митанни, халд; в/ эламиттер, ол не семиттік, не арийдтіктерге жатпайды; г/ негрлер-нубиттер Мероит патшалығында; д/ индоевропалықтардың ежелгі өкілдері, олардың ішінде мидияндар мен парсылар. Эгей және этрусскілер мәдениеті бұл топқа жатпайды, себебі олардың негізінен эллиндік және римдік өркениеттің негізі қалыптасқан. Осы Шығыс өркениетінің негізін салған халықтардың орналасқан алып жатқан географиялық территориясы Кавказ таулары және Орталық Азия жерлерінен Парсы шығанағына дейін, Оңтүстік Аравия, африкалық көлдер жағалауындағы елдер, Иран және Индия жағалауынан Геркулес аймағына дейінгі аралық.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Құлиеленушiлiк құрылыс қай жерде жақсы дамыды?
A) Орта Азия.
B) Русь.
C) Қара теңiз жағалауында.
D) Закавказье.
E) Қазақстан территориясында

Тарих деген сөз қандай мағына бередi?


A) Оқиғаны қағазға түсiру деген мағына.
B) Оқиғалар туралы әңгiмелер деген мағына.
C) Жыл санау деген мағына.
D) Жай ғана әңгiмелесу деген мағына.
E) Өткендi есте сақтау деген мағына.

Ең алғашқы адамдар жердiң қай бөлiгiнде пайда болды?


A) Оңтүстiк Америкада.
B) Солтүстiк Америкада.
C) Австралияда.
D) Африка мен Азияда.
E) Барлық Жер бетiнде бiр уақытта пайда болды
Жер бетiндегi Мұздық дәуiр қай уақытта болды.
A) 1 млн.жыл бұрын.
B) 500 мың жыл бұрын.
C) 300 мың жыл бұрын.
D) 100 мың жыл бұрын.
E) 10 мың жыл бұрын
1.Ежелгі Шығыс территориясы
2.Халқы,тілі,шаруашылығы мен тұрмысы
3.Ежелгі діни наным -сенімдер
Дәрістің қысқаша мазмұны:

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Ежелгi дүние тарихы қандай кезеңдi оқытады?
A) Орта ғасырлар дәуiрiн.
B) Феодализм дәуiрiн.
C) Жаңа дәуiрдi.
D) Құл иеленушiлiк құрылыс.
E) Алғашқы қауымдық құрылыс пен құл иеленушiлiк құрылысты

Алғашқы адамдардың баспанасының түрiн атаңыз?


A) Ағаш үй.
B) Киiз үй.
C) Үңгiр.
D) Жартас.
E) Кiрпiш үй.

Әртүрлi халықтардың тұрмыс-тiршiлiгiн қай ғылым саласы зерттейдi?


A) Археология.
B) Экономика.
C) Философия.
D) Этнография

Егiншiлiк қайдан шыққан?


A) Аң аулаудан.
B) Қолөнердiң дамуынан.
C) Терiмшiлiктен.
D) Кең өңдiруден.
E) Бұрыннан берi болған.
«Шығыс» сөзінің мағынасы; Ежелгі Шығыс территориясы; Алғашқы зерттеулер мен тарихнамасы, деректері,мысал келтіріңіз.
Антикалық тарихшылары:
Гередот, Фукидид, Ксенофонт олардың еңбектерін ата?
Ежелгі өркениет орталықтарын айтыңыз




№ 2
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Ежелгi Египет мемлекеті, кезеңдері, деректері
.Ніл бойындағы алғашқы мемлекеттер-номдар, Египет патшалығының құрылуы.
2.Кезеңдері, ішкі және сыртқы саясаты
3. Египет патшалығы туралы деректер мен тарихнамасы.
4. Аникалық авторлардың еңбегі
5. Халқы, тілі, шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы.
6.Египеттегі әлеуметтік таптар
7. Египет мәдениеті
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ежелгі Египет тарихы - ол дүниежүзілік тарихтың алғашқы тармағы, адамзат қоғамының алғашқы өркениетінің негізі, дами келе эллиндік және христандық өркениетті салған халықтардың өмірінің өткен тарихы. Шығыс халықтарының өткен өміріне деген қызығушылық олардың бай мұраларын зерттей отырып сол кезеңде өмір сүрген халықтардың тұрмыс, тіршілігі мен қоғамдық құрылыса деген қызығушылықты, тіпті оны зерттеуде өзара жарысты да тудырды. Археологиялық зерттеулер мен табылған заттарды зерттеу арқылы олар өткен қоғамға, адамзаттың алғашқы өркениеттерінің орталығына сипаттама беруге ұмтылды. Осы салада негізгі ашулар ХІХ-ХХ ғасырларда көптеп жүрді. Бұрын ол кез туралы тек Библияда жазылғандар мен аңыздар мен әңгімелер арқылы ғана білетін еді, енді көптеген тарихи деректердің табылуынан ол кезең туралы ғылыми зерттеулерге қорытынды жасай отырып өткен қоғамның тарихына жан-жақты сипаттама бере аламыз.
Египет тарихын антикалық авторлардың еңбектері мен қатар материалдық деректер және шығыстық жазба деректерден көреміз. Оған жататын гробницаларындағы өсиеттері, сот процестері туралы актілер көп сақталған (Рамсес ІІІ қарсы заговор туралы, патша гробницаларын тонау т.б.). олар бізге папирустарға жазылған бойы жеткен, египет патшаларының сарайлары жанынан ұйымдастырылған кеңсе ақсүйектерінің жинақтаған құжаттары, Египет ақсүйектерінің хаттары, Орта және Жаңа патшалық кезіндегі іс қағаздары. Сыйлық ретінде қалдыруға байланысты жазбалар көп сақталған. Ливиялық, саилық, птолемейлік кезеңнен, олар тастарға ойылып жазылған, патшаларының бейнесін сала отырып жазған. Көптеген тарихи құжаттар құдайларға және діни нанымдарға арналған әдеби туындылар. Ритуальды текстер, аңыздар, құдайлардың гимні, магикалық сөздер жинағы Вавилион, Ассирия, Египет, сонымен қатар хетт жерлерінен (Богазкея), Финикия жерлерінен табылған. Дидактикалық әдеби шығармалар да сақталған, әсіресе Библияға кірген кітаптар, Соломон деген атпен, ол ақылды адамдардың нақыл сөздерін беру негізінде светтік өмірге арналып жазылған туындылар. Ақыл сөздер, нақылдар, жоғары моральды үгіттеу көбінесе ассириялық-вавилиондық жазбаларда берілген.
Жазбаша деректермен қатар заттай деректер де көп табылған. Бірінші орында вавилиондық цилиндрлік мөрлер жатады, ол амулет ретінде де қолданылған. Египетте басында осындай цилиндрлік мөрлер болған, сосын оны-скарабеиге-қоңыздардың әртүрлері төмен қаратып жазылған жазуы бар- ауыстырған. Ол скарабеилер кей кездерде өте үлкен болған, оны қоятын арнайы жерлері болған, мысалы, Аменхотеп ІІІ скарабеиі. Египеттен храмдық және сарайлық өмірді сипаттайтын көптеген заттай деректер табылған. Жерлеу рәсімінің заттары, еңбек құралдары, үй заттары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет