1 дəріс. Əлеуметтануға кіріспе Жоспар: Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял



бет26/52
Дата15.12.2023
өлшемі395,61 Kb.
#138465
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
Көпшілік және азшылық топтар
Көпшілік топ - мәдени,экономикалық және саяси үстем және. адам саны көп топты атайды.
Азшылық топ - мәдени, экономикалық және саяси түрғыдан бағынышты және адам саны аз топты атайды .
Азшылық топтардың саны көпшілік топтарынан кем болады десек те, үнемі олай емес. Мысалы, XX ғасырдың соңында ақ нәсілділердің саны Оңтүстік Африка халқының 15 пайызын ғана қүраған. Алайда ақ нәсілділер 1994 жылға дейін, яғни апартеид (заңды сегрегация) жойылғанша, барлық негізгі саяси және әлеуметтік институттарды өз қолдарында ұстап басқарған. Әлеуметтану тұрғысынан апартеид кезеңіндегі көпшілік топты ақ нәсілділер қүрған. Сондай-ақ кейбір ғалымдар әйелдерді азшылық топ ретінде қарастырады. Өйткені жыныстық айырмашылықтар негізінде олар экономикалық, саяси және мәдени түрғыдан ерлерге бағынады.

Нәсілдік және этностық топтардың арасындағы қарым-қатынас мынадай үш негізгі форманың бір түрі арқылы жүзеге асады: олар - плюрализм, ассимиляция, конфликт.



Плюрализм-әрқайсысының өз дара мәдениеті бар екі немесе бірнеше топтың бір қоғамда теңдік сақтап, бейбіт қатар өмір сүруін плюрализм деп атаймыз. Шынайы плюралистік қоғамда алуан түрлі мәдениеттердің әрқайсысы бағаланады. Әрбірінің тең дәрежеде дәріптелетін салт-дәстүрлері бар. Айырмашылықтарына қарамастан, бір-бірінің мәдениетін танып, біліп, ықпалдасу адамдардың әлеуметтік тұрғысына кері әсерін тигізбейді. Сонымен бірге қоғам мүшелерінің барлығы бірлік пен ынтымақтастықты мақтан түтады. «Жеке-дара», шын мәнінде, үнемі «тең» деген мағынаны білдірмейді. Мұны «ақ» америкалықтар мен афроамерикалықтар, ағылшын және француз тілдерінде сөйлейтін канадалықтар немесе Иракгағы шиит және суннит мұсылмандар арасындағы қарым-қатынастарға қарасақ түсінеміз. Солай дегенмен, өздерін плюралистік деп санайтынелдер теңдік идеясын сырттай қолдайды. АҚШ-та шынайы плюрализм орнамаса да, бұл тұрғыдан көптеген басқа қоғамдарға қарағанда едәуір жетістікке қол жегкізілді (Alba & Nee, 2003). Ақ нәсілді және басқа америкалықтар бір мектепте оқиды, бір-бірімен көрші түрады, тең әлеуметтік топтарға жатады және өзара огбасын құра береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет