1-дәріс: Физика тарихының пəні, мақсаттары жəне зерттеу əдістері Физика тарихыны пəні


-кезең. Алғашқы физикалық оқудың пайда болу дəуірі



бет2/4
Дата03.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#133512
1   2   3   4
1-кезең. Алғашқы физикалық оқудың пайда болу дəуірі: б.э.д. XVI ғасыр.
Оған ежелгі заман, антикалық кезең, Орта ғасыр (Еуропада жəне Шығыста)
жəне қайта өрлеу дəуірі кіреді.
2-кезең. Физиканы ғылым ретінде қалыптасу дəуірі. XVII ғ. басынан
XVIII ғ. соңына дейінгі кезең болып анықталған. Осы уақытта физиканың негізі салынып, жеке ғылым болған.
3-кезең. Классикалық физика дəуірі. Шамамен 1800 жылдан басталып
1912 жылға дейін созылған жəне материяның құрылысымен қоршаған орта
туралы біздің түсінігімізді көтерілістік тұрғыда өзгерткен, кванттық жəне
релятивистік түсініктердің пайда болу кезеңімен аяқталады.
4-кезең. Кванттық-релятивистік жəне субатомдық физика дəуірі. 1900-1905 жылдардан осы кезеңге дейін созылады. Бұл кезеңнің қашан
аяқталатынын айтып болжау мүмкін емес.
Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:
1. Физика тарихының ғылыми-жаратылыстық ғылым ретінде ерекшелігі.
2. Физика тарихының басқа ғылымдармен (философия, математика, биология, химия, тарих, экономика, саясаттану) байланысы.
3. Физикадағы адамзат дамуындағы рөлі.
4. Физика тарихындағы зерттеу əдістерінің қолданылуы.
2-дəріс
Физиканың алдыңғы тарихы. Антикалық ғылым.
Атомистиканың пайда болуы
Тіршілік ету жолындағы қатаң күрес барысында адам қоршаған ортасы туралы жаңа білімдерге ие бола бастады.
Вавилондық математика мен астрономия өте жоғары деңгейге жетті.
Вавилондықтар Пифагор теоремасын білді, онымен олар сандардың квадраты мен кубтарын, квадраттық жəне кубтық түбірлерді, квадраттық теңдеулерді жəне теңдеулер жүйесін шеше алды. Вавилон мен египет математикасы шаруашылық жəне құрылыс жұмыстарындағы қажеттіліктерінен туындаған қолданбалы сипатта болғанын айта кету керек.
Ежелгі Египеттің экономикасы үшін Ніл өзенінің тасуының басталу
уақытын анықтау өте қажет болды, сондай-ақ ол астронмиялық бақылауларға
мұқияттылықты талап етті. Египеттіктер күнтізбені ойлап тапты, ол 12 айдан, 30 күннен жəне жылына 5 қосымша күннен тұратын болды. Ежелгі
ваваилондықтардың астрономиялық жетістіктері де мол еді. Оларға
эклиптиканың он екі жұлдызды Зодиакқа (Күннің жүрісін көрсетіп, 12 айдың
басы болған жұлдыздардың ортақ аты) бөлінгені жатады.
Ғылым тарихындағы антикалық кезең деп б.э.д. VII-VI ғғ. – грек
өркениетінің пайда болу уақытынан – Рим империясының құлағандағы б.э.д. Vғ екінші жартысына дейінгі аралықты саналады. Осылайша, біз антикалық ғылымның тарихы туралы сөз болғанда, біз оның Ежелгі Греция деп аталатын мемлекеттердегі, қалалардағы, сондай-ақ, Ежелгі Римдегі республика жəне империя кезеңіндегі дамуын айтамыз.
Антикалық кезеңді зерттеушілер көптеген қиындықтарға кездесті. Олардың ең бастысы көздер болып табылатын – антикалық заманның кітаптары, жазбалары, хаттарының біздің уақытқа жетпегені. Он бес ғасыр ішінде көптеген жазбалар жоғалған, соғыстар, өрттердің, катаклизмнің жəне т.б. кесірінен жоғалып кеткен. Десек те, Шығыста антикалық кезеңнің кітаптары, жазбалары сақталған, латыннан басқа тілдерге аударылған. Осының арқасында бізге физикаға жəне жаратылыстық ғылымдарға арналған антикалық авторлардың трактаттары мəлім.
Олардың ішінде толық сақталған ежелгі заманның ұлы ойшылы Аристотельдің шығармалары «Физика», «Аспан туралы», «Пайда болу жəне жоғалу туралы», «Метеорологика» трактаттары бар. Сондай-ақ, толығымен Платонның «Тимэй» баяндамалар түрінде құрастырылған толық бір энциклопедия болатын шығармасы сақталған. Сонымен қатар, көптеген басқа да оқымыстылардың шығармалары бөлік-бөлік болып, фрагменттер болып сақталған.
Антикалық ғылымның ерекшеліктері. Ең бірінші эксперименттің болмауы. Қазіргі заманғы зерттеулер эксперименттерге негізделген, яғни теорияны міндетті түрде экспериментпен салыстырып, дəлелдейді.
Антикалық заманның тағы бір ерекшелігі - ғылыми зерттеулерде
математиканы қолданудың шектелуі. Бұл антикалық қоғамды билеп тұрған
құлиеленушілікпен байланысты. Экономиканың дамуының сатысы, саяси
жағдайлар барлық нəрсенің сандық көрсеткішіне мəн бермеді, бағаламады.
Ежелгі заман математигі Пифагордың ізбасарлары – пифагорлықтар
антикалық ғылымға сандық сипаттар мен қатыстарды енгізу керек деген
ұсыныстары қолдау таппады, ол сандық сиқыр болып қала берді.
Ең басты міндет – материяның құрылысын анықтау болды. Бұл сұрақпен философтар да натурфилософтар да айналысты. Ежелгі ойшылдардың айналысқан бір мəселесі: көптеген жəне əр түрлі объектерді бүкіл дүниеге қалай байлап, тіркеп қою керек? Осыдан барып бəрі неден тұрады деген сұрақ туды, нені элементар деп санауға болады? Бұл сұраққа əр түрлі жауап болды: Фалес Милетский – оттан; Анаксимен – ауадан; Гераклит – оттан; Эмпедокл – төрт элементтен (от, ауа, су жəне жер) тұрады деп санаған; Анаксимандр мен Анаксагор біртіндеп атом туралы түсінікті енгізу керек деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет