8.6. Қанның биологиялық рөлі.
8.7. Қан топтары, антикагуляттар, гемоноз.
Лекция мақсаты: Студенттерге Қан мен лимфаның құрамы, қызметтерге ,қан топтары жайлы толық мағлұмат беру.
Лекция мазмұны :
8.0. Ішкі ортаға:қан,торшааралық ұлпалық сұйық және лимфа сол жатады. Торша өзіне қажетті заттардан осы ортаға сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, торшалармен тікелей жанаспайды. Организм торшалары қан құрамынан п.б.Торшааралық сұйықпен ғана жанасады, сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпа аралық сұйықты шын мәнісінде ішкі орта деп санайды.
8.1. Қан әр түрлі торшалар жиынтығы болып табылады.Ол сұйық зат-плазма және қан түйірікшіктерінен торшаларымен:қызыл түйіршіктерден эритроциттерден, ақ түйіршіктерден лейкоциттерден және қан табақшаларынан тромбоциттерден тұрады. Қанның жалпы мөлшерінен 55-60%-ын плазма,40-45%-ын қан торшалары құрайды.Дененің жалпы массасының шамамен 6-8%-6л қан болады.
Лимфа-организмде қан плазмасының ұлпааралық кеңістікке сүзіліп, одан әрі лимфа жүйесіне жиналуы нәтижесінде п.б. Ол ұлпа сұйықтығының лимфа капилмеріне өтуінің нәтижесінде п.б. Лимфа организмнің шын мәнісінде ішкі ортасын қанмен байланыстырады.Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорытуда, зат алмасуда процестерде маңызды рөл атқарады. Лимфа-мөлдір сарғыш.Түсті сұйық. Оның құрамында белоктар және белокка жатпайәтын затты қосылыстар гормондар, ферменттер дәрумен және антиденелер кездеседі.
8.2 Плазма да, сарысу да қанның сұйық бөлігі.Плазма сорғыш түсті сұйық зат.Оның түсінде құрамында бояғыш заттардан белоктардан тұрады.Плазмалардың құрамында 90-92% су ,8-10% құрғақ зат болады.Құрғақ заттардың 6-8%-ы белоктардан тұрады.Плазма белоктары:альбулин , глобулин,фибриноген реакцияларына бөлінеді.Қан плазмасының құрамында:несепнәр, зәр қышқылы,нурин негізі,креатин,амин қышқылдары,аммиак сияқты белок алмасуының қалдық өнімдері болады.Көмірсулардан:глюкоза,липидтер мен мин заттар. 0,9% болады.Қан плазмасы деп қанға ұйытпайтын зат қосып тұндырғанда бөлініп шыққан сары түсі сұйықты айтамыз.Қан сарысуы-деп ұйығаннан кейін бөлінген оның сұйық бөлігін айтамыз.Бұл екеуі де құрамы мен қасиетері жоғынан ұқсас,тек қан сарысуынан құрамында фибриноген ғана белогы ғана болмайды.
8.3.Қан белоктары альбуминдер, глобулиндер,фибриногиндер болып табылады.Белоктар қанға тұтқырлық қасиет беріп, артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олар онкостық қысым туғызып, қан құрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығының сақтайды .Қан мен ұлпа арасындағы судың алмасуын реттейді.Мыс: альтуминдер әр түрлі дәрі-дәрмек препараттарын, дәрумендерді,гормондарды,бояғыш заттарды тасымалдауда зор рөл атқарады. Глобулиндерден түрлі қорғағыш дәнекер түзіледі,сондықтан олар организм иммунитетін қалыптастырады.фибриноген қанның ұю процесіне қатысады.
8.4. Қан түйіршіктері –деп қан құрамында кездесетін торшаларды атайды. Қанның құрамында үш түрлі торшалар болады.Олар:эритроциттер (қызыл түйіршіктер),лейкоциттер (ақ түйіршіктер )және тромбоциттер( қан табақшалары.)
1.Эритроциттер-адам мен сүт қоректі жануарларда ядросыз екі бүйірлі қысыңқы, дөңгелек табақша пішіндес торшалар.Негізгі қызметі О2мен СО2 газын тасымалдау,демек тыныс алу процесін қамтамасыз ету.
2.Лейкоциттер-ақ түсті ядролы, ірі торшалар.Олардың жалпы саны эритроциттерден санымен 600-800 есе кем болады да организмнің физиологиялық күйіне байланысты көп мөлшерде ауытқып отырады.Организмде лейкоциттер қорғағыш қызмет атқарады.
3.Тромбоциттер-ядросыз майда,нәзік өте тез бұзылатын торшалар.Қанның 1млн мөлшеріндегі олардың саны -200-400 мың, тіршілік мерзімнің ұзақтық 2-5 күн.Бұл торшалар қанның ұю процесіне қатысады. Ерекше тән қасиеттер:атап айтсақ, жабысқақтық ,(адгезия) және желімдегіштік (агрегация).
8.5. Осмостық қысым деп жартылай өткізгіш жарғақтын еріткіштін су өтуіне жұмсалатын күшті атайды.Организмді қан тамырларының қабырғасы осы жартылай өткізгіш жарғақ қан, сыртқы жағында торшалық сұйықтық жатады.Қанның осмостық қысымының деңгейін оның қату t-сы декрессиясы арқылы анықтайды. Декрессия деп сумен салыстырғанда сұйықтың қатуын айтады.
б.Қан белоктарының әсерімен түзілген осмостың қысымының бөлігін онкостық қысым деп атайды.Онкостық қысым деңгейі бар болғаны сынап бағанасымен 25-30 мм ғана болады.Соған қарамастан ол организмде маңызды рөл атқарады. Мыс:қоректік заттарды сіңіру ыдырау өнімдерін бөлу, торша аралық сұйық түзу процестері онкостық қысым арқылы реттейді.
8.6. Қанның физикалық қасиеттердің өзгеріп сұйық күйден қайыртлақтанып қатқылдануын ұю д. а. Қанның ұюы оның маңызды қорғағыш қасиеттерінің бірі.Ол организмнің қансырауынан сақтайды. Қансырауды тоқтатуға гомеостаз қан тамырдыңқабырғасы, тамыр маңындағы ұлпалар, қан плазмасы құрамындағы ұю факторы барлық қан торшалары қатысады. Қанның ұю тізбектелген реакциядан тұратын процесс.Ұю процессінен барысында фибриноген белогынан қышқыл пептид бөлінеді де,ол ерімейтін белок фибринге айналады.
8.7.Адамның немесе бір түр дарақтарының иммунологиялық белгілеріне-эритроциттер құрамында аггмотиногендердің, плазмада агглотининдердің болу –болмауына қарай,ерекшеленетін қан белгілерінің бірлестігін қан топтары деп аталады. Австралия ғалымы К. Ландштейнер 1901 мен чех ғалыцмы Я. Янский 1907 зерттеулері нәтижесінде эритроциттерде АжәнеВ деген 2 түрлі аггмотиногендер.Ал плазмада екі түрлі аггмотилендез жабыстырғыш заттар – J B анықталған. Қан құрамында олар жеке-жеке және қос-қос тік болмауы мүмкін . Адамда олар 4 түрлі бірлестікте немесе топта кездеседі: 1. топ қанының эритроциттерде аггмотиногендер болмайды , ал плазмасында аггмотигендері болады. 2. (А) топта- аггмотинеген В мен аггмотинеген (В) . 3. (В) топта – аггмотинеген В мен аггмотинеген (I) болды. 4. (АВ ) тобында А, В аггмотиненгендері болды да, аггмотинегендері болмайды. Егер қан ұйығанда донор қанының эритроциттері реципиенттің аттас аггмотинегенімен кездессе, эритроциттер аггломитенциясы жүреді. Мұндай қандар сәйкес емес қандар деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
Достарыңызбен бөлісу: |