Ұю (ұйысу) организмді қан жоғалтудан сақтайтын, қорғаныстық реакциясы (бейімделуі). Ұюға қарсы жүйе: ГЕПАРИН (өкпелермен бауырда) – ұюға қарсыласады; Фибринолизин (сывороткада) – фибринді ерітетін фермент. Қанның ұю сатылыры Қанның ұюы жарақат алған жерден қан жоғалтпауға көмектеседі. Қалыпты жағдайда денедегі айналған қанда тромбоциттер, негізгі сары суы және ұюға қажетті қосымша факторлар болады. Олардың ішіндегі негізгісі протромбин, фибриноген, Са2+ иондары және К дәрумені. Ұлпалық факторлар қан тамырларын қоршаған жасушаларда болады.
Ұлпалар мен тамырлар зақымданғанда одан қан щыға бастайды. Тромбоциттер тамырдың қабырғасына «жабысады» да ұый бастайды. Зақымданған жерді жабады. Ұю факторларын және тамырды тарылтатын заттар бөле бастайды.
Протромбиназа еріген фибриногенді ерімейтін фибринге айналдырады да зақымданған жерді жауып тастайды.
Желе тәрізді жұмсақ зат біртіндеп қатая бастайды. Ол сары су арқылы сүзіліп қатты – фибринді тромб пайда болады.
Организмді қан жоғалтудан сақтайтын, оның ең маңызды қорғаныс механизмі. Қан ұюы нәтижесінде оның ерігіш нәруызы фибриноген ерімейтін фибринге айналады. Қан ұюының ферментативтік үрдіс екенін 100 жыл бұрын орыс ғалымы А.А. Шмидт (1861) тапқан. Қан ұю жүйесінің факторлары екі топқа бөлінеді.:
Гемокоагуляцияны тездететін және қамтамасыз ететін;
Оны тоқтатын немесе баяулататын.
Қан плазмасында гемокоагуляция жүйесінің 13 факторы бар. Факторлардың көбісі бауырларда кездеседі. Оның синтезі үшін « К» витамині қажет. Қан ұю үрдісі үш фазада өтеді:
Протромбиназа деген кешен түзіледі;
Белсенді протеолитикалық фермент тромбин түзеді;
Тромбин әсерінен фибриноген фибринге айналады.
Гепарин - кең спекторы бар табиғи антикоагулянт, ол алғашқы рет бауырдан алынған, сондықтан оның аты гепарин. Гепарин қан ұюының барлық фазаларын тежейді.
Гемолиз (грекше haіma –қан, lysis – еру) –эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген қан деп атайды. Ол әдетте мөп-мөлдір. Гемолизденген қан құйылған пробирка арқылы күн сәулесі өтеді. Түсі қызыл лак тәрізді, сондықтан ол қанды лак тәрізді қан деп атайды. Әсер ететін факторлар түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуге болады:
Физиологиялық гемолиз - сау адамда болады.Денедегі ескірген эритроциттер жарылып,олардың орнына сүйек кемігінен шыққан жас эритроциттер қанға түседі.Эритроцит 120-130күн жасайды.Ескірген эритроциттердің біразы бауырда,көпшілігі көкбауырда гемолизденеді;
Осмостық гемолиз - эритроциттің ішімен сыртындағы осмостық қысым айырмашылығынан тұрады. Қанға осмостық қысым аз ерітінді құйса,эритроциттің ішіне су кіреді де, ол ісінеді,судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып,ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады. Cөйтіп қан гемолизге ұшырайды;
Химиялық гемолиз - эритроциттің липоид пен ақуыздан тұратын мембранасын ерітетін химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті)әсерінен болады;
Биологиялық гемолиз - ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар –гемолизиндердің әсерінен болады. Гемолизденген қанның өзі улы. Сондықтан денедегі қанның нобайы гемолизге ұшыраса, гемолитикалық шок пайда болып, адам өлуі мүмкін;
Термиялық гемолиз - қанды біресе жылытып, біресе суытқан кезде болады, әсіресе бұл мұздаған қанды еріткенкенде кездеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады;
Механикалық гемолиз - қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан эритроцит мембранасы зақымданады (жыртылады).Демек, ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда оларды шайқамай абайлап тасу керек;
Элетрлік гемолиз - электрдің әсерінен болады.Сәуле энергиясы мен ультродыбыс та электр күші эритроцит қабығын, тканін үзіп жарады.