5. Геофизиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы
Геофизика табиғи және жасанды физикалық өрістердің көмегімен Жерді және Жерге жақын кеңістікті зерттейтін кешенді ғылым ретінде нақты және жаратылыстану ғылымдары (астрономия, физика, математика, география, геология, химия) арасында ерекше орын алады.
1-сурет. Геофизика және оның басқа жаратылыстану және техникалық ғылымдармен байланысы
Геофизиканың басқа жаратылыстану және техникалық ғылымдармен байланысы 1-суретте көрсетілген. Ол осы іргелі ғылымдардың немесе сабақтас ғылыми және қолданбалы пәндердің (мысалы, астронавтика, геодинамика, информатика, электроника) жетістіктерін пайдалана отырып, көптеген теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу міндетін олардың алдында қояды.
Жер физикасы ғылым ретінде тек Жерді, планетаны және оның қабықшаларын зерттейді: тасты – литосфераны (қалыңдығы 100 км-ге жуық), астеносфераны (400 км тереңдікке дейін созылатын), мантияны (2900 км тереңдікке дейін), сыртқы ядро (5100 км тереңдікке дейін) және ішкі ядро (Жердің орталығына дейін). Жаһандық геофизика жалпылаушы іргелі ғылым ретінде тек Жер физикасын ғана емес, сонымен қатар ғарыш пен атмосфераның, гидросфераның геофизикасын, сондай-ақ Жердің нақты физикалық өрістерін зерттейтін ғылымдарды: гравиметрия, магнитометрия, геоэлектрика, сейсмология, сейсмометрияны, термометрия, ядролық геофизиканы қамтиды. Бұл іргелі геофизикалық ғылымдардан ғылыми және қолданбалы бөлімдер ажыратылады.
Сұрақтар:
1. Геофизиканың зерттеу объектісі не?
2. Геофизика пәнінің мақсаты мен міндеттері қандай?
3. Негізгі геофизикалық ұғымдарды атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
4. Геофизиканың зерттеу әдістері қандай?
5. Геофизика басқа қандай ғылымдармен өзара байланысқан?
6. Қандай геофизикалық әдістер бар?
7. Табиғи өріске не жатады?
8. Жасанды өріске не жатады?
Достарыңызбен бөлісу: |