1-дәріс Геофизикаға кіріспе Жоспары



бет1/5
Дата08.03.2023
өлшемі232,52 Kb.
#72499
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1-дәріс


1-дәріс


Геофизикаға кіріспе


Жоспары:
1. Геофизиканың зерттеу объектісі
2. Геофизика пәнінің мақсаты мен міндеттері
3. Негізгі геофизикалық ұғымдар мен анықтамалар
4. Геофизиканың зерттеу әдістері
5. Геофизиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы


1. Геофизиканың зерттеу объектісі – қатты қабаттан (литосфера), теңіз, мұхит, жер асты және бетіндегі сулардан (гидросфера), ауа қабатынан (атмосфера) тұратын Жер планетасы.
Геофизика үш үлкен жеке бөлімге бөлінеді - қатты жер физикасы (немесе қатты дене), гидросфера физикасы (немесе гидрофизика), атмосфера және жақын ғарыш физикасы. Бұл бөлімдердің әрқайсысы жақсы дамыған бірнеше жеке тәуелсіз ғылымдарды қамтиды.
2. Геофизика пәнінің мақсаты мен міндеттері
«Геофизика» пәнінің мақсаты – Жер қойнауы оның су және ауа қабаттарының құрылысы туралы мәліметтер алу. Планетамыздың пайда болуы мен дамуын зерттеу.
Геофизика басқа жаратылыстану пәндерімен бірге география ғылымының біртұтас жүйесін құрайды. Ол Жердің ішкі құрылымы, физикалық қасиеттері мен литосфера, гидросфера және атмосферада болып жатқан процестерді, біздің планетамыздың пайда болуы мен дамуын қарастырады.
Міндеттері:
1. Жер бетіне жақын қабаттарда болып жатқан күрделі геологиялық, геохимиялық және физикалық-химиялық процестерді;
2. Табиғи ресурстарды және инженерлік құрылыстарды тиімді пайдалану үшін геофизикалық зерттеу әдістерін;
3. Геофизиканың геологиялық және техногендік экологиялық мәселелерін қарастыру.
«Геофизика» пәні жеке географиялық ғылымдармен – гидрология, климатология және метеорология, геологиямен тығыз байланысты, сондықтан ол осы пәндердің дамуының негізі болып табылады.
Басқа іргелі ғылымдар сияқты қазіргі геофизика да физикалық әдістерді, геохимиялық зерттеулерді, сондай-ақ аэроғарыштық бақылаулардың нәтижелерін пайдаланады. Геофизика жер туралы ғылымдардың, ең алдымен физика, математика, химия және биология сияқты іргелі ғылымдардың тоғысында орналасқан. Жер зерттеу процесінде Күн жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және онымен әрекеттесетін біртұтас күрделі және үздіксіз өзгеретін физикалық дене ретінде қарастырылады.
Жер ядросының тереңдігінен басталып, жердің су және газ қабықшаларына дейін Жер денесінде болып жатқан процестерді зерттеуде геофизиканың рөлі орасан зор. Өйткені, Жердің ішкі бөлігінің терең бөліктерін зерттемей, негізгі геотектоникалық және магмалық процестердің себептерін ашу мүмкін емес.
Геофизиканың барлық бөлімдері адамның практикалық іс-әрекетімен, яғни пайдалы қазбаларды барлау мен өндірумен, жердің ішкі бөлігінің, мұхит тереңдігінің және ғарыш кеңістігінің энергиясын игерумен, қолайсыз құбылыстарды болжаумен, қоршаған ортаны қорғаумен және табиғи процестерді басқарумен тікелей байланысты.
Геофизикалық зерттеулер арнайы обсерваториялар мен станциялар жүргізетін аспаптық: сейсмологиялық, геомагниттік, гравиметриялық, метеорологиялық, гидрологиялық бақылауларға негізделген. Жерді танып білуде экспедициялық зерттеулер мен аэроғарыштық бақылаулар мен өлшеулер маңызды рөл атқарады.
Геофизикалық зерттеулер жер қыртысының ең жоғарғы қабаттарын, атмосфераның төменгі қабаттары мен Дүниежүзілік мұхиттың жағалау аймақтарын қамтиды. Радарлардың, радиотелескоптардың, телеметриялық аппаратуралардың, ультра терең бұрғылау қондырғыларының, Жердің жасанды серігінің, геофизикалық зымырандар мен батискафтардың көмегімен атмосфераның биік қабаттарына, мұхиттардың тереңдігіне және теңіз түбіне енуге болады.
Геосфералардың тек біреуін – литосфера, гидросфера немесе атмосфера туралы біліп қана қою жеткіліксіз, өйткені бір қабықтағы геофизикалық процестердің мәнін бір-бірімен әрекеттесетін барлық басқа геосфераларды білмей түсіну мүмкін емес. Сондықтан барлық үш бөлімді: қатты жер физикасын, гидросфера физикасын және атмосфера физикасын оқып білу қажет. Өйткені, Жердің кез келген қабықшасының қасиеттері мен процестерін егжей-тегжейлі зерттеу өзара әрекеттесетін барлық басқа геосфералар туралы білімге негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет