1-дәріс. «Жаңартылған мазмұндағы «Математика» пәнін оқыту әдістемесі» бастауыш мектептегі математика әдістемесінің негіздері жайлы ғылым



бет4/26
Дата16.02.2022
өлшемі383,54 Kb.
#25705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Санды талдау үлгісі:

}Кез-келген үш таңбалы санға сипаттама бередi. Мысалы: 321 саны.

Бұл-үш таңбалы сан, 3,2,1 цифрларының көмегiмен жазылады.

320 мен 322 сандарының ортасында келедi немесе көршiлерi 320 және 322 сандары, 320 –дан кейiн, 322-ге дейiн келедi.

321 – 3 жүздiк, 2 ондық, 1 бiрлiктен құралған.

321=300+20+1 (разрядтық қосылғыштарға жiктеу)

Үлес бүтінді бірнеше тең бөліктерге бөліп, бір бөлігін алу.

Бөлшек – бүтіннің бір немесе бірнеше тең бөлігі.

}Алымы бөлімінен артық не оған тең болатын бөлшек бұрыс бөлшек деп, ал алымы бөлімінен кем болатын бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.    

}Егер бір бөлшектің алымын да, бөлімін де бір натурал санға көбейтсе немесе бөлсе, онда оған тең бөлшек шығады.

}Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы артық болса, сол бөлшек артық, ал қайсысының алымы кем болса, сол бөлшек кем болады. 11/12 > 7/12,        9/12>(7 )/12,          5/12<(11 )/12

}Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі кем болса, сол бөлшек артық, және керісінше қайсысының бөлімі артық болса, сол бөлшек кем болады: 2/12<(2 )/4,        2/12<  2/3 ,        2/4>(2 )/6,          2/3>(2 )/6 

}Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру:            

11/6 = (1 ∙ 6 +1)/6 = 7/6 ;                            2 3/5=( 2  ∙ 5 +3)/5=( 13)/5.

}Кез келген шама немесе санның жүзден бір үлесін процент (пайыз) деп атайды.  Математикада  «пайыз» арнайы таңбамен белгіленеді:  %.

}1/100= 1%. Шаманың бір процентін (пайызын) табу үшін оны 100-ге бөлу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет