Дәріске тапсырма:
1.Төте жазудың алдыңғы екі жазудан басты айырмашылығы неде?
2. Төте жазуда неше әріп неше фонеманы таңбалаған?
3. Төте жазуда дауыстының таңбасы неге аз?
4. Төте жазумен қай еңбектер жазылды?
5. Төте жазу туралы орыс және қазақ зиялыларының пікірлерінен не түюге болады?
6. Төте жазудың қандай олқылықтары болды?
10-дәріс. Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жобалары
Араб графикасының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін берудегі қолайсыздығы,
омографтардың көбейіп кетуінен мәтін мағынасын түсіну кейде қиын болды. 19 ғ. аяғында
Ресей үкіметі саясатының есебінен орыс жазуына көшу бағыты шыға баста-ды. 1876
жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру туралы мәселе ресми түрде қолға алынды.
Алғашқы әліпбилер жасала бастады. Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ
әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің
өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: ă –<ә>, ŏ- <ө>, у –< ү>, і –
<і>, ы – <ы>, н – <ң>, к<қ>, г – <ғ>. Орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я
таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын) қолданбады.
Н.И.Ильминскийдің бұл жазуына кезінде В.В.Григорьев тарапынан арнайы сын айтылған
еді. Онда В.В.Григорьев араб жазуы сіз ойлағандай қазақ жазуына келмейді емес дейді:
“Но справедливость прежде всего, даже и в отношении к арабской азбуке: зачем обижать
ее, а вы, я нахожу, обидели ее, унизив паче меры”. Ғалым басқа әліпбиді алған соң оны не
өзгеріссіз қабылдау керек, не сол әліпби таңбаларының шегінде ғана пайдалану керек
деген. В.В.Григорьев қазақ тілінің консонантизм жүйесіне араб графикасының 19 әрпі
жеткен еді, ал сөз болып отырған әліпбиде 3 әріпті (қ, ғ, ң) қолдан жасайды, 2 әріпті (w, j)
латыннан алады дейді. “Находите вы еще в киргизском языке особое тонкое а которое
изображаете через ă. Я полагаю что ваше а по тождественности своей с тонким глухим е,
можеть быть безо всякого неудобство изображаемо буквою э” деп пікір түйеді. Автор к
әрпімен <қ>, <к> фонемаларын, г әрпімен <ғ>, <ћ>, <г> фонемаларын белгілеу керек,
себебі бұлармен іргелес келген дауысты таңбасы жуан-жіңішке оқылуын айырып тұрады,
жүген, кереге, қаймақ, қол сөздерін басқаша оқу мүмкін емес деді. Ң фонемасын нг немесе
н деп бергенді дұрыс көреді және й әрпі тұрғанда латыннан j таңбасын алып қажеті жоқ
екенін, сондай-ақ [иа] тіркесін я, [йе]-е, [иы]-йы, [йі] (ий), [йо]-йо деп беруді, сөйтіп я, ю,
ъ әріптерін орыс сөздерін оқығанда оңай болу үшін, және әріп үнемдеу үшін қалдыруды
ұсынады. Автор <е> дыбысын негізгі реңкі [je] деп табады. 178 179
Оқымысты тарапынан осындай сынға ұшырағанмен Н.Ильминскийдің орыс
графикасымен берген қазақ әліпбиінің қазақ тілі дыбыстар жүйесін белгілеуде бірнеше
артықшылығы бар. Ғалым түзген графикада е графемасы сөз басындағы дифтонг реңкін
[je], жіңішке [й] дыбысын және жуан [e]-ні таңбалайды. Және І-буындағы еріндіктен кейін
[ө]-ні білдіреді: [тўсцр]. Н.Ильминский ә әрпі (д) тек араб, парсы және Бәке, әтеке сияқты
төл сөздерде қолданылатынын айта келіп, тілде жіңішкеру бағытының күшейгенін
ескертеді. Ғалым <а>, <о>, <ұ>- дан кейін <ә>, <е>, <і> келсе, алдыңғылары велярланады
дейді: [сцjерде], [сцідеіді], [бяітйді]. Сондай-ақ <й> дыбысының да сөзді жіңішкертетін
қасиетін көрсетеді: бяjум, біідаі, бяіда, оілдды, баіліқ. Сонда автор әліпбиіндегі
дауыстылардың әріп-дыбыс қатынасы төмендегідей: а [а] [ә], е [э] бер, [й] неге, [ө] төсек,
[је] егер; о [о], [уо], [ө] сойдеді; ы [ы], [і]; у [ұ], [ү]; а[ә], і[і], ǒ[ө].
Ал дауыссыздар таңбасы мынадай болды: п, б, м, w (у), т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, j (й),
қ (қ), ғ (ғ), к, г, нь (ң). Н.И. Ильминский <қ>, <ғ> дауыссызы басқа дауыссыздарға
қарағанда ерекшеленетіндіктен жеке-жеке әріп арнадық дейді, сондай-ақ <ж>, <ш>
фонемалары жіңішке тілалды ғана болып айтылатынын ескертеді. Сонымен бірге ғалым
жазба тілде мынадай морфонологиялық алмасулардың таңбаланатынын көрсетеді: <б>-
<у> (табыбтауыб ), <м>-<н> (Махамбет, Үмбет), <н>-<д> (кімді), <д><н> және 0 (кімнен;
мен(д)ен-менен). Ал сөз басындағы л, р әріптерінің алдына әнтек естілсе де ы, і
қысаңдарын жазу дұрыстығын оларға күшейткіш буын лап-лас, рап-рас деп емес, ып-рас,
ып-лас болып жалғанатынына негіздейді. В.В.Радлов та өзінің 1870ж. жарық көрген
“Образцы народной литературы тюркских племен Южной Сибири и Джунгарии” деген
хрестоматиялық материалдарын орыс графикасымен жазғаны мәлім. Мұнда байқалатын
өзгешелік [и] дыбысы бірде і, бірде j белгісімен, <ғ>-ны қ таңбасымен, [дж] дыбыс
тіркесін – n әрпімен және <л> фонемасын латын графикасындағы l-мен берілуі болып
табылады. Б.Әбілқасымов архив деректері Н.И.Ильминский мен В.В.Радловтың қазақ
тіліне икемдеп жасаған әліпбилері Ресей университеті оқымыстылары тарапынан қолдау
көрмегенін, орыс алфавиті өзгертусіз қолдануы керек деген ұсыныстар басым болғанын
көрсетті дейді. Оған мына дәлелдер келтірілген дейді автор: 1) тілдің барлық оттенкісін
бере алатын дүние жүзінде бір де бір жетілген алфавит жоқ, бірақ одан тілге келген
қиындық байқалмайды; 2) араб әліппесі түркі халықтарының дыбыстық құрылысына
үйлеспесе де, осы алфавитпен олар осы кезге дейін пайдаланып келді; 3) европа тілдері
үшін пайдалануға толық икемді орыс әліппесі араб алфавитіне қарағанда, осы күйінде де
қазақ тіліне әбден жарайды. Бірақ В.В.Радловтың Қазан университеті жанындағы
археология, тарих этнография қоғамының мәжілісінде жасаған баяндамасынан кейін орыс
алфавитін сол қалпында түркі жұртының жазуына қолдануға болмайды деген пікір
қалыптасқанын көреміз. Ы.Алтынсаринның “Қырғыз хрестоматиясының” 2-басылымында
орыс алфавитінің және латын графикасының мынадай таңбалары пайдаланылған: д <ә>, я
<ү>, ц <ө>, н <ң>, к <қ>, у <ұ>, и <і>және (ій), й<й>, г<ғ>, і<і>, у <ұу>, уу <ұу>. Мұндағы
г-<ғ>, <г>, к-<қ>, <к> таңбалары төрт дыбысты берсе, керісінше <і> фонемасы і және и
екі графемасымен де белгіленді (кійиз, тійме, адилдик), кейде и <е>ні де берді. У әрпі [ұу]
қосарын таңбаласа да (тоқу, саусқан, шоқу), уу тіркесі де пайдаланылды (ашуума).
Сондай-ақ [е]-мен қатар келген [w] я –мен <ү> белгіленді (бесеям, бірея). Сонда
Ы.Алтынсарин
әліпбиінде
<і>-<й>,
<у>-<ү>
фонемалары
жеткілікті
дифференциацияланып, графикалана алмағанын көреміз. Хрестоматияда ерін үндестігі
жүйелі таңбаланып отырады: болду, оку, окуулук, току, кяннцнкянгц, дянйц, кцңялгц,
цнцр, бяйрцгямц, яйдцгүмц. І-буындағы екі ашық езулік буын арасында қысаң езуліктер
жүйелі түсіріліп отырады: тлек, кобланды, даншпан, ыклас, мнау, домбра, пскенде, брак,
бреу, кші, ксі; сөз аяғында б қолданылады: талаб, көб. Соңғы орфографиялық
ерекшеліктерге қатысты ДУГ-нде қысаңдарды түсірмеу, ұу, ій орнына бір таңба жазу
ұсынылады (ДУГ. 1899. №22, 23). Сөзді жіңішкерту үшін кей жерде ь таңбасы да
жазылған (ел-эль). “Ы.Алтынсариннің шәкірті А.Балғымбаевтың естеліктеріне қарағанда,
ресми түрде орыстан өзге халықтар жазуын орыс графикасына көшіру туралы заң
(положения) 1906 жылы 31 март-та шыққан тәрізді. Соның өзінде оған қарсы
шығушылардың пікірінен қорыққан орыс әкімшілік орындары осы мәселеге арнап, 1910
жылы июньде Петербургта әдейі кеңес шақырады. Жергілікті халықтан уәкілдер қатысқан
бұл кеңесте жоғарыдағы Положенияның көп жеріне өзгерістер енгізіліп, орыс жазуы тек
ресми документтер мен оқулық кітаптарға ғана қолданылатын болсын деген шешімге
келеді” дейді проф. Б.Әбілқасымов. Революцияға дейін жарық көрген қазақ тілі
сөздіктерінің
графикасы
мен
емлесін
зерттеген
проф.М.Малбақов
1912ж.
“Орысшақазақша сөздік”, 1917ж. Т.Бокиннің “Қазақша-орысша сөздігі”, Клапорт
сөздігінде, Е.Бокиннің “Орысша-қазақша және қазақшаорысша сөздігінде” орыс
графикасының әліпбиі мен емлесі сақталып жазылғанын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |