жөн еді дейміз. Төртінші, бірге, бөлек жазылатын сөздердің қиындығын болдырмау үшін
емле ережелерінің алғашқы тәжірибесіндегідей, 1929ж.
емле конференциясына
қатысушылардың терминімен айтқанда, “тілді тұтынушылар санасында біртұтас ұғым
болып танылатын, екі сөзден тұратын, аралық қосымшасыз” сөздерді біріктіріп жазу керек
еді. Бұндай бағыт 1929ж. емле ережесінде де, 1940ж. орыс графикасымен бірге түзілген
емле ережесінің жобасында да, 1941ж. орфография сөздігінде де, 1948ж. М.Балақаев
құрастырған сөздікте де ұсталынды. Алайда сол сөздер орыс
тіліндегі аудармасы бөлек
жазылатындықтан (
народное хозяйство - халық шаруашылығы
, т.с.с.), орыс
орфографиясында фразеологиялық тіркестердің бөлек таңбаланатындығынан,
қазақ
тіліндегі идиомалық атаулар мен лексикалық атаулардың арақатынасы, қазақ тіліндегі
сөзайналым процесі тұрғысынан дұрыс түсінілмегендіктен
бөлек таңбаланатын сөздер
қатары
көбейді.
Достарыңызбен бөлісу: