Байланысты: 1-д?ріс. Жазуды? пайда болуы мен дамуы. Жазуды? ма?ызы мен ?ызме
а, е, ы, і әріптері барлық буында, ал
ə, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң
сөздің І-буынында ғана жазылады делінген. Бұдан <а> фонемасының жіңішке варианты
<е>, <ы> фонемасының жіңішке варианты <і> болып шығады. Ал еріндіктердің негізгі
реңкінің таңбалануы (<о>, <ұ>) шектелгеннен кейін, олардың жіңішке варианттарының
(<ү>, <ө>) позициялық түрленімі берілмейтіні белгілі. Сонда <ә> фонемасы кірме дыбыс
ретінде ұғынылады. Екінші, ҚТОНЕ-де
я, ю әріптерінің қызметін толық пайдаланбады.
Ю - [йұу], [йүу],
я -[йа], [йә] дыбыс тіркестерін берген таңба
айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз сөздерінде неге ауытқиды? Оның себебі
қазақ фонетикасы
я, ю, у, и, е әріптерін дауысты дыбысқа жатқызуынан, бір сөз шенінде
үш дауысты қатар келмейді деген тұжырымынан шыққан:
аюан, аюанат, мыюа, дыюана, қыюаз деп жазу тасымалдауға да келмейді делінген. Осыған ұқсас
я, ю әріптерінің
алдынан келген <ы>, <і> фонемалары
и әрпімен біреледі деген (
қию [қыййұу]) ереже бар.
Бұл – әріп ЖТ-да ортақ қабылданған шартты таңба,
ю, я, у, и таңбалары дыбыс емес,
дыбыс тіркесінің “суреті”, жазу мен АТ екі басқа таңбалық жүйе екенін парықтамаудан
шығып отыр. [йұу], [йүу], [йа], [йә], [ұу], [үу], [ый], [ій] дыбыс тіркестерінің
ю, я, у, и таңбаларымен берілетініне жоғарыдағыдай ауытқу-ескертудің қажеті жоқ деп білеміз.
Сонда
аюанат, хаюан, кеюана, қыюа, қыюаз, кію, тыю, сыю, тыя, сыя деген
орфограммалар уәжді болады. Үшінші, 1983ж. өзгерту
х әрпінің жұмсалу шегін жөнсіз
тарылтты деп ойлаймыз. Негізінен, араб-парсы тілінен енген сөздердің біразы дәстүр
бойынша