11-дәріс. Қазақ тілі емле ережелері, оған қатысты ұсыныстар. Қазіргі қазақ
орфографиясы негізгі принципінің сипаты
Қазақ орфографиясы негізгі ережелері
ҚТОНЕ-ін қолданыстағы орналасу ретіне қарай графикаға
байланысты ережелер
(әріптердің емлесі), морфологиялық принципке негізделген ережелер (түбір сөздер, бөлек,
бірге жазылатын сөздер, қос сөздер емлесі) қазақ тілінің үндесім және үйлесім заңына
негізделген
ережелер
(қосымшалардың,
шылау
сөздердің
емлесі),
жазудың
идеографиялық принципіне негізделген (бас әріптің қолданылуы)
және техникалық
ережелер (сөздердің тасымалдануы) деп бөлдік. Мұндағы графикалық ереже әліпбидегі 42
таңбаның дыбыстық мағынасын, олардың графикалық контекстегі жазылатын
позициясын,
кей
позицияда
нөлмен
алмасатынын
көрсетеді.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне енгізілген өзгерістердің
фонологиялық жəне семантикалық сипаты. ҚТОНЕ-нің 1983ж., 2001ж. өзгерістеріне
талдау
жасала келе, ол өзгертулер 1929ж., 1940ж. графика мен емле ережесінде де
айтылып, қабылданбай қалған тұстар екеніне көз жеткізілді. Осыған орай қазақ тілі
орфографиясын жетілдіру үшін қандай түзетулер жасау керек және 1957ж. ҚТОНЕ-де
нендей тұстар ескерілмей қалды деген мәселе төңірегінде ой қозғадық. 1957ж. ережеде [ә]
дыбысы <а> фонемасының
жіңішке варианты деп емес, кірме дыбыс ретінде жалаң
сөздердің бірінші буынында ғана жазылады деп бұрыс шешілді. Егер фонеманың негізгі
реңкі сөздің барлық буынында таңбаланса, онда вариантына шек қойылмауға тиісті.
Мысалы, ҚТОНЕ §2-ында
а, е, ы, і әріптері барлық буында, ал
ə, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң
сөздің І-буынында ғана жазылады делінген. Бұдан <а> фонемасының
жіңішке варианты
<е>, <ы> фонемасының жіңішке варианты <і> болып шығады. Ал еріндіктердің негізгі
реңкінің таңбалануы (<о>, <ұ>)
шектелгеннен кейін, олардың жіңішке варианттарының
(<ү>, <ө>) позициялық түрленімі берілмейтіні белгілі. Сонда <ә> фонемасы кірме дыбыс
ретінде ұғынылады. Екінші, ҚТОНЕ-де
я, ю әріптерінің қызметін толық пайдаланбады.
Достарыңызбен бөлісу: