№1 дәріс. Жеке-тұлғалық өсу тренингі психологиялық айна ретінде. Жеке-тұлғалық өсу тренингінің жалпы принциптері



бет15/15
Дата26.10.2022
өлшемі186 Kb.
#45543
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
№1 д ріс. Жеке-т л алы су тренингі психологиялы айна ретінде.

Әдебиеттер тізімі:
1.Келли Г. Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.
2.Евтихов О. Практика психологического тренинга.Спб, 2005.
3.Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М., 1996.
4.Тренинг технологиясына кіріспе/ Орыс тілінен аударып және құрастырған А.А.Лиясова.- Алматы, 2011. -237с.
http://artpsy.kz

№ 15 дәріс. «Рефлексия» және «Қоштасу ерекшеліктері». «Мен — табысты адаммын» тұлғалық өсу тренингі.




Рефлексия – адамның өзін-өзі, ішкі психикалыө актісін, жағдайы мен ерекшелігін, өзінің ішкі әлемін тану процесі, өзі қалай басқаға қабылдануын түсіну және өзінің мінез-құлқын басқалардың мүмкін реакцияларынмен құру;
Ең басты назар аудару керек нарсе - ол тренинг топтың құрылуына. Бұл топтық құрылудың екі түрі бар : «құрама» топтық ұйым, яғни мұнда қатысушы мамандар әртүрлі мекеме, ұйымдардан келгендер немесе бір ұжымдағы адамдар қатысады, мысалы бір мектепте жұмыс істейтейтіндер. Екі түрлі топпен де жүргізілген жұмыс тәжірибесі бойынша, екінші топ тренингтің нәтижесінің тұрақтылығы, келесі бірлескен жұмыстың тиімділігін көтеру, инновациялық технологияларды енгізу жоспары бойынша тиімді болып келеді. Егер тренингке бір мекемеден бір адам қатысатын болса, өз потенциалын ғана жүзеге асыруға тырысады да, онда пайда болған өзгерістер өз мекемесінде қалыптасқан нормалармен және құндылықтармен сәйкес келмелей, кәсіби өзін-өзі дамытуы қиынға соғады.
Керісінше, психологиялық тренингке бір мекеменің қызметкерлерінен құрылған топ қатысса, ол өз ұжымында жаналық енгізудің инициаторы және мекемеде өзгерістер енгізуге қабілетті қызметкер бола алады. Сондықтан, қалыптасып қойған кәсіби ұжыммен тренинг жүргізген тиімді. Тренингтік жұмысты ұйымның әкімшілік қызметкерлерінен, басшылармен, директорлармен бастаған жөн. Бұл жұмыстың мақсаты басшылардың қызметкерлерімен психологиялық жұмыстың жаңа формасын қабылдауына мотивациялар тудыру.
Сабақ өткізілетін орын дыбысты сыртқа шығармайтын және бөтен адам жұмысқа кездейсоқ кедергі келтірмейтін жерде орналасуы керек. Сабақ 10-12 сағатқа созылуы мүмкін болғандықтан, кабинетте кең, ыңғайлы болуы керек және желдетіліп отыруы қажет. Қатысушыларға ыңғайлы және жеңіл орындықтармен қатар, кабинетте үлкен парақтарынмен планшет (жүргізуші оған фломастермен бірдеңе жазуы немесе сурет салуы мүмкін), видеомагнитофон мен теледидар болуы керек. Кабинеттегі кеңістік кең болып, қатысушылардың шеңбері кабинеттің жартысын алып, ал қалған жартысында маттар мен кілем жайылып жатса ыңғайлы болады (медитация немесе денелік терапия жаттығуларын жасағанда ыңғайлы).
Жұмыс барысында бір жарым сағат сайын 10 минут үзіліс жасалады. Екі сағаттық түскі асқа үзіліс болуы да мүмкін.
Тренинг жұмыстарын, топтағы қатысып отырған адамдарың жұмыс орындарында емес, арнайы даярланған мекемеде өткізгені дұрыс. Тренингті қала сыртындағы санаторияда, пансионаттарда өткізуге болады. Егер де тренинг 5-6 күнге созылса қатысушылар онда тек қана өмір сүріп, тамақтанып қана қоймайды, сонымен қатар дем алып, спортпен айналысады. Марафондық-тренинг уақытында үйге түнеуге бармаған жөн. Үйге кету – теренингтағы атмосферадан және контекстан «құлау» болып табылады. Соның әсерінен топтағы динамика тежелуі мүмкін. Егер қатысушы құпиялық принципті сақтамай топтпғы болып жатған нәрселерді үйдегілеріне айтса, топқа зиянын келтіру мүмкін. Тренинг өткізу барсында «сыртқы өмірімен» қарым-қатынасын азайтқан жөн ( жұмысына, үй ішіне қоңырау салудан алшақ болған абзал).
Жұмыс өткізілетін мекеме, ешкім кедергі болмайтын орында орналасуы керек. Сабақ 10-12 сағатқа созылуы мүмкін, сол себептен жұмыс жүргізілетін орын кең, ынғайлы, желдетіп тұрулы керек. Қатысушыларға арналған ыңғайлы креслолар, шеңберде тұрған адамдарға арналған планшеттер, жүргізушінің айтқан сөздерін жазып алу үшін ақ қағазадр, фломастерлер видеомагнитофондар қажет. Жұмыс жүргізілетін орын кең болып, бір жағынды қатысушылар жұмыс жасаса, ал екінші жағында кілем жайылып жатқаны жақсы (ол медитация, денеге бағытталған терапия жаттығуларын жүргізу үшін өте ыңғайлы).


Әдебиеттер тізімі:
1.Келли Г. Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.
2.Евтихов О. Практика психологического тренинга.Спб, 2005.
3.Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М., 1996.
4.Тренинг технологиясына кіріспе/ Орыс тілінен аударып және құрастырған А.А.Лиясова.- Алматы, 2011. -237с.
http://artpsy.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет