1-ДӘріс жоспар кіріспе Linux операциялық жүйесімен танысу Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері Linux-тің таралуы Жүйе дистрибутивтері Linux жүйесі Көпқолданбалы операциялық жүйе Көптапсырмалы операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата27.12.2022
өлшемі174,44 Kb.
#59854
1   2   3   4   5   6   7
Linux жүйесі 
“Linux” терминінің мағынасы толығымен анықталмаған. Ең алдымен 
ол ядроны, Linuх-тің кез келген версиясының жүрегі ретінде білдіріледі. Ал 
кең ауқымдағы мағынасы — дистрибутив деп аталатын, осы ядрода 
орындалатын бағдарламалар жиынтығы. Ядроның мақсаты – бағдарламалар, 
соның ішінде базалық аппараттық бағдарламалар мен есептеулерді немесе 
бағдарламалардың орындалуын басқаратын жүйелер сияқты бағдарламалар 
орындалатын базалық ортаны қамтамасыз ету. 
Нақтырақ айтсақ, белгілі бір уақыт мезетінде Linuх-тің тек бір ғана 
ағымдағы түрі бар, ол — ағымдағы ядро түрі. Торвальдс Linuх әлемінде 
ядроны өз иелігі ретінде белгілеп, күллі дүниедегі мыңдаған 
құрастырушыларға осы ядро үшін қолданбалы бағдарламалар мен қызметтер 
құруға мүмкіндік берген. 
Кез келген анықтамадан шыққанда Linuх операциялық жүйе болып 
табылады. Linuх-ті басқа дербес компьютерлерге арналған операциялық 
жүйелерден айыратын ядроның ерекшелігі сонда — бұл жүйе 
көптапсырмалы және көпқолданбалы болып табылады. 
Linux операциялық жүйесін түрлі бағдармаларды құру үшін 
пайдалануға болады. Қазіргі кезде Linux-ке арналған мынадай 
бағдарламалық қамтамалар бар: 
DOS пен Windows-тің бағдарламалық қамтамалары. Linux-те 
орнықтылықтың жоғары деңгейінде DOS бағдарламаларын орындауға 
болады. Windows-ке арналған бағдарламаларды орындаудың да бірнеше 
әдістері бар. 
XWindows қабықшасы. Бұл өте ыңғайлы, әрі көрнекті және оңай 
конфигурацияланатын орта, ол сонымен қатар Linux көптеген жүйелерінде 
жұмыс істейді. XWindows ортасында орындалатын көптеген бағдарламалар 
Linux-ті қарапайым және ыңғайлы операциялық жүйеге түрлендіреді. 
Мәтіндік редакторлар. WordPerfect, StartOffice және ApplixWare сияқты 
коммерциялық мәтіндік редакторлардан басқа Linux-тің өзіне енген қуатты 
мәтіндік файлдарды түзететін жабдықтары бар. 
Бағдарламалау тілдері. Көптеген бағдарламалау мен бағдарлама 
дайындау тілдері, т.б. Linux операциялық жүйелеріне арналған жабдықтары 


бар. Бағдарламалау жабдықтарының мол болуы бағдарламаларды 
құрастыруды жеңілдетеді. 
Деректер қоймалары. Барлық Linux платформаларындағыдай Linux 
клиент-сервер деректер қоймалары үшін берік негізді қамтамасыз етеді. 
Linux әрқашан да mSQL және Postgre сияқты деректер қоймаларын 
қолдайды. Жүйенің дамуы, әсіресе корпоративті ақпарат әлемінде, Linux-ке 
арналған саудалық реляциондық деректер қоймаларының серверлер санын 
арттыра түсті. Бүгін Linux үшін реляциондық деректер қоймалары Огасlе, 
Sybase, Informix сияқты компаниялармен ұсынылады. 
Іnternet жабдықтары. Linux белгілі Netscape Communication және 
Моsаіс сияқты бағдарламаларды қолдаумен қатар өзінің де Іnternet-ке 
арналған бағдарламалық қамтамалары бар. Оларға электронды поштаны 
оқитын мәтіндік және графиктік бағдарламалар, Іnternet серверлерін (Web-
серверлер, электронды пошта мен жаңалықтар серверлері) құруға арналған 
толық бағдарламалық қамтамалар жатады. Іnternet-ке жергілікті желі немесе 
модем арқылы қосылуды толық қолдау қамтамасыз етілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет