1-ДӘріс жоспар кіріспе Linux операциялық жүйесімен танысу Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері Linux-тің таралуы Жүйе дистрибутивтері Linux жүйесі Көпқолданбалы операциялық жүйе Көптапсырмалы операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата27.12.2022
өлшемі174,44 Kb.
#59854
1   2   3   4   5   6   7
 
Көпқолданбалы операциялық жүйе 
Windows-тің барлық версиялары мен МасОS жүйелері бірқолданбалы 
(яғни бір қолданушыға арналған) болып табылады. Windows NT кейбір 
қызметтері көпқолданбалылық жайында сөз етуге себеп береді, бірақ әр 
уақыт мезетінде жүйемен тек бір адам жұмыс істей алады. Жақын арада 
Windows NТ-ді көпқолданбалы платформа негізінде жаңа Windows NT 
Terminal Server Edition жүйесін құру әрекеті ұйымдасқан болатын. 
Linux бір уақытта бірнеше қолданушының жұмысын қамтамасыз етеді
бұл оның көпқолданбалылық артықшылықтарын түгелдей пайдалануға 
мүмкіндік береді. Бұдан үлкен құндылық шықпақ: Linux-ті қосымшалар 
сервері ретінде дамытуға болады. Қолданушылар терминалдан немесе 
өздерінің дербес компьютерлерінен жергілікті желі арқылы Linux серверіне 
шығып, өз компьютерінен емес, осы серверден бағдармаларды жүктей алады. 
Көптапсырмалы операциялық жүйе 
Көрқолданбалылықпен қатар Linux-тің көптапсырмалылық қасиеті 
бар. 
Бір кездерде есептеу жүйелері Windows 3.1-ден Windows 95-ке 
ауысқанда, жаңа жүйенің көптапсырмалылығы негізгі құндылығы болып 
саналды. 
Жүйенің көптапсырмалылығы — оның бірнеше операцияларды 
(үрдістерді) бір уақытта орындай алуы. Сонда жалғыз процессордан құралған 
компьютер бірнеше операцияны параллель орындай алады. Әрине, шынын 
айтсақ процессор бірнеше әрекетті бір уақытта орындай алмайды, 
көптапсырмалылық негізіне бір әрекеттен екіншіге шапшаң ауысуы жатады. 
Әрқашан да Uniх жүйелеріндегі көптапсырмалылық Windows 
жүйелеріндегіден гөрі жоғары деңгейде болды. Linuх бірнеше әрекетті үлкен 
корпоративтік серверлер мен қуатты жұмыс станциялары үшін ерекше 


тәсілмен орындайды. Қазіргі күндері тек Windows 2000 мен Windows NT ғана 
дәл сондай көптапсырмалылықты қамтамасыз ете алады. Бір кездерде 
керемет шу көтерген Windows 95-тің өзі бір уақытта орындалатын 
әрекеттердің көп санын әрең орындап үлгереді. 
Linux жүйесі, Windows NT мен Windows 2000 сияқты, Реntium II екілік 
жүйесі тәрізді көппроцессорлы компьютерлерді қолдайды. Бұл 
компьютерлер шын мәнінде екі бір уақыттағы әрекетті орындайды. 
Көппроцессорлық көптапсырмалылықпен бірге бір компьютерде 
орындалатын бір уақытта іске асатын бағдарламалар санын айтарлықтай 
көбейтуге мүмкіндік береді. 
Операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер 
Операциялық жүйелер программалар жұмысын басқарады. Оларды 
есепке жібереді, тоқтатады және өшіреді. Өз кезегінде ОЖ-де 
микропроцессорда орындалатын программа. Программаны орындауға кірісу 
дегеніміз ол сол программаның командаларын бірінен соң бірін орындау. 
Программа және оның мәліметтері сол уақыттағы үрдіс ағынын анықтайды. 
Сондықтан, оперциялық жүйе басқаратын объектілердің бірінші класы 
ол үрдістер ОЖ үрдістермен келесі әрекеттерді орындайды: үрдісті құру, 
үрдісті жүктеу, үрдісті тоқтату, үрдісті жаңарту (жалғастыру),үрдісті жою. 
Егер үрдіс деп программа орындалуын айтсақ онда ол ешқандай баяндауды 
қажет етпейді. әдетте, ОЖ бір ғана емес, көп үрдістермен жұмыс жасайды. 
Үрдістер бір-бірімен белгілі бір қатынаста бола алады. Мұндай қатынас 
бірінші түрі ол тәуелсіздік, яғни бір үрдіс екінші үрдіс күйіне ешбір әсер 
етпейді. Математика көпмүше объектілері арасындағы қатынастарын 
баяндағанда формальді логикалық ережелер қолданылады. 
Келесі ОЖ басқаратын өте маңызды объекттің бірі ол қор (ресурс). 
ОЖ теориясында қордың анықтамасы ол кең және формальді мағынаға 
ие. Қор ұғымына мынадай түсінікті әрі сезуге болатын объекттер жатады: 
жедел жады көлемі, сыртқы құрылғыларының көлемі, көптеген енгізу-
шығару құрылғылары. Уақыт қорына келетін болсақ, ол ұғым ұқыпты 
талдануы қажет. Біріншіден, ОЖ астрономиялық уақытпен жұмыс жасайтын 
болғандықтан, оған жылын, айын, күнін, сағатын және секундын білу керек. 
Екіншіден, есептеу жүйесінің жұмысы үзіліссіз жүрмейді. Машинаның 
қалыпты жұмысын ғана есептейтін процессорлық уақыт енгізілген. әр 
программа белгілі бір уақытты қажет етеді: ол тоқтайды, содан соң қайта іске 
қосылады. Сол себепті есептеу үрдісінің ішкі уақыты ұғымы енгізілген. 
Астрономиялық уақытты (күнтізбе уақыты) бәрі пайдаланады, бірақ ол 
одан таусылмайды, не болмаса баяулап бағытын қарама-қарсыға 
ауыстырмайды. Орталық санағыштың уақыты мүлдем басқа. Егер санағыш 
біреу болса және астрономиялық уақыт үзіндісін ол белгілі бір программаны 
орындаса (бұл кезде басқа программалар орындала алмайды) онда ол 
программалар арасында бөлінуді қежет ететін қор ретінде анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет