Жүйе дистрибутивтері
Бүгінгі күні Linux-тің бір ядросы бар және оның жетілдіруін Линус
Торвальдс (Linus Torvalds) және Алан Кокс (Alan Koks) координациялайды.
Linux дистрибутивтар жиыны (20-30-дан кем емес), олардың
айырмашылығы: функционалдық тағайындауында және дистрибутивке енген
бағдарламалық қамтамасыз ету құрамымен. Кейбір дистрибутивтер ондаған
компакт-дисктен, ал кейбіреулері бір-екі дискетадан тұрады.
Дистрибутив үшін құжаттар бөлек беріледі. Бірақ оған көптеген
ережелер, анықтамалық файлдар және HOWTO кіреді, сондықтан сауатты
қолданушы құжатты қажет етпейді.
Linux-ті мықты құрастырушылар: Red Hat Inc., және Mandrake S.A.
өздерінің нұсқаларын дистрибутивке енгізеді, бірақ бұл OS* жиынының
бағасының көтерілуіне әкеліп соғады.
Linux дистрибутивтері көптеген әр түрлі компаниялармен
шығарылады. Бүгінгі күні Linux-тің 90 түрі бар, бірақ олардың барлығы Unix
стандарттарымен ұқсас. Батыстағы Linux-тің негізгі құрастырушылары:
Red Hat, Inc. – Red Hat Linux-тің үш түрін: Home, Standard және
Professional шығарады;
Caldera, Inc. – Caldera Open Linux түрін шығарады;
Debian Group – Linux Debian;
Corel, Inc. – әмбебап саудаға қондырылуы ыңғайлы Corel Linux
шығарады, ол Linux Debian қорында сақталады;