1 Дәріс Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұймдастырушылық нысандары



бет2/7
Дата20.12.2023
өлшемі64,5 Kb.
#141846
1   2   3   4   5   6   7
1. Жалпы экономикалық функция. Кәсіпкерлік саласындағы жалпы экономикалық функция өндірістік, табыстылық және жұмыспен қамту функцияларынан байқалады.
Өндірістік функция тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім өндірумен (жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен) сипатталады. Табыстылық функциясы республикалық және жергілікті деңгейдегі бюджеттерге кәсіпкерлік қызметтен табыстардың түсуін, ұлттық табыстың артуын қамтамасыз етеді. Жұмыспен қамту функциясы жаңа жұмыс орындарының ашылуын, жұмыссыздықтың қысқаруын білдіреді.
Кәсіпкерлік қызмет ең алдымен тауар өндірісіне (жұмыстарды атқару, қызмет көрсету) бағдарланған және оны нақты тұтынушыларға (үй шаруашылығына, басқа кәсіпкерлерге, мемлекеттің өзіне) жеткізумен байланысты үрдіспен сипатталатын жалпы экономикалық функцияны анықтайды. Негізінен кәсіпкерлік қызмет нарықтық жағдайда барлық экономикалық заңдық жүйе (сұраныс бен ұсыныс, бәсекелестік, құндылық және т.б.) шегінде субъектілермен іске асырылады; ал, бұл өз ретінде жалпы экономикалық функцияның айқындалуының объективті негізі болып табылады.
2. Ресурстық функция. Кәсіпкерліктің ресурстық функциясы өте маңызды. Кәсіпкерліктің дамуы қайта өндірілетін және шектеулі ресурстарды тиімді қолданумен сипатталады. Материалдық және материалдық емес сондай ақ өндіріс факторлары (еңбек ресурсы, жер, табиғи ресурстар, кәсіпкерлік қабілетті) ресурс ретінде есептеледі.
Кәсіпкерліктің ресурстық функциясы экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының тиімді үйлесуімен байланысты.
3. Шығармашылық-ізденушілік функция. Шығармашылықты-ізденушілік функция - ол кәсіпкерлік қызметте жаңа ой-пікірлерді қолданумен ғана байланысты емес, сонымен қатар, алға қойған мақсатқа жету үшін жаңа құралдар мен факторларды өңдеумен де байланысты. Шығармашылықтық функциясы кәсіпкерліктің басқа функциялармен тығыз байланысты. Ол кәсіпкерлік қызмет субъектісінің экономикалық бостандығы дәрежесімен, бизнесті басқаруда шешім қабылдау жағдайларымен анықталады.
4. Әлеуметтік функция. Қабілеті бар жеке тұлға өз ісінің меншік иесі болуына, өзінің жеке дара қабілеті мен мүмкіндіктерін айқындап, көрсете алуы керек. Әлеуметтік функция адамдардың жаңа топтарының қалыптасуында байқалуда: өз алдына шаруашылықтық-экономикалық қызметке икемді; жеке дара меншікті іс жүргізуге қабілетті және де қоршаған орта қиыншылықтарына төтеп бере отырып, алдыға қойған мақсатқа қол жеткізетін адамдар. Фирма (кәсіпорын) деңгейіндегі кәсіпкерлік қызметтің тұрақты жандануына жалдамалы жұмыскерлердің, еңбек ресурстарының экономикалық-әлеуметтік деңгейі тәуелділігі күн санап артуда. Яғни, кәсіпкерлік жалпы қоғам мүшелерінің әлеуметтік статусына ықпал етіп, оның бір сатыдан екіншіге көтерілуіндегі басты фактор болып саналады.
5. Ұйымдастырушылық функция. Бұл функция кәсіпкердің меншік істі ұйымдастыру кезінде дербес шешімдер қабылдау, оны кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда, күрделі кәсіпкерлік құрылымдар құруда, кәсіпорынның кәсіпкерлік қызмет стратегиясының өзгеруінде көрінуде. Ұйымдастырушылық функция шағын және орта кәсіпкерліктің тез даму қарқынында, сонымен бірге “ұжымдық кәсіпкерлікте” халықтық кәсіпорындар құруда нақты айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет