1-дәріс. Кіріспе. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы педагогиканың рөлі


Педагогикалық зерттеудің әдістері



бет5/20
Дата10.03.2023
өлшемі112,03 Kb.
#72969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСІ.

Педагогикалық зерттеудің әдістері
Ғылыми-педагогикалық танымның эмпирикалық әдістері. Зерттеу әдісі белгілі бірғылыми міндетті, амалдар мен рәсім-тәртіптерді орындауға бағытталған зерттеу әрекетінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі. Педагогикалық зерттеулерді ғалымдар эмпирикалық және теориялық деп бөліп қарастырады.
Эмпирикалық білім – зерттелетін пәннің нақты қасиеттері, фактілер, істің мән-жайы туралы білім. Бұл мәліметтер эмпирикалық деп аталатын танымның арнайы әдістерінің көмегімен алынады. Олардың қатарына байқау мен эксперимент енеді.
Байқау – жаңа педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдеріндегі мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардың араларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі кемшіліктер мен жетістіктерін саралап дәлелдейді.
Әңгімелесу – қосымша ақпарат алуда педагог ғалымдармен, білім беру саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын-ала күрделі мәселелерге байланысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді.
Сұхбат – бұл зерттеудің дербес және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады.
Сауалнама жүргізу – материал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, зерттелген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі. Эмпирикалық танымда экспериментті қолданады.
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ, сұрақ–жауап (интервью, тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен бағалау (тәуелсіз эксперт немесе құзырлы сот әдісі) және т. б. жатады.
Педагогикалық консилиум әдісі оқушылардың тәрбиелілігін белгілі бағдарлама арқылы және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан нышандардың мүмкін болатын ауытқулардың себептерін табу немесе сонымен қатар басқалармен кемшілікті жеңу құралдарын бірге талқылаудықамтиды. Диагностикалық бақылау жұмыстары әдісі.
Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін. Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет