№1 дәріс. Кіріспе. Математиканың бұлақ-бастаулары (IX ғ. дейін). Курстың объектісі, пәні және оны оқытудың мақсат-міндеттері. Курстың басқа оқу пәндерімен байланысы


№14 дәріс. Қазақстанда математика ғылымының қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет43/45
Дата22.10.2023
өлшемі1,12 Mb.
#120538
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
4. Дәріс тезистері

 
 
№14 дәріс. Қазақстанда математика ғылымының қалыптасуы 

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 
1. Қазақ халқының ежелгі замандардағы математикалық білімдері.
2.Алғашқы математика оқулықтары.
3. Ә. Ермекұлы және оның математикалық еңбектері.
4. С.Боқайұлы және оның математикалық қызметі.
5. И.Ақбергенұлы және оның математикалық табыстары.
 
Дәріс мазмұны 
1.
Тарихи деректерден Қазақстан өңірін қадым замандардан бастап мекендеген 
халықтардың өзіндік көне мәдениеті болғандығы аңғарылады. Әсіресе, б.з.д. І ғасырдағы 
көшпенділер мәдениеті ерекше дараланады. Ол Л.Н.Гумилевтің айтуына қарағанда, ХVII-
ХІХ ғасырлардағы көшпелі тайпалар мәдениетінен көп жоғары болған. Шаруашылықтың 
әр түрлі салаларын етене ұштастырып отырудың, егіншіліктің, қол өнері мен сәулет 
өнерінің, әсіресе сауда-саттық ісінің өркендеуі әжептәуір математикалық білім- 
түсініктерді қажет етті.Алайда, бұл өңірлерді мекендеген ежелгі халықтардың 
математикалық білім-түсініктері қандай дәрежеде болғандығын сипаттайтын жазба 
ескерткіштер сақталмаған. Дегенмен бұған қатысты кейбір жанама түрдегі мәліметтерді 
ежелгі қытай жазбаларынан кездестіруге болады. Мәселен, орыс ғалымы Н.Я.Бичурин 
(Иакинф) өзінің қытай жылнамалары негізінде жазылған еңбегінде дала тайпаларының 
адамдардың, жылқылардың, малдың және салық берешіктерінің есеп-қисабын ағашқа 
кертікшелер салу арқылы жүргізетіндігін айтады.Жоғарыда аталған еңбекте IV ғасырдың 


аяғында хан Тоба Гуй таққа отырысымен жол өлшеуіштерін анықтауға және уақыттың 
астрономиялық өлшеуіштерін енгізуге жарлық берді деп жазылған. 
Қазақстан өңірін мекендеген ежелгі халықтарда математиканың бастапқы 
мағлұматтары қандай деңгейде болғандығы жөніндегі бірсыдырғы тура деректерді көне 
түріктердің жазба ескерткіштерін талдау арқылы білуге болады. Ежелгі түріктер санаудың 
ондық жүйесімен қатар он екілік жүйесін де пайдаланған, өйткені олар тарихта мүшел 
календарын алғаш қолданған халықтардың бірі болып табылады. Түрік тілдес халықтар 
ерте замандардан бастап-ақ жазбаша нумерацияны игерген. Бұған нақты дәлелдер бар. 
Мысалы, 1939 ж. ертедегі Сарыга қаласының орнын қазу барысында Түркеш қағандығы 
(699 - 776 ж.ж.) кезіндегі теңгелер табылған. Соның біріндегі жазулардан аса көрнекті 
шығыс зерттеушісі А.Н.Бернштам он санының таңбасын тапқан. 
Ғылымда қазіргі қолданылып жүрген цифрлардың шыққан тегі мен отаны туралы 
әр түрлі пікірлер бар. Ғалымдардың көбісі олардың түпнұсқасы Үндістаннан шыққан деген 
пікірді қуаттайды. Осы орайда ерекше назар аударарлық бір жай бар. Осы мәселені 
тереңірек зерттеген ғалымдардың бірі Н.М. Бубнов қазіргі цифрлардың түпнұсқасы орал-
алтай тілдері тобына жататын халықтардан шыққан деген пікір айтады. Шындығында, бұл 
цифрлар Еуропаға әл-Хорезмидің еңбектері арқылы белгілі болған және олардың осы 
еңбектерде келтірілген алғашқы нұсқаларын қазақтар 1930-ыншы жылдарға дейін
қолданып келді. 
Ең көне есептеу аспаптарының бірі-абак та алғаш осы халықтарда пайда болып, 
кейіннен Батыс Еуропаға ауысқан деген деректер бар.Бұл деректерден Қазақстан жерін 
мекендеген ежелгі халықтардың өз шаруашылығы мен тұрмыс-тіршілігіне сай әжептәуір 
математикалық білім-түсініктері болғандығы аңғарылады. Әрине, олар бұл математикалық 
білімдерді жинақтап, жүйеге келтірді және белгілі бір теориялық қағидалар тұжырымдап, 
оларды үлкен ғылымға айналдырды деуге бола қоймас. Өйткені, арнаулы таңбасыз, 
формуласыз математика ғылымының болуы да мүмкін емес. Дегенмен сол дәуірдің зерек 
ойлы, зерделі адамдары жас балалардың математикалық білім-түсініктерін жетілдіріп, 
дамыту мәселесіне ерекше мән беріп отырған.
2.
Қазақ тіліндегі тұңғыш математика оқулығы «Есеп құралы» деген атпен 1914 жылы 
Орынбор қаласындағы «Дин уа мағишет» баспасынан 1-ші және 2-ші сыныптарға арналған 
оқу құралы түрінде, екі кітап болып басылып шықты. Авторы–М.Дулатұлы. Ол қазақ 
мектебінің 1 және 2 сыныптарына арналған.
Бұдан кейін ана тіліндегі мынадай математиканың оқу құралдары жарық көрді:
К.Жәленұлы.«Есептану жобасы» (Ташкент, 1923 ж.),
«Есептану. Бөлшек сандар» ( Ташкент, 1923 ж.); 
Ә.Қасымұлы. «3-жылдық есеп құралы» (1927ж.);
«4-жылдық есеп құралы» (1928ж.); 
«2-жылдық есеп құралы» (1929ж.);
Ғ.Бегалыұлы. «Есеп құралы. Бірінші жылдық» (1930 ж.);
«Есеп сабағы» (1932 ж.);
Қ. Сәтбайұлы. «Алгебре» (басылмаған, қолжазба күйінде); 
Е.Омарұлы.
«Пішіндеме»(1928 ж.); т.б.
Қазақстандағы мұғалімдер даярлайтын орта арнаулы оқу орындарының 
оқушыларына арналып жазылған оқулықтар: 
С. Қожанұлы.
«Есеп тану құралы» (1924 ж.), 
З.Қысатайұлы
«Есеп құралы»(1933 ж.)
. Т.Шонанұлы. 
«Диағрамдар, грапиктер қандай 
болады, қалай салынады?» (1929 ж.), Ғ.Бегалыұлы. «Үлкендерге бастауыш есеп» (1930 ж.).
3.
Қазақстанда XX ғасырдың 30-жылдары ана тіліндегі математика оқулықтарын 
дайындау мәселесі мектеп және орта дәрежелі оқу орындары деңгейінде өзінің жеткілікті 
дәрежедегі шешімін тапты деуге болады. Осы кезеңде елімізде бірқатар жоғары оқу 
орындарының ашылуы (Казпедвуз, Ташкент,1926; КазМУ,Алматы,1928) қазақ жоғары 
мектебінде математиканы ана тілінде оқыту ісін жедел түрде қолға алып, жоғары 
математиканың ана тіліндегі оқулығын дайындау қажеттігін тудырды. Бұл мәселені 


Әлімхан Ермекұлы
жүзеге асырды. Ол «Ұлы математике курсы, 1 – бөлім» деген атпен 1935 
жылы басылып шықты. Латын графикасымен жарық көрген бұл оқулықтың көлемі 160 бет, 
онда барлығы 84 сызба келтірілген. 
Мұрағат деректері Ә.Ермекұлының ана тіліндегі математикалық терминдерді жасау 
ісімен жүйелі түрде айналысқанын дәлелдейді. Ол 1933 ж. ҚазАКСР ХК Кеңесі жанынан 
құрылған Мемлекеттік терминология комиссиясының және 1934 жылы ҚазПИ-дің 
ғылыми-зерттеу секторы тарапынан жасақталған терминология комиссиясының 
математика саласындағы мүшесі ретінде үлкен жұмыстар атқарды. Осы ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының нәтижесінде 1936 жылы «Қазақ тілінің математика терминдері» атты 
еңбегін жариялады. 
4.
Қазақ жоғары мектебінде математиканы ана тілінде оқыту ісіне өлшеусіз үлес
қосқан ғалымдарымыздың бірі – 
Сәдуақас Боқайұлы (
1907 - 1942). Ол математика саласы 
бойынша қазақтан шыққан алғашқы ғылым кандидаттарының бірі, Қазақстандағы жоғары 
математикалық білім беру ордаларының қара шаңырақтары – Абай атындағы ҚазҰПУ мен 
әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – інің физика - математика және механика – математика 
факультеттерінің негізін қалаушылардың бірі. Еңбектері:
«Сырттан оқытатын педагогикалық техникум. 2-жылдық дәрісі» (1933), 
«Алгебралық есептер жинағы» (аударма) (1933).
5.
Қазақстан жоғары оқу орындарында математиканы қазақ тілінде оқытуды 
ұйымдастыру ісінің бастауында тұрған ғалым–математиктеріміздің бірі-
Ибадулла 
Ақбергенұлы
(1907-1938). Ол математика саласы бойынша қазақтан шыққан алғашқы 
ғылым кандидаттарының бірі, доцент.Қазіргі күні ол бізге мынадай төрт еңбегімен белгілі 
болып отыр: 
1) Об определении погрешности приближенного решения интегрального уравнения 
Фредгольма по способу Е.Nyström’a // Труды 2 - го математического съезда. - Ленинград, 
1934; 
2) О приближенном решении линейного интегрального уравнения Фредгольма второго 
рода и об определении его собственных значений (А.С. Бубнов атындағы Ленинград 
Мемлекеттік университетінің математика және механика институтында орындалған 
кандидаттық диссертация, 1935); 
3) О приближенном решении интегрального уравнения Фредгольма и об определении его 
собственных значений // Математический сборник, том 42:6, Москва – Ленинград, 1935; 
4) О приближенном решении линейного интегрального уравнения Фредгольма второго 
рода и об определении его собственных значений. - Ташкент, 1937. 
XX ғасырдың 30-40-ыншы жылдары Қазақстанда математика ғылымының 
қалыптасуында ҚазПИ (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ), ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ) жетекші роль атқарды. Олардың Оразбаев Б.М., О.А.Жәутіков сияқты 
оқытушылары кандидаттық диссертациялар қорғады. Осылайша осы кезеңде Қазақстанда 
математика ғылым ретінде қалыптаса бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет