Әлімхан Ермекұлы
жүзеге асырды. Ол «Ұлы математике курсы, 1 – бөлім» деген атпен 1935
жылы басылып шықты. Латын графикасымен жарық көрген бұл оқулықтың көлемі 160 бет,
онда барлығы 84 сызба келтірілген.
Мұрағат деректері Ә.Ермекұлының ана тіліндегі математикалық терминдерді жасау
ісімен жүйелі түрде айналысқанын дәлелдейді. Ол 1933 ж. ҚазАКСР ХК Кеңесі жанынан
құрылған Мемлекеттік терминология комиссиясының және 1934 жылы ҚазПИ-дің
ғылыми-зерттеу секторы тарапынан жасақталған терминология комиссиясының
математика саласындағы мүшесі ретінде үлкен жұмыстар атқарды. Осы ғылыми-зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде 1936 жылы «Қазақ тілінің математика терминдері» атты
еңбегін жариялады.
4.
Қазақ жоғары мектебінде математиканы ана тілінде оқыту ісіне өлшеусіз үлес
қосқан ғалымдарымыздың бірі –
Сәдуақас Боқайұлы (
1907 - 1942). Ол математика саласы
бойынша қазақтан шыққан алғашқы ғылым кандидаттарының бірі, Қазақстандағы жоғары
математикалық білім беру ордаларының қара шаңырақтары – Абай атындағы ҚазҰПУ мен
әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – інің физика - математика және механика – математика
факультеттерінің негізін қалаушылардың бірі. Еңбектері:
«Сырттан оқытатын педагогикалық техникум. 2-жылдық дәрісі» (1933),
«Алгебралық есептер жинағы» (аударма) (1933).
5.
Қазақстан жоғары оқу орындарында математиканы қазақ тілінде оқытуды
ұйымдастыру ісінің бастауында тұрған ғалым–математиктеріміздің бірі-
Ибадулла
Ақбергенұлы
(1907-1938). Ол математика саласы бойынша қазақтан шыққан алғашқы
ғылым кандидаттарының бірі, доцент.Қазіргі күні ол бізге мынадай төрт еңбегімен белгілі
болып отыр:
1) Об определении погрешности приближенного решения интегрального уравнения
Фредгольма по способу Е.Nyström’a // Труды 2 - го математического съезда. - Ленинград,
1934;
2) О приближенном решении линейного интегрального уравнения Фредгольма второго
рода и об определении его собственных значений (А.С. Бубнов атындағы Ленинград
Мемлекеттік университетінің математика және механика институтында орындалған
кандидаттық диссертация, 1935);
3) О приближенном решении интегрального уравнения Фредгольма и об определении его
собственных значений // Математический сборник, том 42:6, Москва – Ленинград, 1935;
4) О приближенном решении линейного интегрального уравнения Фредгольма второго
рода и об определении его собственных значений. - Ташкент, 1937.
XX ғасырдың 30-40-ыншы жылдары Қазақстанда математика ғылымының
қалыптасуында ҚазПИ (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ), ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ) жетекші роль атқарды. Олардың Оразбаев Б.М., О.А.Жәутіков сияқты
оқытушылары кандидаттық диссертациялар қорғады. Осылайша осы кезеңде Қазақстанда
математика ғылым ретінде қалыптаса бастады.
Достарыңызбен бөлісу: