№ 1 дәріс Кіріспе. Математиканы оқыту әдістемесінің бұлақ-бастаулары
Дәріс жоспары:
4 Курстың объектісі, пәні және оны оқытудың мақсат-міндеттері.
1 Курстың басқа оқу пәндерімен байланысы.
2 МОӘ даму тарихының жалпы сипаттамасы.
3 Математикалық білім беру ісінің ежелгі замандардағы жағдайы
1. Курстың объектісі, пәні және оны оқытудың мақсат-міндеттері.
білім алушылардың 7М01501-Математика мамандығы бойынша Мемлекеттік білім беру бағдарламасы талаптарына сәйкес кәсіби педагогикалық білімінің құрамдасы ретіндегі тарихи-әдістемелік білімдер.
Курстың объектісі:
7М01501-Математика мамандығы бойынша білім алушылардың тарихи-әдістемелік білім,білік,дағды және құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы.
Курстың пәні:
қазіргі магистрант-болашақ ғалымның әдістемелік-математикалық білімдердің дамуы туралы түсініктерін қалыптастыру және осы тәжірибелерді меңгерудің оның болашақтағы кәсіби қызметіндегі әдістемелік мәселелерді шешуге қажет болатындығын көрсету.
Курстың мақсаты:
Курстың негізгі міндеті:
білім алушылардың математика әдістемесінің қалыптасу және даму динамикасы туралы білімдерін тереңдете және кеңейте түсу, сондай-ақ оларды әдістемелік-математикалық ғылымның аса көрнекті өкілдерінің ғылыми ой-пікірлерімен таныстыру
білім алушылардың басты назары сәйкес кезеңдегі математиканы оқыту әдістемесі ғылымының даму барысына сипаттама беруге және соның барысында байқалатын жалпы заңдылықтарды ашып көрсетуге аударылады
ДӘРІС сабақтары
әралуан сипаттағы тарихи –әдістемелік тапсырмалар орындалады, тарихи-әдістемелік-математикалық әдебиет пен оны шығармашылық тұрғыда пайдалану бағытындағы жұмыстар жүргізіледі
ПРАКТИ-КАЛЫҚ сабақтар
білім алушыларға математика ғылымының дамуы туралы түсінік беру, бұл тәжірибелерді меңгеру олардың болашақтағы кәсіби міндеттерін орындауға көмектесетіндігін ашып көрсету.
СОӨЖ (студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы)