«Математика тарихы» пәні бойынша жүргізілетін сабақтар курстың кейбір мәселелері білім алушыларға өз бетімен оқып-үйренуге ұсынылады.
«Математиканы оқыту әдістемесінің тарихы» оқу пәні және педагогикалық ғылым саласы ретінде математиканы оқытудың ежелгі замандардан бастап қазіргі күнге дейінгі теориясы мен тәжірибесін әр түрлі тарихи кезеңдерге бөле отырып қарастырады және оның дамуындағы тарихи-педагогикалық заңдылықтарды анықтайды.
7М01501-Математика мамандығы бойынша магистратура жүйесінде білім алушыларға өздерінің болашақтағы кәсіби қызметінде математиканы оқытуда тиісті нәтижелерге қол жеткізу үшін қазіргі мектеп тәжірибесінде қолданылатын әдістемелік жүйені ғана меңгерумен шектеліп қалуға болмайды. Олар сонымен қатар қазіргі заманғы әдістемелік жүйелерге негіз болған әдістемелік-математикалық ғылымның өткен кезеңдердегі аса көрнекті өкілдерінің еңбектерін, олардың жасаған әдістемелерінің мазмұнын терең білуі қажет. Әсіресе, олардың пайда болуы кезіндегі жағдайларға талдау жасай білудің зор маңызы бар.
2. Курстың басқа оқу пәндерімен байланысы «МОӘ тарихы» Қазақстан тарихы, Білім тарихы мен философиясы, педагогика тарихы
Этнопедагогика
Математиканы оқыту әдістемесі
Математика тарихы
3.Математиканы оқыту әдістемесі тарихының жалпы сипаттамасы МОӘ тарихын шартты түрде мынадай дәуірлерге бөліп қарастыруға болады:
XX ғасырдың 40-ыншы жылдарына дейінгі дәуір;
2. XX ғасырдың 40-ыншы жылдарынан кейінгі дәуір.
Бұл дәуірлер шартты түрде төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
Бірінші дәуір: I кезең: Ежелгі замандардан бастап IX ғасырға дейінгі кезең;
II кезең: IX – XIX ғ.ғ.;
III кезең: XIX ғ. – 1914 ж.;
IV кезең: 1914 – 1940 ж.ж.
Екінші дәуір: V кезең: 1940 – 1990 ж.ж;
VII кезең: 1990-ыншы жылдардан басталатын қазіргі кезең.
-Ежелгі Мысыр;
-Ежелгі Вавилон;
-Ежелгі Қытай ;
-Ежелгі Грекия;
-Ортағасырлық Үндістан.
Математиканы оқыту мәселесі ежелгі мәдениет пен өркениеттің ошақтары болып табылатын мына сияқты Шығыс елдерінде қолға алына бастаған:
Ежелгі Мысыр мектептерінде аудандарды өлшеу мен салықтардың мөлшерін, құрылыс материалдарының қажетті көлемін, жұмысшыларға таратылатын азық-түліктің мөлшерін және т.с.с. есептеумен байланысты тәжірибелік мазмұндағы есептер негізгі рөл атқарды. Оларды шығару үшін теориялық түсіндірмелер берілмей, балалардан есептерді жаттау және оларды тұрмыста қолданумен байланысты біліктер ғана талап етілді.
I. Ежелгі Мысыр
Райнд папирусы Мәскеу папирусы Ежелгі мысырлықтардың санау жүйесі