1-дәріс. Кіріспе. Механика. Кинематика (1). Дәріс жоспары: Механикалық қозғалыс материя қозғалыстарының ең қарапайым түрі



бет4/18
Дата03.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#121654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Физика 1.дәріс

Жұмыстың өлшем бірлігі – Дж. 1Дж – 1м жолда 1Н күшпен атқарылатын жұмыс: 1Дж= 1Н*м.
Қуаттың өлшем бірлігі – Вт. 1Вт – 1с уақыт ішінде 1Дж жұмыс атқарылуға қажетті қуат. 1Вт=1Дж/с.




Кинетикалық және потенциалдық энергия


Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы – осы жүйенің механикалық қозғалысының энергиясы. Қарапайым орын ауыстыру кезінде бөлшектің кинетикалық энергиясының өсімшесі сол орын ауыстырудағы қарапайым жұмысқа тең болады:

Осыны былай ашып жазуға да болады:
Сонда
Кинетикалық энергия:



Потенциалдық энергия – жүйе бөлшектерінің өзара орналасуына және олардың сыртқы денелерге қатысты орнымен анықталатын энергия. Мысалы, материялық нүкте (дене) ауырлық күшінің өрісінде қозғалғанда ауырлық күшінің жұмысы жолдың формасына тәуелді емес, тек қана қозғалатын нүктенің (дененің) алғашқы және соңғы орындарына байланысты. Жұмысы нүктенің (дененің) қозғалу жолының формасына тәуелсіз, тек оның бастапқы соңғы орындары бойынша анықталатын күштерді консервативті (потенциалды) күштер деп атайды. Тұйық жолда бұл күштердің жұмысы А=0.


Потенциал өріс - дене бір орыннан басқа орынға орын ауыстыру кезінде белгілі бір күш әсерінен орындалатын жұмысы бар болатын өріс. Консервативті күштер пайда болатын жүйені (өрісті) потенциалдық өріс деп, ал оның энергиясын потенциалдық деп атайды.Атқарған жұмысы қозғалған нүктенің (дененің) траекториясының формасына тәуелді күштерді диссипативті деп атайды. Бүған қозғалу салдарынан екі дененің арасында пайда болатын үйкеліс күші жатады.Әр түрлі процестерді қарастырғанда потенциалдық энергияның өзін емес, оның өзгерісін қарастыру керек. Сондықтан, потенциалдық энергияның абсолют сан мәнінің физикалық мағынасы болмайды, ал потенциалдық энергиялар айырмасының (өзгерісі) физикалық мағынасы бар. Демек, потенциалдық энергияның өзгеруі оның бастапқы және соңғы орналасу күйіне байланысты.
Кинетикалық және потенциалдық энергияның өлшем бірлігі ДЖ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет