1 дәріс. Кіріспе Стандарттар туралы жалпы түсінік, стандарттардың мақсаты, ұстанымдары



бет10/12
Дата11.11.2022
өлшемі146 Kb.
#49339
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1-15.Дәрістер

Әдебиеттер тізмі
1.Мұқатаева Қ. Баспа ісіндегі стандарттар : оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,2012- 210 б.
2.Майлықұтова М.Ж.Баспа басылымдарының стандарттары: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университеті,2012.
Интернет:
1. Lib.kazsu.kz./Books/bk023/
2. Httр//www.newsland.ru
3. www.kazakhstanlive.ru
4. http://www.bookchamber.ru/standards.htm


12 -дәріс ҚР СТ 2202-2012 Ақпарат, кітапханатану және баспа ісі жөніндегі стандарттар үйесі.Басылым.Хлықаралық стандартты музыкалық басылымдар нөмірі- ISMN.Баспа жұмысында хаттау және қолданылуы.
Халықаралық музыкалық басылымдарды стандартты нөмірі ISMN (ағыл. International Standard Music Number) – ноталық басылымдар үшін он орында әріптер мен сандардан тұратын стандартты нөмір. Стандарт ISO (ISO 10957) негізінде жасалған.
Халықаралық музыкалық басылымдарды стандартты нөмірлеу, ISMN (ағыл. International ISMN Agency) Халықаралық агенттіктің басшылығымен жүргізіледі. ISMN Халықаралық агенттігі, ISMN жүйесіне кіретін елдердегі ұлттық ISMN агенттіктеріне ISMN нөмірлерін орталықтандырылған түрде таратады
Әдебиеттер тізмі
1.Мұқатаева Қ. Баспа ісіндегі стандарттар : оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,2012- 210 б.
2.Майлықұтова М.Ж.Баспа басылымдарының стандарттары: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университеті,2012.
Интернет:
1. Lib.kazsu.kz./Books/bk023/
2. Httр//www.newsland.ru
3. www.kazakhstanlive.ru
4. http://www.bookchamber.ru/standards.htm
13 -дәріс Әмбебап ондық жіктеуі (ӘОЖ) (УДК). Шығу тарихынан және басылымдарда берілу жолдары.
ГОСТ 7.90-2007 СИБИД. Универсальная десятичная классификация. Структура, правила ведения и индексирования
ӘОЖ (УДК) жіктеуі- Барлық кітаптардың титул парақтарының сыртқы бетінің жоғарғы сол жақ бұрышында, немесе титул парақтың қызметін атқаратын басылым элементінде толық классификация индекстері - Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) (УДК), кітапхана-библиография жіктеуі (КБЖ) (ББК) көрсетіледі.
Классификация индекстері кітаптың тематикасын ашады, сонымен бірге оның негізгі сипаттамалары – оқырманға басылым туралы мәлімет беруі. Классификация индекстері басылымды мазмұнымен іздеген кезде, кітапхана сөрелерінде кітаптарды орналастыру барысында, әртүрлі ақпараттық мәліметтер қорын жасау кезінде белсенді түрде қолданылады. Классификация индекстері басылым өнімдерін таратуды, кітап туралы қажетті ақпаратты іздеуді жеңілдетіп, кітаптың өз оқырмандарына барар жолын қысқартады.
Халықаралық библиография үшін жасалған классификация жүйесі ӘОЖ, қазіргі кезде көптеген елдерде басылым шығармаларын жүйелеу үшін, әртүрлі құжаттар мен машина арқылы оқылатын мәліметтер қорын жүйелеу үшін қолданылады.
ӘОЖ-дің негізгі тақырыптық қатары 9 бөлімнен тұрады.
0 Жалпы бөлім
1 Философия ғылымдары. Психология
2 Дін. Теология
3 Қоғамдық ғылымдар
4 1961 жылдан бос (резервте)
5 Математика. Жаратылыстану ғылымдары
6 Қолданбалы ғылымдар. Медицина. Техника
7Өнер. Декоративті-қолданбалы өнер. Фотография. Музыка. Ойындар.
Спорт
8 Тіл білімі. Филология. Көркем әдебиет. Әдебиеттану
9 География. Биология. Тарих.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет