Әдебиеттер тізмі 1.Мұқатаева Қ. Баспа ісіндегі стандарттар : оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,2012- 210 б.
2.Майлықұтова М.Ж.Баспа басылымдарының стандарттары: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университеті,2012.
Интернет: 1. Lib.kazsu.kz./Books/bk023/
2. Httр//www.newsland.ru 3. www.kazakhstanlive.ru 4. http://www.bookchamber.ru/standards.htm
8 -дәрісГОСТ Р 7.0.1-2003 «Басылым.Авторлық белгілер. Баспа жұмысында безендірілуі және қолданылуы
Авторлық құқық қорғау белгісі титул беттің артындағы оң жақ төменгі бұрышына, немесе оның қызметін атқаратын басылым элементіне орналастырылады.
Авторлық құқық қорғау белгісі, Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы» заңына сәйкес, зияткерлік меншікке авторлық құқығы бар жеке және заңды тұлғалар бар екендігіне хабардар етеді. Заңнамаға сәйкес, авторлық құқықты қорғау белгісі басылымның барлық даналарына қойылады.
Авторлық құқықты қорғау белгісі шеңбер ішіне орналасқан латын әрпінен, құқық қорғалатын объект атауынан, құқық иесінің атынан шығарма шығарылған бірінші жылдың сандарының белгісінен тұрады («жыл» сөзі және қысқартылған «ж.» келтірілмейді).
Әдебиеттер тізмі 1.Мұқатаева Қ. Баспа ісіндегі стандарттар : оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті,2012- 210 б.
2.Майлықұтова М.Ж.Баспа басылымдарының стандарттары: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университеті,2012.
Интернет: 1. Lib.kazsu.kz./Books/bk023/
2. Httр//www.newsland.ru 3. www.kazakhstanlive.ru 4. http://www.bookchamber.ru/standards.htm
9 -дәріс ГОСТ 7.86-2004 Басылым аннотациясын дайындау. Баспа аннотациясына қойылатын жалпы талап. Кітап басылымының титул бетіне аннотациялы кәртішке макетін дайындау.
Аннотациялы кәртішке макетібасылымды безендірудің қосымша элементі болып табылады. Әдетте аннотациялы кәртішке макетін, өз басылымдары жоғары деңгейде, сапалы болып шықсын деген өзін және оқырмандарын бағалайтын баспагерлер келтіреді. Ол басылымды әртүрлі ақпараттық деректерге, кітаптың түрлі библографиялық жазбаларын құрастырып енгізуге арналған. Аннотациялы кәртішке макетінің бір бөлігі болып саналатын баспагердің аннотациясы сатып алушыларға кітаптың мазмұны туралы қысқаша ақпарат береді және кітаптың жақсы таралуына ықпал етеді.
Аннотациялы кәртішке макетін титул парақтың сыртқы бетінің төменгі жағында, ISBN нөмірі мен авторлық құқықты қорғау белгісінің үстіне орналастырады. Сонымен бірге, аннотациялы кәртішке макетін титул парақтың соңғы бетінде, шығару деректерінің алдына орналастыруға да болады.
Аннотациялы кәртішке макетін дайындау мемлекетаралық ГОСТ 7.51—98 «Карточки для каталогов и картотек. Каталогизация в издании. Состав, структура данных и издательское оформление» стандартына сәйкес жасалады.