3 Микробиологиялық өндірісте микроорганизмдердің пайдалануы.
Медицинадағы технологиялық микробиология. Вакциналар - арнайы өңдеп əлсізденген немесе өлтірілген күйінде адам организміне енгізілетін арнайы өсірілген ауру тудыратын микроорганизмдер, вирустар жəне олардың құраушылары осы ауруларға қарсы күш көрсететін иммунитет тудырады. Осыдан бастап Луи Пастер эрасы басталды.
Антибиотиктер – ауру тудыратын микроорганизмдерге қарсы əсер ететін заттар. Көгерген арқылы синтезделетін зат алынып пенициллин деп аталған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оның өндірісі жəне жарақаттарды емдеуге пайдаланылуы басталды. Эффект күткен нəтижеден асатүсті.
Витаминдер. Витаминдерді өсімдіктерден жылдам синтездейтін микроорганизмдер табылды. Қазіргі биотхнологияның мақсатының бірі – В2 жəне В12 өндірісі сонымен қатар, С витаминінің химиялық өндірілуі болып табылады.
Инсулин. Жаңа биотехнология көмегімен адам инсулинін шапшаң жылдамдықпен ситездей алатын микроорганизмдер “құрастырылған”. Дəрі АҚШ-та “Хьюмулин” сауда белгісімен сатылады. Өсіру гармоны. Самотропный гармонды қымбат жəне ыңғайсыз тəсілмен-өлген адамның ми гипофизінен алуға болады. Жаңа биотехнология осы самотропный гармонды синтездеп, оның өндірісін ұйымдастыра алатын микроорганизмдерді құрастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |