1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Пассивті диффузия, адсорбция және белсенді арнайы белок арқылы қоректену жолдары



бет22/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81
Байланысты:
лекция

Пассивті диффузия, адсорбция және белсенді арнайы белок арқылы қоректену жолдары. Микроорганизмдерге де басқа тірі организмдер сияқты керек етеді. Бірақ микроорганизмдердің бір айырмашылығы бұларда ауыз қуысы болмайды, қоректік затты бүкіл денесінің сыртымен қабылдап, сіңіреді. Сондықтан болса керек сыртқы орта мен клетка арасында зат аламасу өте тез жүреді. Қоректену процесі шапшандығы түрлі жағдайларға байланысты. Солардың ішінде қоректік заттар концентрациясының зор маңызы бар. Клетка құрлымын, оның қабығының еріген қоректік заттарды өткізгіштігі де едәуір роль атқарады .Бұны галофитті қоректену деп атайды. Сонымен қатар тірі организмдер қоректенуінің екінші түрі-голозайлы тәсіл. Мұнда қоректік заттардың қатты түйірлері қармалады немесе жұтылады, содан соң ғана қортылады. Бұл негізінен жоғары сатыдағы жануарлар мен қарапайымдыларға тән.

Клеткаға су өнебойы енгеннің өзінде цитоплазма ісінбейді, клетка қабығынан ажыраспай, бастапқы қалпында жабысып тұрады. Бұл клетка ішіндегі заттар қысымының болуына байланысты. Осы қысымды тургор тасымалдау деп атайды.

Сыртқы орта заттарының цитоплазмалық мембранадан өтуінің төрт түрлі механизмі бар: пассивті диффузия, жеңілденген диффузия және топтарды тасымалдау.

Пассивті диффузияда заттар цитоплазматикалық мембрана арқылы оның екі жағындағы заттар концентрациясының айырмашылығы арқасында өтеді. Мұндай жолмен цитоплазмадан тек қана оттегі және кейбір иондар ғана өте алады. Бұл процесстің тез шапшандығы өте төмен. Ал көпшілік еріген заттардың мембрана арқылы өтуі арнаулы тасмалдаушы – молекулалар болып есептеледі.

Көпшілік заттар микроорганизмдер клеткасында активті транспорт тәсілімен түседі деп есептелінеді. Бұған қажетті энергия (АУФ) тыныс алу немесе ашу процестері барысында қамтылады. Осы тәсілмен клеткаға көбнесе концентрациясы аз табиғи заттар өтеді. Мұндай жол тек энергияға бай аденозин үш фосфоры көмегімен атқарылады. Көптеген микроорганизмдерде қанттың клеткаға еңуі топтарды тасымалдау жолымен өтеді. Мұнда заттар клетка ішінде фосфат эфирі сияқты өзгерген түрінде енеді. Ал тасмалданған заттардың химиялық құрамы осы процесс кезінде өзгермейді.

Қоректік заттар ерітісіндегі заттардың концентрациясы артқанда клеткада суда азаяды. Цитоплазма жиырылып, кішірейіп, клетка қабығынан ажырап кетеді. Мұндай құбылысты плазмолиз деп атайды. Осындай құбылыстан кейін клетка өліп қалады. Микроорганизмдер тіршілігін тежеу үшін ортаны ас тұзы немесе қанттың жоғары концентрациясына қанықтырады. Егер ортадағы еріген заттың концентрациясы клетка шырының концентрациясынан төмен болса (мәселен тазартылған, яғни, дистиленген су) плазмолизге қарама-қарсы құбылыс плазмоптиз п.б. Цитоплазмаға сыртқы ортадан су көп еніп кетеді де, ол ісініп, пішінін жояды, ақыр аяғында жарылып кетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет