Аутотрофтар (фотосинтез және хемосинтез) гетеротрофты коректену түрлерінің сипаттамасы. Қоректену – бұл ағзаның тіршілік етуі үшін қажетті заттарды сіңіру процесі. Микроорганизмдер клетканың барлық бетімен қоректенеді (сіңіреді) және алмасу өнімдерін бөледі. Қоректену арқылы микроорганизмнің қоршаған ортамен байланысы жүзеге асады. 23 Қоректік заттар клеткаға тек еріген түрде түсе алады. Сондықтан ерімейтін күрделі органикалық қосылыстардың қарапайымға ыдырауы клеткадан тыс өтеді. Қоректік заттардың клеткаға ену мүмкіндігіне әр түрлі факторлар әсер етеді. Зат молекуласының көлемі мен құрылымы, клетка мен қоректік ортадағы заттардың концентрациясы, клеткаға қоректік заттар енетін клетка қабығы мен цитоплазмалық мембрананың қасиеті болады. Қоректік ортаның концентрациясы клетка күйіне әсер етеді.
Микроағзалар хемо- немесе фотосинтез процесінде органикалық заттарды СО2 өздері синтездеп алатын микроағзаларды – авторофты, ал өмір сүруге дайын органикалық заттары бар микроағзалар – гетеротрофты деп атайды. Табиғаттағы көміртегі айналымына автожəне гетеротрофты ағзалардың екеуіде қатысады. Ауадағы азоттың өзгерістеріне тікелей əсер ететін микроағзалардың маңызы зор. Атмосферада азот ең көп тараған элемент болғанына қарамастан өсімдіктер мен жануарларға ауадағы молекулалық азот жеткіліксіз. Микроағзалар молекулалы азотты сіңіріп қана қоймай, ақуыздарды амин қышқылдарына дейін, əрі қарай аммиакқа дейін ыдыратады.
Автотрофтар – бұл өз клеткаларының барлық заттарын көміртегі диоксиді мен бейорганикалық заттардан синтездейтін микроорганизмдер. Клетка затын синтездеу үшін бір автотрофтар (ал қызыл күкірт бактериялары) жарық энергиясын пайдаланады, яғни фотосинтезді жүзеге асырады. Бұндай микроорганизмдерді фототрофтар деп атайды. Басқа автотрофтар өз клеткаларының барлық заттарын көміртегі диоксидінен синтездейді, бірақ энергияны бейорганикалық заттардың – аммиак, сутегінің тотығуы нәтижесінде алады, яғни хемосинтезді жүзеге асырады, және сондықтан оларды хемотрофтар (нитраттайтын, сутегі бактериялары)деп атайды.
Гетеротрофтар – бұл клетка затын құру үшін дайын органикалық заттарды пайдаланатын микроорганизмдер. Оларға бактериялар, ашытқылар мен микроскоптық саңырауқұлақтардың көпшілігі жатады. Гетеротрофтардың көпшілігі өлген ағзаның органикалық заттарымен қоректенетін сапрофиттер. Азык-түлік өнімдеріне түсіп, олар оның бұзылуын тудырады. Гетеротрофтар нан мен ұнды кондитер өнімдерінің кейбір түрлерінің өндірісінде кездесетін барлық микроорганизмдер болып табылады. Гетеротрофтарға басқа тірі ағзаның органикалық заттарымен қоректенетін және оларға зиян келтіретін микроорганизмдер – паразиттер жатады. Олар тек қожайын клеткасында ғана көбейеді. Паразиттер патогенді микроорганизмдер болып табылады. Өйткені адам, жануар мен өсімдіктердің инфекциялық ауруын тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |