1 дәріс Лекция тақырыбы



бет3/5
Дата22.05.2022
өлшемі43,03 Kb.
#35304
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
SIEESBRUXBRS19052022130855

«Мотив» – латын сөзі. Ол қозғаушы, итермелеуші, оятушы күш деген мағынаны береді. «Сөздіктерде» оған төмендегідей анықтама берілген:
1.Мотив – пробуждение к деятельности, связанные с удовлетворением потребностей субъекта; совокупность внешних и внутренних условии, вызывающих активность субъекта, определяющих ее направленность;
2.Пробуждающий и определяющий выбор направленности деятельности, предмет, ради которого она осуществляется;
3. Осознаваемая причина, лежащая в основе выбора действий и поступков личности [6, 27-б].
Адам әрекетінің субъективтілігі оның ішкі қажеттерімен, эмоцияларымен, мотивтерімен бірлігінен көрінеді. Бұлар адам белсенділігінің де деңгейін танытады. Әр түрлі әрекеттің субъективтілігі оның сол адам үшін мәнін айқындайтын мотивтерге тікелей байланысты. Субъектінің әрекетті орындауда табанды болуы да оған итермелейтін мотивтердің мазмұны мен сипатына байланысты. Себебі мотив түпкі мақсатқа жетудің жолдарын саралауға көмектеседі, осы жолда кездесетін қандай қиындықтарды да жеңуге ұмтылдырады. Адам бойындағы талпындырушы күштің әрекет нәтижесімен арақатынасы туралы дәйекті тұжырымы шығыстың ұлы ғұламасы әл-Фараби еңбектерінен табамыз: «Ойлаушы күш не практикалық күш болады. Осы күштерге талпындырушы күш ілесе жүреді. Ол сезімтал күшке де, сондай-ақ, қиялдағыш күшке де қызмет етеді. Қызмет етуші танымпаз күштер тек қана талпындырушы күш арқылы қызмет көрсетіп, әрекет ете алады...
Егер мақсат етілген бақыт ойлаушы күш арқылы танылатын болса, онда бұған талпынғыш күш арқылы ден қояды. Осы қиял мен сезімнің көмегімен сол бақытқа жету үшін істелетін іс ойлау арқылы анықталады, егер /ақырында/ бұл әрекеттер талпындырушы күш арқылы аяқталатын болса, онда адамзат әрекетінің бәрі де жақсы әрі тамаша болмақ»[7, 31-б]. Бұдан мотивтердің әрекет мазмұнын байытып қана қоймай, дұрыс жүйеленген жағдайда әрекет нәтижесінде жаңа, алдыңғыдан кеңірек мотивтердің тууына әкелетіні туралы ой түйінделеді.
Әрекеттің жүзеге асуы, объективтік дүниенің субъективтіге ауысуы – интериоризация үдерісі сатылап жүреді. Осы жүйенің ішкі бөліктері мен іске асу кезеңдеріне сай әрекет компоненттері өзара алмасып, бірігіп отырылады. Оқу мотивтеріне негізделген әрекеттер тізбегі белгілі бір мақсатқа бағындырылған бірнеше оқу еңбектерінен құралады. Яғни әрекет еңбек түрінде жүзеге асады. Осы еңбектің жүзеге асуында мотив мақсатқа сай келеді. Мақсат жүзеге асу үшін оған объективті жағдайлармен үндес шарттар белгіленіп, өзіне сай түрлі операциялардың орындалуын қажет етеді. Тізбектей айтқанда, әрекет мотивтердің қозғауымен, еңбек мақсаттың жетегімен, операция шарттарға бағындырылып іске асырылады. Сондықтан әрекет қалыптастыруда осы бөліктердің бір-бірінен туындайтын ішкі байланысы мен өзара қатысы ескеріліп отырады.
Мотивтер тек объективті түрде, әрекетке, оның дамуына талдау жасау арқылы танылады. Субъективтік жақтан олар жанама құбылыс ретінде – мақсатты орындауға тілек, талпыныс, ұмтылыс түрінде көрінетіні айтылды. Сол себепті мотивті зерттеу өте күрделі, оның үстіне «мотив» терминінің өзі де әлі күнге дейін әр түрлі түсіндіріліп келеді. Оның сыры адам әрекеті мотивінің өте нәзік, құпиялы құбылыс екендігінде болса керек. Әрекет құрылымындағы мотивтің мәні мен орнын тереңдей зерттеген ғалым А.Н.Леонтьев «мотив – тілектің предметі, яғни, мотив – бізді толғандыратын предмет, біз жақсы көріп қалайтын предмет» деп түсіндіреді[8,12-б]. Ғалым бұл жерде «предмет» ұғымын зат мағынасында емес, адамның ішкі қатынасы, оның әрекеті бағытталатын нәрсе деп анықтама береді. Бұдан әрекет мотивінің негізі – «қажеттіктің предметтілігі» – интеллект пен аффектінің бірлігінен шығады деген қорытынды жасайды. Мысалы, білім оқушының танымдық қажетіне айналғанда ғана мотив бола алады[5]. Сонда қызықты пән дегеніміз оқушының ойына қозғау салатын пән болып есептеледі. Мұндай нәтижеге қол жеткізу «баланың даму кезеңіндегі болмыс құпиясы неде?» деген сұраққа жауап беруді қажет етеді. Ал, бұл сұрақтың жауабы оқу мотивтерін шешуге келіп тіреледі, бұл білім мазмұнымен, оқыту әдістерімен бірлікте қаралады. Өйткені балаға ең қажетті мәселеге орайластыра жасалған білім мазмұны, оқушыны «өз табиғатына сай» деңгейге дамытуды көздейтін оқыту үдерісі оның оқуға құштарлығын оятады, ол өз кезеңінде мақсатқа, одан шартқа ұласады[8, 13-б]. Мотивтердің мақсатқа ұласуының басқыштары, сатылары туралы қазақ білімпазы М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегінде: «Жанымызда бір тілек бар. Сол тілекті іске асырғымыз келеді. Тілектің іске асуының тиістілігін бекітетін себептер яки дәлел мотив деп аталады. Бұл – қайраттың мақсатқа жету үшін жанның алға ұмтылуының бірінші басқышы», - деп түсіндіріледі[9, 10-б]. Мысалы, сабақ үстінде бала сауатты жазудың қажеттігін түсіндіргеннен кейін, ол жазуда қиындық келтіретін сөздерді орфографиялық сөздіктерден тауып, дәптеріне көшіруге кірісті. Бірақ осы кезде қоңырау соғылды делік. Үзілісте балалар қызықты ойын ұйымдастырып жатыр. Бала ойында осы екі істің қайсысына баруды шешу үшін күрес жүреді. Қайсысының бала үшін мәні күштірек болса, ол соны қалайды. Сондықтан оқу мен оқытудың мәні, білім меңгертуде оқушылардың іс-әрекеті мен жалпы қасиетінің ішкі тетігі, қозғаушысы – мотиві болатындай әрекеттің ұйымдастырылуында болып табылады. Әрекет арқылы танылатын объективті мен субъективтінің өзара қарым-қатынасы баланың ішкі позициясы деп аталады. Одан баланың өзін қоршаған ортаға, төңірегіндегі жолдастарымен, мұғаліммен қатынасына сәйкес мотивтер де көрінеді.
Оқу әрекеті, оның құрылымы мен ерекшеліктерін зерттеген ғалымдардың қай-қайсысы да оқыту барысында оқу мотивтеріне сүйенудің баланың оқуға қатынасын, пәнге деген саналы көзқарасын айқындауда, оны қалыптастыруда үлкен мәнге ие екенін қуаттайды. Сондықтан пәнді оқыту әдістемесінде оқу-танымдық, әлеуметтік мотивтердің өзара бірлігі үнемі ескеріліп отыруы қажет. Мәселен, баланың оқуға деген қатынасы / оқуға үстірт қарай ма, әлде оған терең мән бере ме; өз қалауымен оқи ма – әлде сыртқы әсердің жемісі ме; үй тапсырмасын ылғи да орындай ма – әлде баға алатын кезде ғана көзге түсе ме; білімді механикалық тұрғыда қабылдай ма – әлде оны түсінуге ұмтыла ма / оның жеке бас ерекшелігін танытып қоймайды, оқу нәтижесінің бала үшін қаншалықты маңызды екенінің көрсеткіші болып саналады. Әрі олар оқушының оқуға деген әлеуметтік көзқарасын да, субъект ретінде бала үшін оқудың өмірлік мәнін де айқындайды. Жоғарыда аталған көрсеткіштер субъект дамуының сапасын танытады. Одан баланың пәнге деген әлеуметтік, оқу – танымдық мотивтерінің нәтижесінде толық көруге болады. Өйткені оқу әрекетіндегі оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескеру қашан, қандай жағдайда да баланы, өзін-өзі тануға қабілетті “әрекет субъектісі” деп қарағанда толық іске асады[10, 315-б].
Оқу үдерісін әрекет тұрғысынан зерттеушілер де /П.Я.Гальперин, Ф.Талызина, А.К.Маркова, Г.И.Щукина, т.б./ оқу әрекетінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, көздеген нәтижеге жетуі тек қана оқу мотивтерін дұрыс тәрбиелеумен байланысты болатынын тұжырымдайды.Дамыта оқытуды ұсынушылар /С.Л.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов/ оқу әрекеті компоненттерінің ішінде мотивтердің шешуші мәнге ие екенін дәлелдеп берді.Отандық ғылымда жалпы оқыту теориясының психологиялық мәселелері Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Мұқановтың, Т.Сабировтың, Ә.Сыдықовтың, Қ. Жарықбаевтың т.б. еңбектерінде арнайы сөз болады.
Тілдік ұғымдарды психологиялық тұрғыда зерттеу идеясын түрколог-ғалым І.Кеңесбаев та ұсынады. Осы салада ана тілін меңгертудің психологиялық аспектілерін зерттеп, ғылыми диссертация жазған ғалымдар Ә.Алдамұратов пен Ә.Қасымбековтердің еңбегі үлкен.
Ал, қазақ тілін оқыту әдістемесінде ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннен бастап, қазақ тілінің ғылыми әдістемесінің негізін қалаған А.Байтұрсыновтың, оның идеяларын жалғастырушы ғалымдар – С.Жиенбаев, С.Бегалиев, А.Ысқақов, М.Балақаев, К.Ахановтардың, бүгінгі күннің талаптарына сай осы ғылымды жетілдіріп, дамытуға еңбек сіңірген С.Рахметова, Р.Әміров, Н.Оралбаева, Ф.Оразбаева, С.Исаев, Ж.Адамбаева, Б.Құлмағамбетова, Б.Кәтембаева, И.Ұйықбаев, А.Айғабылов, Ә.Исабаев т.б. ғалымдардың бәрі де қазақ тілін оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарын оқу үдерісіндегі орнын әр қырынан зерттеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргізу, баланың ой өрісін дамыту, олардың сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне орай оқу бағдарламалары да мазмұн жағынан жаңарып, толығып отырды.
Дегенмен, ғылыми-әдістемелік еңбектерге, мектеп тәжірибелеріне талдау жасау нәтижесінде қазіргі әлеуметтік сұраныс, педагогика ғылымында психологиялық аспектілерді терең қамту талаптары мен қазақ тілін оқыту жүйесінде оқу мотивтерінің ғылыми-практикалық мәртебеге ие бола алмай келе жатқандығы арасындағы; сапалы білім берудегі оқу мотивтерінің құндылық мәні мен оқу мотивтерінің ғылыми-әдістемелік тұрғыда зерттелу деңгейі арасындағы; әр жас кезеңіне сай оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруда оқу мотивтерін ескерудің практикалық қажеттігі мен оқыту үдерісінде әдістемелік жүйенің саралық және даралық сипатының икемсіздігі арасындағы қайшылықтар анықталады.Міне, сондықтан бұл оқу құралында осы бағыттағы жұмыстарды дұрыс, жүйелі жүргізу үшін сапалы білімнің негізі – оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыра отырып ана тілін оқытуды жаңаша ұйымдастыру екеніне назар аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет