«Тілді оқытудың мотивациясы» пәнін оқу нәтижесінде білім алушылар замануи білім беру жүйесіндегі тенденциялар мен парадигмаларға сай қазақ тілін оқытуға қойылып отырған жаңа талаптардың оқу мотивтерімен сабақтастығы туралы білім алады. Сонымен қатар тілді оқыту әдістемесін білім берудің жаңа жүйесімен байланыста меңгереді.
«Тілді оқыту мотивациясы» пәнінің мақсаты: білімгерлерге жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілін оқыту үдерісінде оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін таныту, оқушы әрекетін ұйымдастырудағы мотивтердің мәнін, рөлін, білім сапасын арттырудағы қызметін түсіндіріп, әдістемелік жолдарын меңгерту.
Міндеттері:
- білім беру үдерісінде оқу мотивтерін қалыптастырудың маңызы, өзіндік ерекшелігі;
- білім берудің заманауи тенденциялары мен оқу мотивацияларын қалыптастырудың жаңа талаптары;
- білім берудің жаңа парадигмалары мен оқу мотивацияларын қалыптастырудағы жаңа бағыттар;
- оқу және әлеуметтік мотивтердің түрлері;
- тіл сабақтарында оқу мотивтерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері;
- тілді оқытуда оқу мотивациясын қалыптастырудың ұстанымдары;
- оқу, сөйлеуәрекеті мен мотив қалыптастыруталаптары;
- қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесі және оқу мотивтерін қалыптастыру бірлігі;
- тілдік тұлға қалыптастырудағы оқу мотивтерінің қызметі;
- қазақ тілі сабақтарында оқу мотивтерін қалыптастырудың әдістемесі;
- оқу мотивтерін қалыптастырудың аялары мен жолдары, технологиялары мен амал-тәсілдері туралы ғылыми-әдістемеліктұрғыдан білім беру және осы бағытта магистранттың кәсіби-интеллектуалдық құзіреттіліктерін жетілдіру.
«Тілді оқытудың мотивациясы» пәнін оқу негізінде теориялық тұрғыда білімгер:
- тілді оқытудың педагогикалық психологиямен байланысын айқындай білуі керек;
- тілді мотивациялық тұрғыдан оқытудың мәселелерін, зерттеу бағыттарын анықтай алуы тиіс;
-оқу мотивтерінің түрлерін, негізгі ұғым-түсініктерін ажырата алуы тиіс;
- оқу және әлеуметтік мотивтердің сабақтастығы мен бір-бірінен айырмашылығын ажырата алуы керек;
-мотив қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін дәлелдей алуы керек.
Практикалық тұрғыда білімгер:
- оқу мотивтерінің түрлерін ажырата алуы керек;
-тілді оқытуда білім мазмұнын мотив қалыптастыруға қарай ыңғайлапжетілдіре білуі керек;
- оқу мотивтерін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін екшеп пайдалана алуы қажет;
- оқушының сөйлесім әрекетін оқу мотивтерімен байланыста ұйымдастыруға үйренуі керек;
- тіл сабақтарында тілдік және қатысымдық құралдардыоқу мотивациясын арттыратындай етіп жұмсауға үйренуі керек;
-тіл сабақтарында мотив қалыптастырудың әдістемесін меңгеруі керек;
- өзі ұсынған тапсырмалардың әдістемелік тиімділігін мотив қалыптастырумен ұштастырып дәлелдей білуі керек.