1 дәріс. Механикалық қозғалыстардың теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет22/132
Дата28.11.2023
өлшемі3,36 Mb.
#130617
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   132
Байланысты:
Дәрістер мазмұны

 
3.1.3. Күш 
Адам салмақты көтеріп және ұстап тұру үшін 
күш
салуы керек: ол қолын төмен 
тартқан салмақтың 
күшін
сезеді. Адам жүк тиелген арбаны жылдамдық беру үшін, 
яғни, орнынан қозғау үшін итергенде, өз қолының 
күшін
арбаға түсіреді. Бұл кезде 
адам өз денесімен белгілі бір әсер сезеді, яғни, 
күш
деп отырған ұғымымыз осы 
әсермен байланысты. Бірақ, әрине, механикада бір денемен екінші дененің арасындағы 
әрекетті физиологиялық сезіммен ауыстыру қолайсыз. Бұл әрекетті 
күш
деген 
ұғыммен түсіндіру өте орынды қалыптасты. Сонымен, 
күш – екі дене әрекеттескенде 
үдеу пайда болуын сипаттайтын физикалық шама. 
Күш әрекетінен тек дененің 
жылдамдығы өзгеріп қана қоймай, яғни үдеу пайда болмай, дене деформацияға 
ұшырауы мүмкін екенін де атап кету керек, біз бұл сұрақты кейін қарастырамыз. 
Күшті F әрпімен белгілейік, ол векторлық шама, яғни сандық мәнімен, бағытымен 
және түсу нүктесімен сипатталады. Егер денеге бірнеше күш әрекет етсе, олардың 
әрқайсысы өзіндік үдеу тудырады, яғни бір біріне тәуелсіз әсер етеді. Суперпозиция 


принципі бойынша теңәрекетті, немесе қорытқы, күш құраушы күштердің векторлық 
(геометриялық) қосындысымен анықталады: 
1
2
1
=
+
+ ... +
=
;
n
n
i
i
=

F
F
F
F
F
1, 2,...
i
n
=
. (3.1.1)
Егер күш екеу болса, оларды не параллелограмм, не үшбұрыш ережелері көмегімен 
қосуға болады, ал бірнеше күштердің қосындысын көпбұрыш ережесі арқылы тапқан 
қолайлы. 
Күшті өлшеуге арналған аспап 
динамометр
деп аталады. Оның құрылысы мен 
жұмыс істеу принципі өздеріңізге мектептегі жалпы физика курсынан белгілі. Егер 
әрекет еткен барлық күштердің қорытқысы нольге тең болса, дене тепе-теңдік қалыпта 
болады. Денелердің тепе-теңдік қалпын зерттейтін механиканың бөлімін 
статика
деп 
атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет