Механикадан дәрістер мазмұны
1 дәріс. Механикалық қозғалыстардың теориялық негіздері
1.1. Физикалық зерттеу нысандары. Физикалық зерттеу
әдістерінің ерекшеліктері
1.1.1. Физикалық зерттеу нысандары
а) Физика нені зерттейді?
Физика – табиғат құбылыстарының қарапайым, әрі
жалпы заңдылықтарын, материяның қасиеттері мен құрылымын
және оның қозғалысын
зерттейтін ғылым. Физиканың түсініктері мен заңдары бүкіл жаратылыстанудың негізінде
жатыр. Ол іргелі жаратылыстану ғылымдары қатарына жатып, құбылыстардың сандық
заңдылықтарын зерттейді. «Физика» деген сөз грек тілінен аударғанда «табиғат»
деген
мағынаны білдіреді.
Физика материяның қозғалысын зерттейді дегенде, бұл жерде сөз тек механикалық
қозғалыс туралы болып отырған жоқ. Қозғалыс – жалпы кез келген өзгерістер. Сондықтан
физика механикалықпен қатар, қозғалыстардың молекулалық – кинетикалық,
электрмагниттік, атом немесе ядро деңгейіндегі ішкі құрылымдық түрлерін де
қарастырады.
Бұлардың ішінде, әрине, механикалық қозғалыспен бірінші танысу керек.
Өйткені, кез келген құбылыстарда кеңістікте орын ауыстыру кездесіп отыратындықтан,
механиканы игермей, физиканың басқа бөлімдерін оқып үйрену мүмкін емес.
Физиканың мақсаты - Әлемді, оның дамуын басқаратын түбегейлі
заңдарды
анықтау, яғни, өткенді білу, заманауи қалыптасқан жағдайды түсіну, болашақты
болжау.Тек физика ғана әрі қарапайым, әрі мағынасы терең күнделікті сұрақтарға жауап
бере алады: материя дегеніміз не? Жарық дегеніміз не? Жарық
сияқты біз не себептен
қабырға арқылы өте алмаймыз, ал дыбыс өте алады? Аспан неге көкке боялған? Физиканың
ғажайып қасиеті – осы қойылған сұрақтарға классикалық физиканың негізін құратын бір
сөйлеммен-ақ жауап бере алады. «Атомдар дүниесінен бастап Әлемдегі галактикаларға
дейін екі негіз қалаушы күштер бар – гравитация күші және электрмагниттік күш». Егер
қойылған сұрақтарға жауап беру үшін атомдар дүниесіне көз салу қажет болса,
өзара
әрекеттің тағы екі түрі бар екенін байқаймыз: әлсіз және күшті.
Адамзаттың даму тарихына көз салсақ, әсіресе ғылым саласындағы жетістіктерге
көңіл бөлеміз. Осыған байланысты Дүние құрылымын түсіндіру
барысында физика
қаншалықты алға дамиды деген сұрақ туады. Теориялық тұрғыдан іргелі заңдар жиынтығы
объективті Дүниеде болып жатқан барлық құбылыстарды түсіндіруге мүмкіндік беруі
керек. Бірақ күнделікті тәжірибе бұл ойды толық дәлелдей қоймайды. Біз енді осы
физикалық заңдылықтардың кейбір ерекшеліктеріне тоқталайық.