Лимон қышқылдарының өндірісі. 1893 ж. К. Веллер алғаш рет лимон қышқылдарын Penicillum жəне Mucor туысы зең саңырауқұлағының метаболиттік өнімі ретінде түзілетінін көрсетіп берді. Қазіргі кезде бұл қосылыс тамақ, фармацевтік өнеркəсіптерінде жəне техникалық мақсатта кең қолданылады. Лимон қышқылын өндіруде əртүрлі саңырауқұлақтар – аспаргилер жəне пеницилиндер, ал өндірісте тек мутантты – Aspergillus nider жəне Aspergillus venti, кейбір ашытқы штаммдары пайдаланылады. Лимон қышқылдарының синтезі үшін субстрат ретінде қантты немесе қамысты мелассаның крахмал гидролизатын, қантты сироп қолданады. Ферментация аяқталғаннан кейін, лимон қышқылдарын реакциялық ортадан əртүрлі экстракциялық шаралар арқылы бөліп алады. Лимон қышқылдарының өндірісі, көлемі бойынша барлық органикалық қышқылдардың ішінде əлемде 1-ші орынды алады. Мұның жылына 350000 тоннасы өндірілсе, оның 99 пайызы микробиологиялық синтез арқылы алынады.
Бақылау сұрақтары:
Адам, жануар және өсімдіктерді жасанды ұрықтандыру әдістері.
Өсімдіктерді in vitro ұрықтандыру (алшақ будандастыру кезінде простгамды сәйкессіздікті жеңу).
Өсімдіктердің ұрық культурасы (эмбриокультура – түраралық будандастыру кезінде простгамды сәйкессіздіктен өткізу).
Өсімдіктердің «жасанды» ұрықтарды алу.
Трансплантация және эмбриондардың түраралық трансплантациясы.
Жануарларды жасанды ұрықтандыру әдістері.
Адамда жасанды ұрықтандырудың негізгі әдістері.
Экстракорпоральды ұрықтандыру бойынша бағдарлама.
Биотехнологияда микроорганизмдер қолданылатын өндірістердің түрлері қандай?
Көп тоннажды өндіріс дегеніміз не?
Аз тоннажды өндіріс дегеніміз не?
Микробиологиялық синтездердің өнімдерін неше түрге бөледі?
Бірінші реттік метаболиттер дегеніміз не?
Микробтық трансформация үдерісі дегеніміз не жəне оның өндірістік маңызы қандай?
Микробтық трансформация үдерісіне негізделген қандай өндірістерді білесіз?
Медицина саласында қолданылатын қандай микробтық синтез өнімдерін білесіз?
Микроорганизмдерді дақылдауда қандай ерекшеліктер ескерілуі қажет?
Биотехнологиялық үдерістер қанша кезең арқылы жүзеге асырылады?
Ферменттеу алды кезеңінде қоректік орта мен биореакторлардың стерильді болуы не үшін қажет?
Ферментация үдерісі өткізілген ортадағы культуралды сұйықтығы құрамында қандай заттар кездеседі?
Қажетті өнімнің түріне байланысты жасушаларды алудың қандай əдістері бар?
Қажетті өнімнің түріне байланысты метаболиттер алудың қандай əдістерін білесіз?
Биореакторлар (ферментерлер) дегеніміз не жəне оны не мақсатта пайдаланады?
Биореакторлардағы үдерістер жақсы өтуі үшін қандай жағдайлар жасалуы қажет?
Өсірілетін дақылдар мен ондағы алынатын өнім түрлеріне байланысты биореакторларды қандай типтерге бөлуге болады?
Ферментаторлар қажетті энергия көздерінің жеткізілуіне байланысты қанша түрге бөлінеді?
Қазіргі кезде ашық типті фитобиореактор қандай мақсатта көптеп пайдаланыла басталды?
Биореакторларды стерилизациялау қалай жүргізіледі?
Жасушалық культураның бөгде микроорганизмдермен бұзылуы қалай аталады?
Бөгде микроорганизмдерден тазартқыш фильтрлердің қандай түрлері болады?
Себінді материалдар дегеніміз не?
Қажетті қасиеттері бар мутантты сұрыптап алуда қандай тəсілді қолданады?
Мутанттар дегеніміз не?
Мутагендермен өңдегенде қажетті қасиетері бар мутанттарды сұрыптап алуда қандай тəсілді қолданады?
Органикалық қышқылдың түзілуі қандай үдерістерге негізделеді?
Лимон қышқылы өндірісінде қандай саңырауқұлақтар штаммдары пайдаланылады?